Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет140/444
Дата17.11.2023
өлшемі3,59 Mb.
#191774
түріОқулық
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ.
 
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
дауға жан салғаны – тарихи шын-
дық». Маркстік-лениндік ілім, В. И. Ле-
ниннің әдебиет сала сын дағы саяса-
ты төңкеріске де йін гі әдебиеттану-
дағы халықтық ұғымын әдебиеттің 
таптығы мен партиялығымен бірлікте 
қарап, еңбекші тап мүддесіне сай 
тар шеңберге сиғызды. Сондықтан 
маркстік-лениндік әдіснамаға сүйене 
отырып жазылған зерттеулердегі 
халықтық ұғымын олардан бөлек 
қарауға болмайды. Сол себептен де 
С. Мұқанов, Ғ. Тоғжанов, Е. Беке-
нов және тағы басқа төңкерісшіл 
бағыттағы әдебиетшілердің еңбек-
теріндегі халықтық ұғымын сөз ет-
кенде, оның әдебиеттің таптығы, 
партиялығы принциптерімен аста-
сып жатқанын есте ұстау қажет. 
1925 жылы 11 маусымда құрылған 
ҚазАПП классикалық мұраны иге-
ру, зерттеуде, жеке ақындар твор-
чествосын тексеруде нигилистік 
көз қарасты «тұрпайы социологизм-
мен» ұштастырып әкетіп, қазақ зия-
лыларына қарсы күресті күшейтіп 
жіберді. Егер пролеткультшылдар 
пролетарлық жаңа әдебиетті клас-
сикалық мұрадан айырып, оның де-
мократиялық озық дәстүрлерін ни-
гилистікпен жоққа шығарса, ҚазАПП
ақын-жазушыларды тап тық тегіне 
қарап қана алу идеясын ұстанды. 
Күні бүгінге дейін ҚазАПП қызметіне 
баға бергенде «Әдебиет пен мәде ниет 
саласындағы 
буржуазияшыл-ұлт-
шыл дықпен күресу және онын жеріне 
жете әшкерлеу міндетін ой дағыдай 
шеше алғандығы» ерек ше атап көр-
сетіліп келді. Ал бү гінде «Идеоло-
гия мен ғылыми сала сында қит етсе, 
«буржуазияшыл», «буржуазияшыл-
ұлтшыл», «ұлт шыл-уклонист» деген
атаулар өте жиі қолданылды. Осы-
ның бізге қатысы мүлде жоқ де-
мей-ақ қояйын, қисыны тіпті келің-
кіремейтінін неге ескерме генбіз. Бур-
жуазияда буржуазияшыл ұлтшыл-
дық та тек капиталистік қоғамға тән 
ұғым, ал біздің Қазақстанда пат-
риархалдық-феодалдық, тіпті өсіріп 
айтқанда, феодалдық қарым-қатынас 
жайлағанын ескерер болсақ, онда ай-
тып-жазып келгеніміздің шындығы 
қайсы» деген секілді пікірлер айты-
лып жатыр [41]. Шынында осы екі 
пікірдің шындығы қайсы? Бұл әрине, 
арнайы зерттелетін проблемалық сұ-
рақтардың бірі. Оны кеше «бур жуа-
зияшыл-ұлтшыл», «алашордашыл» 
атанан қазақ зиялыларының әде биет 
тарихындағы орнын алып бер ген 
бүгінгі заманның өзі талап етіп отыр. 
КазАПП С. Мұқановтың мақала-
сынан кейін классикалық мұраны, 
Абай шығармашылығын зерттеуді 
тұрпайы социологиялық позицияда 
бағалаған бірнеше мақалалар жария-
ланды.
КазАПП О. Исаевтың «Ескі мә-
дениеттік мұра туралы» (1931) хат-
тарына жауап бергенге дейін әдеби 
мұраны зерттеуде теріс көзқараста 
болып келгені белгілі. Бұған басты 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


157


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   444




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет