Хх ғасырдағЫ Қазақ Әдебиеті дамуының алғАШҚы кезеңі электронды оқу құралы



Pdf көрінісі
бет55/109
Дата08.02.2022
өлшемі2,83 Mb.
#119301
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   109
Байланысты:
treatise124489

Драматургиядағы ізденістері. 
Бейімбет- қазақ драматургиясының 
негізін қалаушы жазушылардың бірі. Қазақтың ұлттық таетры 
ашылған жылы Бейімбеттің 1920 жылдары жазылған «Шаншар 
молда», «Ауыл мектебі» атты екі комедиясы театрдың репетуарынан 
орын алады. Кейінірек Бейімбет «Көзілдірік», «Неке қияр», «Қос 
қақпан», «Жасырын жиылыс», «Келін мен шешей» секілді бір екі 
актілі күлкілі водевильге ұқсас ұсақ жанрлы шығармаларында жазды. 
Бұларда ауыл аумағындағы кейбір өрескел қылықтар, ескіліктің, 
надандықтың сарқыншықтары кейде жеңіл күлкіге, кейде уытты 
сатираға ілігеді.
 
Оның драматургия саласындағы асқан талантымен үлкен шеберлігі, 
әсіресе, отызыншы жылдардағы шығармаларында ерекше байқалады. 
Осы кезде жазушының қаламынан туған «Аманкелді», «Жалбыр», 
«Біздің жігіттер», «Майдан», «Талтаңбайдың тәртібі», «Шұға» атты 
көлемді де көрнекті шығармалары – қазақ әдебиетінің драматургия 
саласындағы үлкен табысы. 
Бейімбет Майлиннің отызыншы жылдардағы драматургиясының 
негізгі тақырыбы – 1916 жылғы ұлт азаттық қозғалысы 
(«Жалбыр»атты операға жазылан либеретто), қазан революциясы мен 
азамат соғысының қазақ даласындағы көрінісі («Амангелді», «Біздің 
жігіттер»), ауыл кедейлерін колхозға ұйымдастыру мәселесі
(«Майдан», «Талтаңбайдың тәртібі»), әйел бостандығы («Шұға»). 
Б.Майлиннің осы тақырыпқа жазған екінші бір үлкен сатиралық 
шығармасы – «Майдан»пьесасы. Мұндағы қызықты да тартымды 
жасалынған көркем образдың бірі – Зәуре. Зәуре де Кеңес заманы 
тұсында сауатын ашқан әйел. Драматург Зәуренің өсу жолдарын да 


68 
әдейі суреттейді,ол жаңа құрылысқа тікелей араласқан белсенді 
әкімдердің бірінен саналады. Пьесаның алғашқы көріністерінде Зәуре 
үй – ішінің кішігірім шаруасына жетік, қарапайым әйел. Ол күйеуі 
Әліштің ақ көңіл аңқаулығын да жақсы біледі, сол үшін де оны қатты 
қадірлеп құрметтейді. Оқиға тартысы үстінде әрбір көрініс сайын оның 
ширай түскенін сеземіз. 
Пьесадағы Бекболат,Көдебай,Мамық,Демесін тәрізді ұнамсыз 
кейіпкерлердің бейнелері қызықты штрихтарымен шынайы 
бейнеленген. 
«Майдан» – Бейімбет драматургиясындағы шоқтығы биік, 
көркемдігі жоғары, құнды пьеса. 
Қорыта айтқанда, Бейімбет Майлин – қазақ әдебиетінің барлық 
жанрының да негізін қаласқан, үлкен суреткер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   109




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет