Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет340/444
Дата17.11.2023
өлшемі3,59 Mb.
#191774
түріОқулық
1   ...   336   337   338   339   340   341   342   343   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІІ БӨЛІМ. 
Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
уып қалар екен деген секемшіл хал-
ахуал әдебиетші-ғалымдарды осыған 
мәжбүр етті. Оның әдіснамалық жә-
не идеологиялық тұрғыдағы себеп-
тері де жоқ емес. Өйткені, бұл том-
да ұлтшыл-буржуазияшыл әдебиет-
тің бет-пердесін ашу үшін екі түрлі 
мәдениет туралы қағида басшылық-
қа алынса, ерекше дәріптеліп отыр-
ған әдебиеттің таптығы принципіне 
сай «тұрпайы социологизмнің» де 
белгілері сезілмей қалмады. Оған 
шолу – тарауларда алашшыл қа-
лам герлер мұрасына берілген ба-
ға нақты дәлел. Сол себептен де 
бүл дәуірдегі әдебиет тарихы 
жа рым-жартылай, 
оның 
өзін де 
маркс тік-лениндік әдіснама қағи-
даларына орай бұрмалана баян-
далды, саясатқа дөп келмейтін 
тұстары ақтаңдақ күйінде қалды. 
Монографиялық портрет беріліп 
отырылған 
ақын-жазушылардың 
бір кезде буржуазиялық объекти-
визмге салынуы, ескілікті аңсауы 
мен ұлтшылдық пиғылдағы сарынға 
ұрынуы, партияның сара жолын 
түсінбеушіліктерінің болуы секілді 
қателіктеріне ерекше көңіл бөлуінің 
бір себебі осында жатыр. Бұл сол 
кезеңдегі ғылыми-зерттеушілік ой-
пікірдің партиялық тұрғыдан әділ
ғылыми жағынан терең, идеялық 
мә ні дұрыс сипатта көрінген жаңа 
ізде нісі болып табылғанымен, кеңес-
тік дәуірдегі әдебиеттің көрнекті 
өкілдерінің шығармашылығының өзі 
де идеологиялық тазартудан өткенін 
байқатады. 
Марксизм-ленинизм ілімінің та-
лап-тілегіне сай тұсауға түскен 
ғылыми-зерттеушілік ой-пікір төң-
керіс пен кеңес өкіметін, социализм 
жеңістерін, тап тартысы мен колхоз 
құрылысын, т.б. тақырыптарды ша-
быттана жырлаған туындыларды 
асыра дәріптеді. Олардың таптық 
сипаты мен еңбекшілер тұрғысынан 
алғандағы халықтығы, партия сая-
сатына үн қосудағы мән-маңызы 
мадақталды. Соның салдарынан қазақ 
әдебиетінің бір кездегі ұран, үгіт, на-
сихат, рапорт беру деңгейіне дейін 
төмендеген, «халықтар көсемін» 
суреттеуге тең таппай қиналған 
тұстарындағы шығармаларды ғылы-
ми саралап, кемшілігін талдап бе-
руге мүмкіндігі шектеулі болды. 
Олар үздік шығарма деп бағалана 
қоймағанмен, социализм кезеңінде 
гүлдене дамыды деп дәлелденіп 
отырылған ұлттық әдебиеттің жа-
сампаз келбетіне шіркеу түсірмеу 
жағы көбірек назарда болды. Рас, 
төңкеріске дейінгі деңгеймен салы-
стыра қарағанда кеңестік дәуірдегі 
әдебиетіміздің қарыштап дамығанын, 
жанрлық тұрғыда кемелденгенін, 
дүние жүзіне танылғанын жоққа 
шығаруға болмас. Бірақ ұлттық әде-
биеттің көркемдік көкжиегін ке-
ңіткен шығармалармен қатар, өмір 
шындығынан алшақ, тап тартысын 
арқау еткен, схематизмге құрылған, 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


360


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   336   337   338   339   340   341   342   343   ...   444




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет