Хх ғасыр басындағЫ Әдебиет электронды оқу құралы


Міржақып Дулатов (1885-1935)



Pdf көрінісі
бет28/58
Дата14.09.2022
өлшемі3,36 Mb.
#149483
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   58
Байланысты:
annotation124256

 
Міржақып Дулатов (1885-1935). 
Міржақып Дулатов 1885 жылы 
25 қарашада Торғай уезінің Сарықопа болысының бірінші 
ауылында (қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданы) туған.
1910 жылы Қазаннан "Бақытсыз Жамал" романын, ал 
1913 жылы Орынбордан "Азамат" өлеңдер жинағын, 1915 жылы 
"Терме" деген әдеби-публицистикалық кітабын шығарады. 
М. Дулатовтың азаматтык тұлға ретінде, әрі шығармашы-өнерпаз, 
көсемсөзші
 
ретінде қалыптасуына "Қазақ" газетінде Ахмет 
Байтұрсыновпен тізе қоса енбек еткен жылдар игі әсерін тигізді.
Міржақып Дулатов шығармашылығының тырнақалдысы – "Оян, 
казақ!" атты өлендер жинағы. Осы алғашқы туындысының өзінен-ақ 
ақынның мақсаты мен беталысы айқын аңғарылады. Жалпы алғанда, 
ұлтының азаттығын аңсаған азамат ақының «Оян, қазақ» атты 
жинағындағы өлеңдері, негізінен, саяси-әлеуметтік тақырыпқа 
жазылған. Өлеңдерінің басым көпшілігі – патша өкіметінің 
отаршылдық, озбырлық саясатын әшкерелеуге арналған саяси 
лирика. Ендеше, Міржақып – ұлтына еңбек етудің үлгісін 
танытқан, ұлт азаттығына бар саналы ғұмырын арнаған, осы 


бағытта талай тағдыр талқысына түсіп, соның бәрін туған елі үшін 
мойымай көтерген азамат ақын.
Ақынның «Азамат» жинағындағы өлеңдері езілген елінің, еркіндік 
көксеген халқының мұңлы күйін суреттеп, ар намысын оятуға, көңіл 
көзін ашуға арналған. Бұл жинақта ел мұңын жоқтаған ақынның өр 
үнін жеткізер өлеңдер молынан орын алған.
Ақынның үшінші жинағы «Терме» 1915 жылы Орынборда жарық 
көреді. 
Жалпы, Міржақып Дулатов поэзиясы қазақ әдебиетінде алғаш рет 
азатшыл сарынды алып келуімен, өршіл үнді азаматтық пафосымен 
ерекшеленеді.
Міржақып Дулатов шығармашылығының ең бір биік белесі – 
прозадағы шоқтығы биік жанр – роман жазуы. Ол 1910 жылы Қазанда 
басылып шыққан "Бақытсыз Жамал" романы еді. 
 
Міржақыптың "Бақытсыз Жамал" романының тақырыбы – ХХ 
ғасырдың 
басындағы 
қазақ 
ақын-жазушыларының 
көбінің 
шығармашылығына арқау болған - әйел теңсіздігі.
Романның бас кейіпкері - Жамал. Романдағы өзге кейіпкерлер 
Жамал тағдырына байланысты көрініп отыратын әкесі – жуас 
Сәрсенбай, шешесі – нәзік жанды, ақылды Шолпан, айттырған күйеуі – 
"таз Жұман", дала шонжары – қатыгез Байжан, сүйген жігіті - Ғали. 
Шағын көлемді романда сол тұстағы қазақ өмірінің айнасы 
дерліктей мазмұн бар. Романды оқи отырып қазақ даласындағы 
қоғамдық-әлеуметтік өмірмен, қазақ халқының сол замандағы тыныс-
тіршілігімен көркемдік шындық арқылы танысамыз. ХХ ғасырдың бас 
кезінде қазақ әдебиетін алғаш зерттеуші Сәбит Мұқановтың 1932 
жылы шыққан «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті» деп аталатын еңбегінде: 
«Бұл роман бірінші жақтан әйел бостандығын жырласа, екінші жақтан 
ескі дін, ескі салт, ескі әдетке қарсы шыққан роман. Бұл қазақтың
жаңа байларының жаңашылдық сойылын соғып шыққан роман. 
Сондықтан роман қазақ арасында көп тарап, елдің жаңашылдарының 
аузында аяттай жатталып жүрді. Жамал болғысы келген, Жамалға 
ұқсағысы келген талай ауыл қыздарын көзіміз көрді. Ғали ауыл 


жігітіне үлгі бола алған жоқ. Жамал ауыл қызына үлкен үлгі болды. 
«Бақытсыз Жамалға» еліктеп «Мұңлы Мариям» (Сәлім Кәшімұлынікі) 
сияқты романдар шықты. «Бақытсыз Жамал» соңғы кезге дейін көп 
жазушының темасына үлгі болды», – деп жазды.
Міржақып Дулатов шығармашылығы ХХ ғасыр басындағы қазақ 
әдебиетін жаңа белестерге жетелеген, түрі жанарларға түрен салаған 
жемісті еңбек. Ол – азатшыл әдебиеттің аса көрнекті өкілі ретінде 
қазақ әдебиеті тарихынан өз орын ойып алатын тұғырлы тұлға. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет