Тақырып: Тілдің таңбалық, құрылымдық және жүйелілік сипаттары
Жоспар:
Тіл мен ойлау
Тіл мен сөйлеу
Тіл ерекше таңбалық жүйе
Тіл мен ойлау
Тіл мен ойлаудың өзара байланысы туралы мәселе жалпы тіл білімінің ғана емес, сонымен бірге философияның және психологияның ең күрделі мәселелерінің бірі болып саналады. Мәселелнің күрделілілігі ойлаудың табиғаты мен тілдің табиғатының өте-мөте күрделі болуымен байланысты. Дыбыстық тіл де, абстаркты ойлау да – адамға тән құбылыстар. Бұл екі құбылыстың екеуі де адамның екі жақты табиғатына сйкес әрі әлеуметтік, әрі биологиялық жақтарымен сипатталды, осы екеуін бірдей қамтиды. Біріншіден, тіл де, ойлау да – адам миының туындысы, соның жемісі, өйткені адамың өзі қоғамдық құбылы болып саналады. Тілде де, ойлауда да әлеуметтік және индивидуалды-биологиялық жақтар ұштасып, бір-бірімен бірлікте болады. Осы бірліктен тіл мен ойлаудың жалпы ерекшелігі көрінеді.
Ой тіл арқылы айтылған мазмұнның негізін құрайды. Ой арқылы, адам миының сәулелендіруші әректі арқылы тілдік единицалар объективті дүниенің заттары мен және құбылыстары мен байланысқа түседі, мұнсыз адамдардың бір-бірімен тіл арқылы қатынас жасауы мүмкін болмаған болар еді. Белгілі бір тілдің дыбыстық комплекстері ойлауда сәулеленетін обьективті дүниенің элементтерінің сигналдары ретінде қызмет етеді де, бұл дыбыстық комплекстерде адам танымының нәтижелері орнығып бекітіледі. Ал осы нәтижелердің өзі ары қарай танып білуге негіз болады. Сондықтан да тіл ойлаудың қаруы, инструменті ретінде сипатталады.
Қоғам мүшелерінің өзара пікір алмасуы тіл арқылы іске асады. Адам өз ойын басқаларға тіл арқылы айтып, не жазып жеткізеді. Тыңдаушы да сөйлеушінің ойын тіл арқылы түсінеді. Ойдың жарыққа шығып, іске асуы, өмір сүруі үшін тілдік материалға негізделуі, сөздер мен сөз тіркестері және сөйлемдер түрінде айтылуы шарт. Тіл дегеніміз – ойдың тікелей шындығы. Ой шындығы тіл арқылы, тілдегі сөздер мен сөйлемдер арқылы көрінеді. Демек, тіл – пікір алмасу құралы, ойлаудың қаруы, ойды білдіру құралы.
Белгілі бір ойды әр тіл де түрлі тәсілмен айтып беруге болады, бірақ бұл түрліше ойлаудан бомайды. Белгілі бір мазмұн әр түрлі тілдерде түрлі-түрлі формалар арқылы айтуға болады.
Н. Я. Марр тіл мен ойлаудың өзара қарым-қатысы туралы мәселені шешуге тырысқанмен оны дұрыс шеше алмады. Маррдың “ілімінде” тіл мен ойлауды тепе-тең деп қарау да, олардың бірлігін, өзара байланысын жоққа шығару да орын тепті. Тіл мен ойлауда бірін-бірі теңестіру Маррдың тілдердің “сатылап даму теориясынан” көрінеді. Н.Я. Марр тілдердің әр түрлі морфологиялық типтері тілдердің дамуындағы әр түрлі сатыны, дәрежені көрсетеді, және ойлаудың дамуын айқындайтын өлшеуіш болып табылады деген қате қорытындыға келді. Н. Я. Марр тілдердің морфологиялық типтерінің негізінде тілдер мен ойлаудың дамуының үш сатысы бар.
Н. Я. Марр, бір жағынан, өзінің “сатылап даму теориясы” бойынша тіл мен ойлаудың тепе-теңдігі туралы қате көзқарасты жақтап, екінші жағынан, семантика мәселесіне келгенде, тіл мен ойлаудың бірлігін жоққа шығарып, ойлауды тілден бөліп тастайды. Ол былай деп жазды: “Тіл дыбыстар арқылы көрінетін болғандықтан ғана өмір сүреді; ойлаудың қимылы мұндай көрініссіз-ақ болады…Тіл (дыбыстық тіл) бұл күнде өзінің қызметін кеңістікті сөзсіз жеңетін ең жаңа өнер-табысқа бере бастады. Ал ойлау өзінің бұрын пайдаланылмаған қорлары мен жаңа табыстарынан жоғары өрлей береді. Тілді тайдырып толығымен оның орнын басады. Келешектегі тіл – табиғи материалдан аулақ, техникада өсетін ойлау. Бұған ешбір тіл, тіпті дыбысты тіл де қалай да табиғат нормаларымен байланысты”. Н. Я. Маррдың бұл пікірі мүлдем қате.
Тіл мен сөйлеу арасындағы өзгешелік жеке адамдардың сөйлеу шеберлігіне, дарындылығына ғана емес, одан әлдеқайда күрделі факторға ға байланысты. Ондай факторлар қатарына диалектілік ерекшеліктер, көршілес тілдердің әсері мен ықпалдары, сөйлеу тілі мен жазу тілі, әдеби тіл арасындағы өзгешеліктер, қоғамның, ой-сананың күрделене дамуы т.б. жатады.
Тіл мен сөйлеудің бір еместігін, бұлардың арасында айырма барлығын ғалымдар ертеден-ақ байқаған. Әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін жете ашып, екі бөлек мәселе етіп қоймағандарымен, сөйлеу мен тілдің бір еместігін ХІХ ғасырда өмір сүрген В.Гумбольд, Г.Штейнталь, Г.Шухард сияқты ғалымдар да айтқан.
Тіл мен сөйлеуді екі бөлек мәселе етіп қараудың қажет екенін ғылыми тұрғыдан алғаш дәлелдеп берген ғалым деп, әдетте, Ф.де Соссюрді атайды.Ф.де Соссюр тіл білімін тіл лингвистикасы, сөйлеу лингвистикасыдеп екі салаға бөледі де, мұның алғашқысы – негізгі, оның объектісі – сөйлеу әрекетінің индивидуалдық жағы, ол – таза психофизикалық пән, бұл екі пән өзара тығыз байланысты: тіл сөйлеу түсінікті болу үшін және өзінің барлық әрекетін жарыққа шығару үшін қажет, ал сөйлеу тіл қалыптасу үшін қажет деп біледі.
Ф.де Соссюр «сөйлеу әрекеті» деген терминді де қолданады. Оның пікірінше, тіл мен сөйлеу-сөйлеу әрекетінің екі саласы, екі жағы: Ол: «Тіл-сөйлеу әрекетінің бір бөлшегі, рас, маңызды бөлшегі ғана» деп жазады. бірақ де Соссюр сөйлеу әрекеті дегенді сөйлеу мағынасында да қолдана береді.