Хх ғасыр басындағЫ Әдебиет электронды оқу құралы


Нарманбет Орманбетов (1860-1818)



Pdf көрінісі
бет25/58
Дата14.09.2022
өлшемі3,36 Mb.
#149483
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   58
Байланысты:
annotation124256

 
Нарманбет Орманбетов (1860-1818).
Қарағанды облысының 
Қарқаралы өңірінде дүниеге келген. Алдымен мұсылманша хат танып, 
соңынан Қарқаралыдағы екі сыныптық орыс-қазақ мектебін бітірген. 
Шығыс тілінің де, әдебиетінің де терең білгірі болған. Абайдың өзімен 
де, шығармашылығымен де жақсы таныс ақын. Өйткені әрі жерлесі, 
әрі руласы. Орыс тілін жетік білгендіктен де орыс, европа ақын-
жазушыларының шығармашылығымен, әдебиет өнер жайлы 
көзқарастарымен жақсы таныстығы бар. Әкесі би, шешен болған соң, 


кішкене күннен қасына ере жүріп, көп нәрсе үйренген. Өзі де 
шешендік өнерімен көзге түсіп, болыс болған кісі. “Тобықтының шегір 
көз, сары шешені” деген даңқы бар. Нарманбет 1918 жылы Қарқаралы 
қаласында уездік сот болып істеп жүрген кезінде ауыр науқастан 
қайтыс болады. Нарманбет өлеңдері Қазан төңкерісіне дейін 
толыққанды күйде басылып шықпаған, баспасөз беттерінде ғана 
жарық көрген. Ең алғашқы ақын таңдамалысын 1939 жылы 
Есмағамбет Ысмайлов жинастырып, бастырып шығарған. 
Е.Ысмайловтың айтуы бойынша Нарманбет Орманбетов өзінің 
алғашқы өлеңін 14 жасында шығарған. Бар ақынға тән жайт
Нарманбет басынан да өткен. Оның алғашқы өлеңдері жастық өмір, 
махаббат тақырыптарына арналған (“Бірінші хат”, “Екінші хат” т.б.). 
Бірақ Нарманбет бұл тақырыптарға көп тұрақтай алмаған, оны 
негізінде әлеуметтік мәселелер, азаматтық сарындар толғантқан. Яғни 
оның шығармашылығының басты тақырыптары ағартушылық, 
азаматтық, ел тәуелсіздігі, саяси күрескерлік. 
Ақынның ғылым-білімге, ағартушылыққа үндеген өлеңдері өте көп. 
Бұндай тақырыптағы өлеңдерінде (“Ғылым туралы”, “Ақыл бір 
алтынға ұқсас доп-домалақ” т.б.) оқу-білімнің, ғылымның, білімділік 
пен ақылдылықтың адам өміріндегі орнын өте жоғары қояды. 
Ақынның өмірдің түрлі құбылыстарын саралай отырып, өзінің ішкі 
толғаныстарын арқау еткен сан алуан өлеңдері (“Қасірет деген бір тау 
бар”, “Көпті көрген көнемін” т.б.) бар. Ақын өлеңдерінде көбіне 
өмірдің нақты шындығын көркем бейнелеуге және оны философиялық 
ой-тұжырымдармен түйіндеуге ұмтылады (“Балалық күй”, “Шал 
қайғысы” т.б.). 
Нарманбет поэзиясының басты жетістіктерінің бірі – онда 
отаршылдыққа қарсы үн көтерген азатшылдық сарынның көрініс 
табуы. Ол – орыс отаршылдығының кесір-кесапатын терең ұғып, 
еркіндік жырын жырлаған ақын. Отаршылдық тұмшалаған сананың 
оянуын тілеп, “Оян, қазақ!” деп алғаш ұран көтерген осы Нарманбет 
ақын. 1905 жылғы дума сайлауы тұсындағы еркіндікте “Талап етер күн 
туды, кел ұйқыдан тұрайық” (“Сахараға қарасақ”) деп, алғашқы боп 


сөз бастады. Азатшылдық тұрғысынан келгенде Нарманбеттің мақсаты 
айқын, бағыты анық. Ол – тек азаттыққа қол жеткізу. Кей-кейде 
ақынның бұған күмәнмен қарайтын тұстары да бар. Ондайда қайғы-
мұңға беріліп, зар заман ақындарының сүрлеуіне түсіп кетіп, шыға 
алмай қалып жатады. “Өтті-ау дәурен, Аңдып сырт, кетті-ау көңіл 
тына алмай” деген өлең жолдары осының куәсі. Бірақ бұл сарын 
Нарманбетте өте аз кездеседі. Себебі ол – ел басындағы қасіретке кім 
кінәлі екенін тап басып тани білген ақын. “Айырылып қалдық 
қоныстан, Бекініп низам шықпай тұр, әлі бізге орыстан” (“Аждаһаның 
аузында”) деген өлең жолдарында Нарманбет отаршылдық тұтқасы 
кімнің қолында екенін ашық та анық айтқан. 
Нарманбет – шығармашылық болмысы терең, өнерпаздық өрісі кең 
ақын. Алуан түрлі тақырыптар ішінде ақынның жанына жақыны – 
азатшылдық күрес тақырыбы. Жалпы ұлт-азатшылдық бағыттың 
бастау көзінде осы – Нарманбет Орманбетов тұрғаны анық. Оған 
ешкімнің таласы болмауы керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет