Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет74/444
Дата17.11.2023
өлшемі3,59 Mb.
#191774
түріОқулық
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ.
 
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
бәйгеге түскен шығармаларды қарау 
үшін Шәкәрім, Ахмет, Міржақып, 
Бақытжан, Мұхамеджандардан ко-
митет құруды ұсынады. Ал М. Се-
ралин Е. Маманов бастамасы «піл 
жанындағы бүргедей болғанмен, 
құдығына қарай қауғасы деп жаңа 
ғана әдебиет жолында аяғын апыл-
тапыл басып келе жатқан жұрт үшін 
бұл ерлік, тіпті Нобель жұмысынан 
да артық деп айтқымыз келеді», – деп 
тұжырымдайды. Бұл бастама туған-
ға дейін қазақта 1910 жылы шыққан 
М. Дулатовтың жалғыз-ақ «Бақытсыз 
Жамалы» ғана болғанын ескерсек, 
бұл мақалалардың қазақ әдебиетінде 
роман жанрының өрістеуіне әсер 
еткені анық. Оған ғасыр басындағы 
романдар дәлел. Бұл біздің жоғарыда 
жанр туралы әдеби-теориялық ой-
пікір мен оның практикада жүзеге 
асуы тығыз байланыстылықта бол-
ды деген пікіріміздің негізсіз айтыл-
мағанын дәлелдейді.
Қазақ баспасөзіндегі қазақ по-
эзиясын аз да болса әдеби-теориялық 
көзқарас тұрғысынан сөз еткен 
осы жоғарыдағы мақалалар ұлттық 
әдеби-теориялық ой-пікірдің көр кем 
шығарманың көркемдігі, жанр лық 
табиғаты, идеясы, түр мен мазмұн 
сәйкестігі, тәрбиелік, эстетикалық 
мән-маңызы сияқты ұғым-түсінік-
терді нақты айта бастағанын анық 
көруге болады. Оның тағы бір 
дәлелін төңкеріске дейінгі шық қан 
биографиялық сипаттағы мақа ла-
лар дағы әдеби-теориялық көз қарас -
тан көреміз. Әсіресе Абай твор-
чество сының новаторлық сипатын, 
өнерпаздық тұлғасын танытуға ал-
ғашқы қадам жасаған К. Ыс қақов пен 
Ә. Бөкейханов жазған нұсқасы және 
М. Дулатов, А. Байтұр сыновтардың 
мақалалары қазақ өлеңінің теория лық 
мәселелерін, жанрлық ерекше лігін 
ұлы ақын поэзиясына байла нысты-
ра сөз етті. Сонымен қатар, Абай 
мен Ыбырай негізін салған қазақтың 
ұлттық жазба әдебиеті күннен-күн-
ге нығайып, жаңа жанр түрлерімен 
толығуы – әдеби-теориялық білімнің 
өсе түскенінің екінші бір айғағы. 
Өнер иесі қанша талант болғанмен 
көркем шығарманың құрылысы мен 
қисынын, жасалу амал-тәсілдерін 
біл мей тұрып, дәуір жүгін арқалай 
ала тын туынды жазуы мүмкін емес. 
ХХ ғасыр басындағы қазақ әде-
биетіндегі алғашқы қазақ романда-
ры мен қоғамдық-әлеуметтік тақы-
рыпты жырлаған поэмалардың на-
ту рализмнен аулақ болып, сыншыл 
реалистік сипатта, ағартушы-де-
мократтық бағытта дамуына сол 
кездегі әдеби-теориялық көзқарас 
ық пал жасамады дей алмаймыз. 
Сөзімізді түйіндей айтсақ, әдеби-
теориялық ұғым-түсініктер қазақтың 
жазба әдебиетінің дамуымен тығыз 
байланыстылықта көрініп, қазақ бас-
пасөзі бетіндегі мақалалар арқылы 
өркен жая бастады.
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


90


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   444




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет