Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет109/444
Дата17.11.2023
өлшемі3,59 Mb.
#191774
түріОқулық
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ.
 
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
ғында жанрға бөлген үлгіні негізге 
ала отырып, оны толықтыра, дамы-
та келіп, әр жанрды бірнеше түрге 
бөліп тексеруде соны жаңалықтар 
кіргіз ген. «Әдебиет тарихын» негізге 
алды дегендегі ойымыз жанрға жүйе-
леу де кездесетін ұқсастықтар ғана 
емес, сонымен қатар кейбір ғылыми 
пікірлердің де ұқсас шығуы. Мы-
салы, батырлар жырын ұлы батыр, 
кіші батыр деп бөлу және ертегі-
лер, жұмбақ, мақал-мәтелдердің екі 
еңбекте де бір топқа жатқызылуы осы 
пікірімізге айқын дәлел. Оқулық та 
ауыз әдебиеті үлгілері үлкен 4 топқа 
жіктеліп, тұрмыс-салт өлеңдерінен 
басқалары іштей түрге бөлінбеген 
болса, мақалада басқа әдебиетші-
ғалымдардың жасаған классифика-
циясына сүйенген. Әсіресе, С. Сей-
фуллиннің «Қазақ әдебиеті» оқу-
лығының әсері айқын байқалады. Не-
гізінен алғанда мақала – сол кездегі 
әр түрлі оқулықтар мен ғылыми 
мақалаларда айтылып жүрген ауыз 
әдебиеті үлгілерін жіктеуді белгілі 
бір жүйеге түсіріп, классификация 
жасау мақсатында жазылған зерделі 
еңбек.
М. Әуезов оқулықта халық әде-
биетін «Ауызша әдебиет түрлері» 
деп төрт топқа бөлгенде батырлар 
жырын, лиро-эпосты, тарихи жыр-
ларды «Әңгімелі өлеңдер» деп бір 
топқа қосқанмен, тексеру барысын-
да жеке тарау етіп талдаған бола-
тын. Оқулықта мазмұны бойынша 
ауыз әдебиетінің жанрлық тұрғыдан 
алтыға бөлген-ді. Осы алтыға бө-
лінген жүйе мақалада да сақталған. 
Алайда эпостық, лиро-эпостық, та-
рихи жырлар енді жанр ретінде 
алынған.
Мақала қазақ фольклористика 
ғылымына екі жаңалық әкелді. Бі-
ріншіден, оқулықтағы қиял, салт, 
мысқыл-мазақ (сатира) ерте гілер 
деп сөз арасында ғана айтылып 
жеке қаралмаған қазақ ертегі лерін 
та қырыптық, мазмұндық ерек ше-
ліктеріне сай алты түрге бөліп, әр-
қайсысына нақты мысал келтіре 
отырып сипаттама беруі еді. Қазақ 
ертегілерін қиял-ғажайып, хайуанат-
тар, салт-сана, байларға арналған
аңыз ертегілер, күй аңызы деген 
түрлерге жіктеп, негізгі сипатта-
рын, ерекшеліктерін көрсеткен. 
Екін шіден, оқулықта жанрға бөлу 
барысында ертегілермен бір топқа 
жатқызылғанмен, жеке қарасты-
рылмай қалған жұмбақ пен мақал-
мәтелдер, күлдіргі-өтірік ертегі са-
налып кеткен аңыз әңгімелер дара 
тексерілген. Әсіресе, Қорқыт, Алдар 
Көсе, Асан қайғы, Жиреншелерді 
жеке-жеке сөз ету арқылы аңыз-
әңгімелерді келешекте жеке жанр 
ретінде зерттеуге болатынына ғы-
лыми бағыт берілген. Фольклорлық 
шығармаларды талдау барысында 
олардың поэтикасына, теориясына 
тереңдеп бара қоймаса да халық ты-
ғы, тарихилығы мәселелеріне үнемі 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


126


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   444




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет