Хх ғасыр басындағЫ Әдебиет электронды оқу құралы


Бекет Өтетілеуов (1883-1949)



Pdf көрінісі
бет20/58
Дата14.09.2022
өлшемі3,36 Mb.
#149483
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   58
Байланысты:
annotation124256

 
Бекет Өтетілеуов (1883-1949). 
Қостанай өңірінде дүниеге келген. 
Орысша оқып, орыс мәдениетін, орыс әдебиетін жете меңгерген. 
Орыстың реалистік әдебиетінен нәр алып, аудармамен айналысып
ұстаздық қызметі мен аудармашылықты ағартушылық жолына 
пайдаланды. А.Пушкин, М.Лермонтов, К.А.Жуковский т.б. аударған 
өлеңдерінде көркемдік белгілер бар. И.А.Крыловтан (“Көкек пен 
көгершін”, “Мұжықтар мен өзен”, “Ысырапқор мен Қарлығаш”, 
“Бұлбұлдар”, “Бала мысық пен қара торғай”, “Бүркіт пен өрмекші”, 
“Бай мен етікші”, “Түлкі мен жеміс”, “Піл мен қанден”, т.б.), 
И.И.Хемницерден (“Құмырсқа мен дән”) аударған мысалдарынан 
өзіндік қолтаңбасы танылады. Б.Өтетілеуов аудармалары түпнұсқаға 
өте жақын. Аудармаларын көбіне қазақы өлең жүйесіне салып 
жасайды. Сондықтан да көбіне түпнұсқаның өлең құрылысын сақтай 
бермейді. Б.Өтетілеуовтің “Дүние ісі ақыретке кетпес” (Қазан, 1912), 
“Жиған-терген” (Орынбор, 1914) жинақтарының қазақ әдебиетінен 
алар өзіндік орны бар. 
Оның төл туындыларында ағартушылық бағыт басым боп келеді. 
Ақын әлеуметтік теңсіздік көре білді. Байлардың озбырлығын, 
надандығын әшкереледі (“Қазақтың байлары мен нашар көршілері” 
т.б.). Елдің қараңғылық күйіне жаны күйзеліп, оқу-білімге шақырды 
(“Болғанда сыртың бүтін, ішің түтін” т.б.). Жаман, кертартпа 
қасиеттерден жиренуге, жақсы қасиеттерді үйренуге үндеді 
(“Данышпан қазы” т.б.). Бір қатар өзіндік шығармаларында ой оятар 


пікір мол кездесіп, көркемдік деңгейі жоғары болып келеді (“Өмірдің 
үш басқышы”, “Хат”, “Жалғыздың өмірі”, т.б.). 
Б.Өтетілеуов шығармашылығына тән басты белгі – барлық 
шығармалары ағартушылық оймен ұштасып жататындығы. Ақын 
Қазан төңкерісінен кейінгі алмағайып заманда шығармашылықты 
біржола доғарып, ұстаздық еңбекпен айналысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет