Хх ғасырдағЫ Қазақ Әдебиеті дамуының алғАШҚы кезеңі электронды оқу құралы


І БӨЛІМ  ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАС КЕЗІНДЕГІ ӘДЕБИЕТ



Pdf көрінісі
бет4/109
Дата08.02.2022
өлшемі2,83 Mb.
#119301
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   109
Байланысты:
treatise124489

І БӨЛІМ 
ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАС КЕЗІНДЕГІ ӘДЕБИЕТ 
ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті шартты түрде 1900-1920 
жылдар аралығындағы мерзімді қамтиды. Бұл кезеңдегі әдебиетке тән 
өзіндік ерекшеліктер мол. Алдымен, ХХ ғасыр бас кезіндегі әдебиет 
жалпы қазақ әдебиеті тарихындағы ең бір жемісті де түрлі ізденістерге 
толы кезең болып табылады. 
ХХ ғасырдың басы – қазақ халқы бүкіл қоғамдық ой-пікірдің 
жаңаша өрлеуіне бағыт алып, Ресей патшалығы тұмшалаған ой-
сананың ояну дәуіріне жол ашқан кезең. Ендеше ұлттық сананың 
өркенді саласы әдебиеттің күрт алға басуы, қоғамдық ой-сананың 
көрсеткіші ретіндегі қазақ баспасөзінің осы кезеңде дүниеге келуі – 
дәуір талабы әкелген өзгеріс. Бұл тұста Абай дәстүрін 
жаңашылдықпен дамытқан Шәкәрім шығармашылығы өзіндік биігіне 
көтерілсе, Ахмет, Міржақып, Сұлтанмахмұт, Мағжан т.б. тәрізді 



бірегей таланттар көркемдік деңгейі жоғары туындыларын жариялай 
бастады.
Қазақ кітаптарының даму тарихына арналған еңбектерде ХХ 
ғасырдың бас кезінде қазақ кітаптарының сапалық жағынан да, сандық 
жағынан да күрт өсуі дәлелді айтылған. Мәселен, зерттеуші Ә. 
Жиреншин 400 кітап атауы мен 180 басылымды атаса, кітап шығару 
ісін тереңдей зерттеген С. Есова, У. Суханбердина, Д. Сейфуллиналар 
480 кітап атауы мен 720 басылымды көрсетеді.
Абай, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Көпеев, Ғ. Қарашев, М. 
Қалтаев, т.б. кітаптарын қазақ жұрты қызыға да құмарта оқыды. 
Қоғамдық өмірдің және әлеуметтік дамудың айнасы баспасөз десек, 
ХІХ ғасырдың аяқ шенінде шыға бастаған отаршыл әкімшіліктің 
«Түркістан уалаяты», «Дала уалаяты» секілді қазақ тілінде қосымшасы 
бар ресми газеттерімен бірге, ХІХ ғасырдың басында жаңа сипаттағы 
еркін басылымдар дүниеге келді. «Серке» (1907ж.), «Қазақстан» (1911-
1913ж.ж.), «Ешім даласы» (1913ж.) газеттері, М.Сералин шығарған 
«Айқап» (1911-1915ж.ж.) журналы және А.Байтұрсынов шығарған 
жалпы ұлттық қоғамдық-саяси һәм көп тиражбен тараған «Қазақ» 
(1913-
1918ж.ж.) газеті қазақ ұлтының саяси-әлеуметтік ой-санасына 
түрткі салып, мәдениет рухын септі.
ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ даласында оқудың екі түрі болды. 
Біріншісі мұсылмандық оқу деп аталады. Ол араб әліпбиімен 
оқытатын мектептер еді. Ғасыр басында ескі қадим әдісі жойылып, 
жаңа «жадид» атты пән негіздерін оқытатын әдіс белең алды. 
Қазақтың көп зиялылары, ақын- жазушылары әуелде осы 
мектептерден білім алды..
Сондықтан да орысша білімі бар қазақ зиялылары сан жағынан 
алғанда, Орта Азияны мекендеген халықтар ішінде біршама жоғары 
тұрған болатын. Ал осы зиялылардың көпшілігі өздерінің 
ағартушылық, қоғамдық қызметтеріне қоса, қаламгерлікті серік етті. 
Олар 
әртүрлі 
аударма 
шығармалары, 
төл 
туындылары, 
публицистикалық еңбектері арқылы халыққа ой салып, қоғамдық- 
әлеуметтік өмір шындығын аша білді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   109




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет