туындыны жазудағы басты мақсаты – қазақ ұлтының күрескер ұлдары
мен аяулы қыздарын еліне таныстыру. Ақын поэманы қара қазақ пен
оқыған зиялы адамның диалогіне құрған. Екеуінің арасындағы пікір
алмасу арқылы сол тұстағы қазақ қайраткерлеріне сипаттама ретінде
мінездеме берілген. Ақын Шәкәрім Құдайбердиев, Ахмет
Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Әлімхан
Ермеков, Халел Ғаббасов, Нәзипа Құлжанова, Нұрғали Құлжанов, т.б.
қазақ халқының бір туар ұл-қыздарының тарихтағы орнын айқындап,
олардың атына жылы лебіздер білдіреді. Ақын мақсаты – құрғақ
мақтау емес, бұған керісінше, арыстардың еңбегін бағалап, елге
таныту, солар жайлы өз білетінін ортаға салу, олардың ісін кейінгі
ұрпаққа өнеге ету.
Ақынның іргелі жанрдағы кең құлашты қуатын танытатын көрнекті
поэмасы - " Адасқан өмір" (1918). Поэма "Мен – бала", "Мен –
жігіт", "Мен тоқтадым", "Мен – кәрі", "Мен – өлік" атты бес бөлімнен
тұрады. Мұнда жалғыз ғана кейіпкер бар, ол – лирикалық қаһарман –
"Мен". Оқиға осы "Мен" арқылы баяндалып, соның өмірге, қоғамға
деген көзқарасы арқылы сараланады. Бір ғұмырдың өмірге келгеннен
бастап, өмірден өткенге дейінгі пәнидегі тірлігі, түйсігі, ой-танымы
терең толғаммен жырланып, реалистік шындықпен суреттеледі.
Поэма жанрындағы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың келесі бір
күрделі шығармасы - "Кедей"(1919). Бұл – лирикалық поэма. "Адасқан
өмір" мен "Кедей " – бір-бірімен үндес, мазмұны мен идеясы
тұрғысынан бірін-бірі толықтырып тұрған шығармалар.
Жалпы, Сұлтанмахмұт Торайғыров поэмалары арқылы өзі өмір
сүрген дәуірдің көкейкесті мәселелерін көтеріп, замана, қоғам, адам
жайлы толғанысты түйіндер жасап, өркениетті идеяны қозғайтын
терең ойлы, жаңа мазмұнды шығармаларды дүниеге әкелді. Оның
поэмалары ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті көркемдік деңгейінің
биік белесі болып қала бермек
Достарыңызбен бөлісу: