Хх ғасырдағЫ Қазақ Әдебиеті дамуының алғАШҚы кезеңі электронды оқу құралы



Pdf көрінісі
бет39/109
Дата08.02.2022
өлшемі2,83 Mb.
#119301
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   109
Байланысты:
treatise124489

"Батыр Баян" поэмасы.
Поэманың ең басты жетістігі – Баян 
батырдың шындықтан сомдалған шынайы көркем образының 
жасалуы. Ол – Сыздықтай, Кенесарыдай, Қорқыттай, Қойлыбайдай 
аңызбен астасып, ертегімен етене байланысып кеткен бейне емес
өмірдің реалды шындығынан жаралған толыққанды тұлға. Батыр Баян 
бейнесі оқырманға бірте-бірте ашылғанмен, ә дегенде-ақ, өзіне ерекше 
тартып, өзгеше қызықтырады. 
 
Бір жорықта қолға түскен қалмақ қызының аянышты тағдыры 
поэманың сюжеттік желісінің біріне айналған. Сөйтіп, қолға түскен 
қалмақ қызына Батыр Баянның туған інісі Ноян ессіз ғашық болады. 
Екі жас уағда бойынша қалмақ еліне қашуға тәуекел етеді. Бұған қатты 
күйінген Батыр Баян ашу үстінде екеуін де өлтіреді. 
Мағжан шеберлігінің сыры - тарихи шындық пен көркемдік 
шындықты жымдастырып жіберуі. Ел аңызы мен ақын қиялы бірін-
бірі толықтырар бірлік тауып, шығарманың шыншылдығын бекіте 
түседі. 
Жалпы алғанда, Мағжан шығармашылығы – қазақ поэзиясына 
өзгеше леп әкелген соны шығармашылық ізденіс жемісі. Қазақ 
оқырманы Мағжан поэзиясын енді ғана тұщына оқып, «мың 
қайталап», жанына рухани ләззат тауып жатуының сыры осында. 
Қазақ әдебиеттану ғылымы оның ұлт ақыны ретіндегі ұлылығын енді-
енді тану жолына түсті. Мағжантану мәңгіге жалғаса бермек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   109




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет