Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет73/444
Дата17.11.2023
өлшемі3,59 Mb.
#191774
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ.
 
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
Білім жарысы туралы бұл бас-
тама қазақ оқығандары тарапынан 
қоштау тауып Ә. Бөкейханов «Ро-
ман не нәрсе?» («Қазақ», 1914, №48) 
атты мақаласын жариялайды. Негізгі 
мақсат – бұл жанрда шығарма жаза-
мын деушілерге әдеби-теориялық 
білім беріп, романның ішкі мағынасы 
мен асыл мақсаты не екенін түсінді-
ріп беру болған. Бұл жолда роман-
ның жанрлық түр ретіндегі ерекшелі-
гін аша келіп, В. Скот, Ч. Диккенс, 
В. Теккерей, А. Пушкин, М. Лермон-
тов, Н. Гоголь, Л. Толстойлардың 
атағы роман жазумен шыққанын мы-
салға келтіреді. Оны дәлелдеу үшін 
Толстойдың «Война и мирін» «Соғыс 
және татулық» деп таныстырып, сол 
кездегі ұлттық әдеби-теориялық ой-
пікір дәрежесінде қысқаша сипатта-
ма жасайды. «Алғашқы қазақ рома-
ны Міржақыптың «Бақытсыз Жама-
лын» атап, шығарманың мазмұнын 
шолып, негізгі кейіпкерлер әлеміне 
тоқталады. Автор роман жанрын 
әлеу меттік мәселелермен, адамдар 
мі незімен, тәрбиелік, эстетикалық 
мұ раттарымен сабақтас қарайды», – 
деп жазады ғалым Р. Нұрғалиев осы 
ма қала туралы пікірінде [13, 432]. 
Бұдан біз ғылыми-зерттеушілік ой-
пікірдің роман туралы теориялық 
ұғымды меңгеруге деген талпыны-
сын бір байқасақ, екіншіден, қазақ 
романына әдеби-теориялық бағытта 
алғаш рет талдау жасауға деген ұм-
тылысты көреміз.
Бұл мақаладан кейін іле-шала 
Е. Маманов қазақ тілінде роман 
жазушыларға бәйге тігетінін ха-
барлап, газеттің 52-санында «Бәйге 
тігемін» деген мақала жариялап, 
жарыс шарттарымен таныстырады. 
Сәл кейін 67 санында асығыстық 
болмауы мен талапкерлер көбеюі 
үшін жарыс мерзімінің 1915 жылғы 
мамыр айына дейін созатынын ай-
тып, «Роман жарысы хақында» де-
ген хабарламасын тағы да жария-
лады. Осы тәрізді игі шараның бас-
талуы роман туралы теориялық 
ұғымды меңгеруге деген ізденісті 
күшейте түсті. Соның нәтижесінде 
«Қазақ» газетінде редакция тара-
пынан жазылған «Роман жарысына 
қосылушыларға» (1914, №54), «Та-
лапкер» деп қол қойған автордың 
«Роман жарысы туралы» (1914, №56), 
Ә. Бөкейхановтың «Роман бәйге-
сі» (1915, №122) секілді мақалалар, 
«Айқапта» М. Сералиннің «Роман 
жарысы туралы» (1915, №7, 8) атты 
мақаласы жарық көріп, оларда роман, 
оның жанрлық табиғаты мен өзіндік 
ерекшелігі туралы әдеби-теория-
лық ой-пікір көрініс тапты. Бәйгеге 
түскен шығармаларды бағалау үшін 
әділ қазылар алқасын құру және бұл 
бастаманы қолдаушылар мен оған 
қатысушыларды көбейтуді насихат-
тау жағы да назардан тыс қалған жоқ. 
Ә. Бөкейханов «Бізде академия, уни-
верситет секілді білім дүкендері жоқ, 
бұлардың комитеті де жоқ» дей келіп 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


89


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   444




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет