ІІ БӨЛІМ.
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
себептердің бірі «ұлтшылдыққа»
қар сы күрес болғандықтан, КазАПП
платформасын жақтаушылар сыңар-
жақ солақай сын мен тұрпайы со-
циологизмді ұзақ уақыт қару ет-
кендігінен еді. Осы пікірталаста
жал пы көркем әдебиет, қазақтың
про летарлық әдебиеті туралы өз
көзқарасын білдірмеген ақын-жа-
зу шылар, әдебиетшілер аз. Бұл жа-
рияланған
мақалаларда
көркем
әде биет мәселелері «кімнен үлгі
алу керек» деген сұрақты шешу қа-
зақтың
классикалық
мұрасына,
оның көрнекті өкілдеріне тығыз бай-
ланыстылықта қарағандықтан ав-
торлар ұлттық әдебиеттің тарихын
зерттеу жайында пікір білдірмей
тұра алмады. Сол себептен олар қа-
зақ әдебиеттану ғылымында әдеби-
тарихи зерттеу бағытындағы ғылыми
ой-пікірдің тереңдей түсуіне де әсер
етпей қалмады.
Олардың көпшілігі «Қазақстанда
көркем әдебиет бар ма? Бар болса,
ол қай таптың әдебиеті? Пролетар-
лық әдебиетті кімдер жасайды?»
деген секілді проблемалық сұраққа
әр түрлі пікір айтса, Абай, Ыбы-
рай, Нарманбет, Шәңгерей творче-
ствосына келгенде, олардың өнер-
паздық тұлғасын бағалауда, олар-
дан үлгі алу, үйренуде дұрыс пікір
білдіре отырса да, «тұрпайы со-
циологизмге» іш тартып, үстем
тап қоғамында өмір сүргендіктен,
ата тегі сол таптан болғандықтан
«байлар табының ақындары» деген
қорытынды жасайды. КазАПП пен
қазақ оқығандарының арасындағы
осы айтыс классикалық мұраның та-
рихи мәні мен көркем шығарманың
әлеуметтік тақырыбы, идеясы, көр-
кемдігі сияқты мәселелерді шешіп
алуына көмек жасады.
Негізінен алғанда, қазақ әде-
биеттану ғылымында өнерді, көр-
кем творчествоны сыншылдық-эсте -
тикалық тұрғыдан түсінуде Ж. Ай-
мауытовтың 1925 жылы жазған «Мағ-
жанның ақындығы туралы» атты
көлемді мақаласының орны бөлек.
М. Жұмабаев поэзиясы туралы айты-
ла бастаған әр қилы бағаларға қарсы
жазылған бұл еңбек Ж. Аймауытов-
тың білімді, білікті әдебиетші болға-
нын анық танытады. Оған заман тала-
бына сай дүниені материалистік тұр-
ғыдан түсінуде Гегель мен Маркстің
көзқарастарын салыстыра отырып
түсіндіруі, әдебиеттің таптығын сөз
еткенде Луначарскийдің пікірін са-
бақтауы және ақын поэзиясына
әдеби-теориялық, тіпті кейбір әдеби-
тарихи талдаулар жасауы – айқын
дәлел. Ж. Аймауытовтың мақаласына
қарсы сол кездің білгір сыншысы
атанған Ғ. Тоғжановтың «Мағжан-
ның ақындығы, Жүсіпбектің сыны»,
«Көркем әдебиет туралы марксшілер
не дейді, Жүсіпбек не дейді?» ат-
ты жауап мақалалары жарияланады.
Осы екі автор да М. Жұмабаев шы-
ғармашылығына сол кездегі дәуір та-
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
158
Достарыңызбен бөлісу: |