Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет124/444
Дата17.11.2023
өлшемі3,59 Mb.
#191774
түріОқулық
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ.
 
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
жоймаған, ғылыми жүйедегі біртұтас 
классификация жасап шығады. Бұл 
салыстыра қарағанда анық көріне ді, 
М. Әуезов пен Х. Досмұхамедов те 
қыз ұзатуға байланысты жырлар мен 
мұң-шер өлеңдер бөлек жанр болып 
жүрсе, С. Сейфуллин оларды «салт 
өлең-жырлар» деп топтастырып, 
оған той бастар, сыңсу, жұбату мен 
үгіт, айт келін, өсиет өлеңдер сияқты 
жаңа түрлер қосады. Сол сияқты дін 
салтына байланысты жыр ларға бәдік 
пен алдау-арбау, жал барыну өлең-
дерді кіргізеді. С. Сей фуллин класси-
фикациясының жаңашылдығын көр -
сететін жері төрт түлік малға байла-
нысты жырларды «мал туралы және 
«қадірлі» жануарлар туралы әңгіме, 
өлең, күйлер» деп жанр түрі ретінде 
енгізілуі. Жоғарыдағы екі авторда 
бұл кездеспейді және Сейфуллин 
жариялаған нұсқалар қазақ фолькло-
ристикасында әлі күнге дейін айты-
лып келе жатыр. Сондай-ақ «жастық 
ойын-күлкі өлең, тақпақтары» бала-
лар фольклорынан терең мазмұндағы 
өте бай материалды ұсынады. Бұл 
бұрынғы жүйеге бөлуде жоқ, бірақ 
Сәкен классификациясында айтыс 
өлеңдер, жұмбақ, тарихи жырлар 
кір мей қалған. С. Сейфуллиннің осы 
классификациясы қазақ фольклорис-
тикасы ғылымындағы кейінде жа-
зылған ғылыми-зерттеу еңбектерде 
нақтылана түскені мәлім. Әйтседе 
осы жүйелеу мен фольклорлық 
шығармаларды топтастыру, жан-
жақты әдеби талдау жаса мәні зор 
жаңалық еді. Сондықтан «Қазақ әде-
биеті» оқулығының маңызы «оның 
белгілі бір дәуірде атқарған тари-
хи қызметімен өлшенеді. Ол қазақ 
әдебиетінің тарихын жүйелі түрде ба-
яндап, ғылымдық тұрғыда бағалауға 
тырысқан автордың батыл қада-
мын танытады». С. Сейфуллин әде-
биет тарихын зерттеуге жасаған осы 
қадамы арқылы қазақ фольклорын 
заман талабына сай маркстік-ленин-
дік әдіснама тұрғысынан зерттеудің 
не гізін салып берді. Сол себептен 
С. Сейфуллиннің «Қазақ әдебиеті» 
атты оқу құралы – «Қазақ әдебиетінің 
тарихын зерттеу жөнінде тұңғыш мо-
нография болып табылады. Әдебиет 
тарихын және оның қалыпта сып, 
даму кезеңдерін азаматтық тарих-
қа байланыстыра зерттеу, әдебиеттің 
жанрлық, көркемдік ерекшелікте-
рін айқындай баяндау, әдебиеттің 
таптық, әлеуметтік сипатын көрсету, 
т.б. жөнінде Сәкеннің бұл еңбегі өз 
кезінде ерекше роль атқарды. Әдебиет 
тарихын кейінгі зерттеушілерге ой 
салды, үлгі болды. Жалпы әдебиет 
зерттеу ғылымына қосылған зор үлес 
болды. Бұл кітап бүгінгі өскелең 
ғылым үшін де қымбат, бағалы болып 
қала бермек!» [38].
Қорыта айтар болсақ, «Қазақ әде-
биеті» атты оқу құралы си па тындағы 
ғылыми зерттеумен де қазақтың бай 
әдебиетінің үлгілерін эстетика лық-
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


141


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   444




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет