70
кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті сол қоғам ұстанған саяси -әлеуметтік
идеологияның жетегінде болғаны анық.
Дегенмен, олардың көбінде
тарихи шындық жазушы қиялы арқау болған көркемдік шешім арқылы
ажарлана түсіп, шынайы өнер туындылары да дүниеге келіп жатқанын
әсте естен шығаруға болмайды.
С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлин сынды әдебиет
алыптарының
шығармашылығында
кеңестік
өмір
көбірек
жырланғанымен, шындығына келгенде, шығармашылық болмыс жеңіп
кетіп, ақын-жазушылар өз туындыларында
көркемдік шындықтың
еркіне бағынып, өнер табиғатының құдіретіне бағынды. Олардың
кейін 37- жыл зобалаңына ұшырауына да көбіне осы бір
шығармашылық тұлға ретінде өнер шындығының еріктен тыс қатал
заңдылығына бағынғандығы «кінәлі» еді.
Өйткені олар тума талант,
шын дарындар болатын. Сондықтан да өнер заңдылығын бұзуға ары
бармағаны анық.
Қорыта айтқанда, ХХ ғасырдың алғашқы кезеңіндегі қазақ әдебиеті
–
шын мәніндегі алтын ғасыр әдебиеті. Ол – қазақ әдебиеті дамуы
тарихындағы жазба әдебиеттің мейлінше дамыған,
ең бір өркенді де
өскелең кезеңі. Ол - алдыңғы дәуірлерді жаңашылдықпен дамытқан,
кейінгі кезеңге дәстүр ретінде жаңа серпін берген өміршең әдебиет.
Достарыңызбен бөлісу: