Хх ғасырдағЫ Қазақ Әдебиеті дамуының алғАШҚы кезеңі электронды оқу құралы



Pdf көрінісі
бет37/109
Дата08.02.2022
өлшемі2,83 Mb.
#119301
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   109
Байланысты:
treatise124489

Мағжан ЖҰМАБАЕВ
(1893 – 1938) 
 
Шығармашылық өмір жолы.
Қазақ поэзиясында лирикасы 
сыршыл, поэмаларында көркемдік пен ойшылдық қат-қабат келіп 
жататын, әдебиет әлеміне өшпес мұра қалдырған ұлы ақын – Мағжан 
Жұмабаев. Ол 1893 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, М. 
Жұмабаев ауданының Мағжан ауылында дүниеге келген. Үлкен атасы 
Қажы атанған Жұмабай болса, өз әкесі Бекен де ел ішінде беделі зор, 
ауқатты, болыс болған адам. Және оның жас кезінде ақындыққа 
әуестеніп, серілік құрумен, өжет те пысық, әрі өнерпаздығымен де аты 
шыққан.
 
Мағжан 1911–1912 жылдары Уфадағы атақты "Ғалия" медресесінде 
оқиды. Сол тұста татар жазушысы Ғалымжан Ибрагимовпен танысып, 
ақындық өнер жолына бір жола бет бұрады. Мағжан алғашқы өлеңін 
12 жасында жазды деген дерек бар, бұл –1905 жыл. Жеті жылдан кейін 
ақынның "Қазақтың кешегі күні" өлеңі тұңғыш баспа жүзін көрсе, көп 
ұзамай "Шолпан" атты өлеңдер жинағы жақсы өлеңге жаны құмар 
қазақ оқырманының жүрегінен жылы орын тапты. 1937 жылғы 30 
желтоқсанда қайтадан тұтқынға алынады. Осы тұтылғаннан қайтып 
құтылмай, сталиндік репрессияға ілінген ақиық ақын жазықсыздан 
жазықсыз 1938 жылы 19 наурызда атылады.
Мағжан – сыршыл ақын. Сыршылдық, әсіресе, оның махаббат 
тақырыптарына жазған өлеңдерінде өзгеше көзге түседі. Мағжан 
поэзиясының тақырыбы да әр алуан. Өзі өмір сүрген жаңа ғасыр 
басында Мағжан бармаған, ол жырламаған тақырып жоқ деуге болады, 
бірақ бәріне ортақ желі біреу ғана болды, ол – елінің тағдырына 


50 
ортақтастықты білдіру. "Ләззат қайда", "Жазғы таң", "Зарлы сұлу", 
"Туған жерім Сасық көл", "Балалық шақ", "Қазағым", т.б. жырларынан 
кемел ойлар ұғылып, бір сәтке де елін естен шығармайтын ұлтжанды 
жас ақын жүрегінің тебіренісі сезіледі. 
 
Мағжанның терең толғаныс, ішкі қайшылықтың толқынысынан
туған торығу сипатты мұңлы сарындағы өлеңдеріне: "Мен сорлы", 
"Жар", "Жаралы жан ", "Алыстағы бауырыма", "Батқан күн", "Атқан 
таңның жыры", "Бүгінгі күн өмір, өлім – менікі", "Сарғайдым", 
"Өмір", "Қысқы жолда", "Жазғы жолда", "Жиегінде қара орман", 
"Алдамшы өмір", "Күзді күні", "Мені де, өлім, әлдиле", және т.б. 
жатады. 
Жалпы, Ж. Аймауытов айтқандай, "сыртқы түрі бейнешілдік, ішкі 
түрі күйректік, жылауықтық, (сентименталдық) әдісте жазылған" 
Мағжанның өлеңдерін шартты түрде солай дегеннің өзінде екі топқа 
бөліп қарастыру қажет сияқты. Бірінші топқа Мағжанның "Қысқы 
дала", "Жазғы дала", "Қараңғылық қоюланып келеді", т.б. өлеңдері 
жатады. Бұған басты себеп – бұл өлеңдер де тақырыптық, сарындық 
ұқсастықтың болуы, халқының мұңын жоқтау көрініс тапқандығы, 
оны бейнелеп те бедерлеп бергендігі. Бұларда жинақтық, жалпылық 
мұң басым. Екінші топқа Мағжанның өз басындағы қайғы-қасіретпен 
ұштасып жатқан өлеңдер жатады. Бұлар: "Мені де, өлім, әлдиле", "Ой", 
"Күзді күні", "Алдамшы өмір", "Алъбомға", "Жел", "Сағындым", 
"Сарғайдым", "Түс", "З-ға", "Бүгінгі күн өмір, өлім - менікі", т.б.
ХХ ғасырдың басында әдебиет әлемінде қатар қанат қаққан 
ақындардан Мағжан Жұмабаевтың басты ерекшелігі өлең өрімінің 
өзгеше сұлулығы мен саздылығында, ырғақ пен әуезділік үрдісінің 
жаңа үйлесім табуында. 
Мағжан туған табиғатты жырлап, кіршіксіз тазалықты содан 
іздейді. Ақынның шерлі жүрегі содан ғана тағат тапқан. 
Ақынның табиғатты жырлаған өлеңдері:"Қайық", "Жел", "Толқын", 
"Көкшетау", "Алатау", "Жазғытұры", "Күз", т.б. Осы Толқыннан 
толқын туады, тақырыптағы озық үлгідегі өлеңнің бірі "Толқын". 


51 
Мағжан өлеңдеріндегі сұлу сезім оның махаббат тақырыбындағы 
өлеңдерінен айырықша сезіледі. Ақынның мөлдір сезімі жан сыры 
арқылы өріліп, өлең жолдарына өзгеше өрнек салады. 
Мағжан – қазақ поэзиясында өзіндік жаңашылдығымен дәстүр 
қалыптастырған, соны ізденістер арқылы өзінің ақындық 
өнерпаздығына ғана тән әдеби әдістер әкелген ақын. Ахмет 
Байтұрсынов ХХ ғасыр басындағы поэзияға азаттық сарынды арқау 
етсе, Мағжан қазақ лирикасына сыңғырлаған нәзік әуез нәрін құйып, 
ұлттық рухты ұлттық сезімнен қуат алған өзгеше үнмен жырлады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   109




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет