Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет99/444
Дата17.11.2023
өлшемі3,59 Mb.
#191774
түріОқулық
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ.
 
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
айырмашылық пен өзара байланысқа 
ғылыми тұрғыда келеді. Жазба әде-
биеттің тууын тек қана жазу кір-
ген кезеңнен немесе өлеңді жазып 
шығаратын ақындардың шығуымен 
ғана сәйкес қарап қоймай: «Әдебиет 
жүзінде елдің, әлеуметтің тіршілігі 
сөз бола бастаған соң, жазба әдебиет 
дәуірі туа бастады деп есептеу ке-
рек. Ауызша мен жазбаша әдебиеттің 
арасын бөлетін кезең, белес осы», – 
дейді [35, 21]. Сол кездегі ғылыми-
зерттеушілік ой-пікірдің дәрежесіне 
сай біржақты айтылғанын елеме-
ген күннің өзінде қазақ фольклоры 
мен жазба әдебиеті туралы алғаш-
қы айтылған пікірлердің бірі екенін 
ескеретін болсақ, қазақ әдебиетінің 
тарихын жасау жолында және оны 
дәуірге бөлуде алғашқы қадам ре-
тінде маңызы зор деп бағалаған 
жөн. Қазақ ауыз әдебиетін жанрлық 
жағынан түрге бөлуде өзінен бұрын 
соңғы еңбектерге сүйене отырып, 
салыстыра зерттеу жүргізгенін бай-
қау қиын емес. «Қозы Көрпеш-Баян 
сұлу» жырының нұсқаларын са-
лыстырғанда В. В. Радловтың жа-
зып алған түріне ерекше тоқталады. 
Соған қарағанда В. В. Радловтың 
«Түркі тайпаларының халық әдебие-
тінің үлгілері» атты еңбегімен жақ сы 
таныс болған. М. Әуезов осы Рад-
ловтың және қазақ фольклоры тура-
лы пікір айтқан орыстың ориента-
лист-этнограф ғалымдарының қа зақ 
фольклорын жанрлық түрге бөліп 
классификация жасау жолындағы ой-
ларын жалғастыра, дамыта отырып 
бір жүйеге түсірді. Қазіргі қазақ фоль-
клористика ғылымында айтылып
жазылып жүрген классификация ның 
негізінде М. Әуезовтің осы алғаш-
қы жанрлық түрге бөлуі жатқа нын 
ескеретін болсақ, бұл еңбек автордың 
сол кездегі ғылыми-зерттеушілік ой-
пікірде қандай жаңалық ашқанына 
еріксіз куә боламыз. М. Әуезовтің 
бұл ғылыми жаңалығының мәнін ашу 
үшін, қазақ фольклоры жанрларына 
В. В. Радловтың жасаған жіктеуімен 
салыстырып көрелік. 
Радлов қазақ әдебиетін халық 
сөзі (народное изречение) және кіта-
би өлең деп бөлсе, М. Әуезов жаз-
ба әдебиет, ауызша әдебиет деп те-
реңірек барады. Радлов ауыз әде бие-
тінің үлгілерін ел арасында айтылу 
мағынасына, тақырыбына қарай:
1.Үлгі сөз. 2.Ұзатылған қыздың 
сөзі. 3. Жоқтау жыр. 4. Қайым өлең. 
5. Айтыс. 6. Бақсы сөзі. 7. Қара өлең. 
8. Мысал сөз. 9. Батырлық ертегі және 
ертегі, – деп бөледі. Ал М. Әуезов 
бұл жіктеуге сын көзімен қарай оты-
рып, қазақ фольклорының өзіндік іш-
кі ерекшеліктеріне, халықтың әдет-
ғұрып, салт-санасына байланыстыра 
қарап, өзінше бөледі. М. Әуезовтің 
классификация жасауы бойынша 
қазақ халық ауыз әдебиеті жанрлық 
жағынан төмендегідей топтастыры-
лады:
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


116


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   444




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет