Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет317/444
Дата17.11.2023
өлшемі3,59 Mb.
#191774
түріОқулық
1   ...   313   314   315   316   317   318   319   320   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІІ БӨЛІМ. 
Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
бағытта «Әдебиет және әдебиетта-
ну ғылымы» («Қ.Ә.», 17.VІІІ.1956), 
«Әдебиеттану ғылымы мен әдеби 
сынның дәрежесі жоғары болсын» 
(«С. Қ.», 28.VІІІ.1956) секілді бас 
мақалаларда, М. Базарбаевтың «Әде-
биеттану ғылымы өрлеу жолында» 
(«Қ. Ә.», 25.Х.1957), Т. Кәкішевтің 
«Әдебиеттану ғылымы туралы бірер 
сөз» («Жұлдыз», №9, 1958), Х. Сү-
йіншәлиевтің «Қазақ әдебиетінің 
зерттелу жолы» («Жұлдыз», №5, 
1958), Е. Ысмайыловтың «Әдебиет-
танудың негізгі міндеттері» («Жұл-
дыз», №7, 1959) секілді мақалалар 
жарияланды. Оларда негізінен жеке 
басқа табынудың ғылыми жұмыс-
тарға тигізген зардаптары мен 
1947-1953 жылдар аралығындағы 
тұрпайы социологизм ықпалындағы 
бұрмалаушылықтар сынала келе, 
алдағы уақытта маркстік-лениндік 
әдіснаманың партия құжаттары 
көрсетіп берген қағидаларын бас-
шылыққа алу насихатталды. Өткен-
дегі мұраны идеялық және саяси 
бағытына, таптық сипатына қарай 
сұрыптау қажеттігі ерекше сөз бо-
лып, ғылыми-зерттеушілік ой-пі-
кір дің ұлттық негізде дамуына ба-
ғыттайтын тың мәселелер көтеріле 
қойған жоқ. Оған заман талабы мүм-
кіндік бермегені, әрбір жаңашыл 
ұсыныс қырағы қадағаланып оты-
рылғаны айтпаса да түсінікті. Со-
лай дей отырғанымен, бұл да болса 
жақсылық нышаны еді. Өйткені, қазақ 
әдебиеттануы өзінің өткен жолына 
«партиялық сын» тұрғысынан көз 
салып, бар-жоғын түгелдеп алуымен 
бірге, ендігі кезеңінде, яғни маркстік-
лениндік әдіснама қағидаларына 
бір жола мойынсұнғаннан басқа ама-
лы қалмағанында, алдағы бағыт-
тарын белгілеп алуы қажет еді. Бұл 
«Қазақстанда әдебиет ғылымы, яғни 
көркем әдебиет туралы, оның тео-
риясы мен тарихын жасайтын, оның 
заңдылықтары мен даму жолдарын 
ғылыми тұрғыдан талдап отыра-
тын ғылым жасалды» деген секілді 
пікірлердің айтыла бастауына се-
беп болды. Енді ұлттық әдебиеттану 
ғылымының табысы ретінде таны-
латын еңбектер жазып шығару күн 
тәртібіне шұғыл қойылды. Соның 
нәтижесінде 1958 жылы «Қазақ ССР 
Ғылым академиясының Тіл мен 
әдебиет институты
Орталық Коми-
тет нұсқаулары мен жұртшылықтың 
көптен бергі тілегін өтеу мақсатымен 
осы «Очеркті ...» жазып шықты» 
(астын сызған біз. – 
С. Ж
.). Яғни, 
кеңестік дәуірдегі әдебиетке арналған 
«Қазақ совет әдебиеті тарихы очеркі» 
жарық көрді [86, 7].
Алғы сөзінде М. Базарбаев 
атап жазғандай, еңбек «Қазақстан 
Компартиясының Орталық Комите-
ті республикадағы әдебиет зерттеу 
ғылымының міндеттерін айқындай 
келіп, қазақ әдебиетінің совет дәуірі 
тұсында өсуін көрсететін, әдебиет-
те болған түбірлі өзгерістер мен 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


337


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   313   314   315   316   317   318   319   320   ...   444




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет