Хх ғасырдағЫ Қазақ Әдебиеті дамуының алғАШҚы кезеңі электронды оқу құралы


ХХ ғасырдың бас кезіндегі жанрлық ізденістер



Pdf көрінісі
бет6/109
Дата08.02.2022
өлшемі2,83 Mb.
#119301
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   109
Байланысты:
treatise124489

ХХ ғасырдың бас кезіндегі жанрлық ізденістер. 
Үлкен 
әлеуметтік
 
тақырыптарды дәуір талабына лайық суреттеуде қазақ 
әдебиетінің алдында кесек те күрделі шығармалар жазу қажеттігі туды. 
Осыған орай қазақ ақын-жазушылары іргелі жанрға бет бұра бастады. 
Поэзия жанрында М.Сералиннің «Гүлкәшима», «Топ жарған», 
С.Торайғыровтың «Кедей», «Адасқан өмір», М.Жұмабаевтың 
«Қорқыт», «Оқжетпестің қиясында», «Батыр Баян», т.б. дүниеге келді. 
Олардың тақырыптары әртүрлі еді. Мәселен, «Гүлкәшимаға» әйел 
теңсіздігі арқау болса, «Топжарған», «Оқжетпестің қиясында» 
поэмаларында Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтеріліс жырланды. 
С.Торайғыров поэмаларында әлеуметтік теңсіздік, адамның қоғамдағы 
орны мәселелері көтерілді. 
Қазақ әдебиетінде прозаның күрделі жанры – 
роман 
ХХ ғасырдың 
басында пайда болды. Қазақ қаламгерлері дәуірдің аса күрделі 
мәселелерін басты тақырып етіп алып, оларды мейлінше терең ашып 
көрсетуге тырысты. М. Дулатовтың «Бақытсыз Жамал», С. Көбеевтің 
«Қалың мал», С. Торайғыровтың «Қамар сұлу» сияқты романдары – 
жас прозамыздың даму деңгейін белгілейтін шығармалар. Осы 
туындылардың басты кейіпкерлері: Жамал, Ғайша, Қамар бейнелері – 
сол кездегі қазақ қыздарының іс-әрекетін, мінез-құлқын, бүкіл 
болмысын тануға мүмкіндік беретін типтік образдар. Бұл романдарда 
біраз көркемдік жетістіктерге қол жеткізілді.
Ол кездегі прозамыздың үйрену, қалыптасу сатысында екенін еске 
алсақ, олардың ортақ жетістігі роман жанрының алғашқы 
қарлығаштары болуымен бірге замана шындығын ашып көрсетіп, 
кейінгі өскелең прозамыздың дамуына игі әсерін тигізуінде. 
Жаңа ғасыр бас кезіндегі өзекті мәселелерді көркем өнерде 
бейнелеуге әдебиетіміздегі тың да тосын жанрлардың бірі драматургия
 
қосылды. Қазақ драматургиясының тырнақалды туындылары 


10 
жазылған сәттен-ақ қолданысқа түсіп, далалық сипаттағы шағын 
сахналарда қойыла бастады.
Қай ұлттың болсын, қазіргі кемелденген драматургиясы бүгінгі 
күйінде өмірге келе қоймағаны белгілі. Қазақ драматургиясы да бүгінгі 
жеткен биігіне сан қилы қиындықтар арқылы келді. Мұнда, ең 
алдымен, ауызға ілінері – Б. Серкебаевтың«Жер дауы» (1912), «Қызыл 
бұзау» (1913), «Бақсы» (
 
1914), «Әйел теңдігі» (1915), «Ғазиза» 
(1915),Көлбай Тоғысовтың «Надандық құрбаны» (1915), Алматы 
уезінің начальнигі А.И. Лихановтың «Манап» драмасы (1913). 
«Надандық құрбаны» қазақтың ескілікті надандық заңының ішкі 
сыр- сипатын әшкерелеп, халықты өнер-білімге шақыру міндетін – 
ислам дінінің кертартпалық қырын ашу, халықтың озық ойына өре 
салып, сана-сезімін улап келген дүмше дін иелерінің ұнамсыз іс-
әрекетін сынау, әшкерелеуді басты проблема етіп қойған ағартушылық 
бағыттағы шығарма болды. 
ХХ ғасыр басында әдебиеттің құлашын кеңге жайып, өркендеуіне 
қазақ баспасөзінің дамуы ең басты қозғаушы күш болғанын атап 
өтуіміз керек. «Айқап», «Қазақ», «Қазақстан», «Ешім даласы» сияқты 
баспасөз беттерінде әдебиетіміздің ірілі-ұсақты өкілдері өз 
шығармаларын жариялап отырды. Бұл басылымдар өз кезегінде жаңа 
шығармаларға сын айтып, бағыт берді. 
А.Байтұрсыновтың «Қазақтың бас ақыны», «Әдебиетімізге көз 
салу», «Роман не нәрсе?», «Білім жарысы», Ә.Бөкейхановтың «Сын», 
«Қара Қыпшақ Қобыланды», «Қалқаман - Мамыр», М.Дулатовтың 
«Абай», «Манап драмасы», «Надандық құрбаны», С.Торайғыровтың 
«Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан», «Өлең мен айтушылар», 
Р.Марсековтың «Әдебиет жайынан» тәрізді әдеби-танымдық 
мақалалары мен сын-рецензиялары осы басылымдарда жарық көрді.
Қорыта айтқанда, ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ жазба әдебиеті 
мейлінше өркен жайып, биік жетістіктерге қол жеткізді. Осы кезеңде 
идеялық-көркемдік ізденістер кеңінен дамып, қазақ әдебиеті жанрлық 
тұрғыдан байи түсті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   109




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет