Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет87/444
Дата17.11.2023
өлшемі3,59 Mb.
#191774
түріОқулық
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ.
 
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
халық мұрасы. Оның жақсы мен жа-
маны жоқ, бәрін жинап пайдалану 
керек» деген «бірыңғай ағым теория-
сы» болса, екіншісі – «ауыз әдебиеті –
үстем тап өкілдерінің қалдырған 
мұрасы» сондықтан, оны жинап, на-
сихаттаудың қажеті жоқ» деп, әде-
биеттегі дәстүрлік негізді, тарихи 
сабақтастықты жоққа шығарған – 
пролеткультшылдар таратқан ниги-
лизм. Әдеби мұраны игеру жолында 
1920 жылдардан басталған осы екі 
бағыт қазақ әдебиеттану ғылымының 
туу, қалыптасу кезеңдерінде үнемі 
бой көрсетіп отырды.
Фольклорлық мұраны игеру, 
зерттеу жұмыстарына сол кездегі 
идеологиялық күрестің салқыны 
ти гендіктен, бұл қате концепция-
лар әдебиет майданында қызу ай-
тыс-тартыс туғызды. Әдеби мұраны 
зерттеу, қазақ әдебиетінің тарихын 
жазу жұмыстарына күні кешеге де-
йін «ұлтшыл-алашордашылар» ата -
нып, қазақ мәдениеті тарихында өз 
орнын ала алмаған қазақ интелли-
генциясының бір тобының белсе-
не араласуы айтысты мейлінше кү-
шейтіп жіберді.
«Әдебиеттің қалыптасу дәуірін-
де пролетарлық бағыттағы ақын-
жазушыларға қазақ әдебиетінің өнер-
паздық жағынан ықпал жасап отыр-
ғанына қарамастан, «ескі мұ радан 
іргені аулақ салу керек» деген сола-
қай пікірлер де орын алды. Кейбір 
ақын-жазушылар мен сыншылар ха-
лықтың ғасырлар бойы қастерлеп 
келген сом тұлғалы образдары мен 
даналық шығармалары, көркем по-
этикалық тілі жаңа әдебиетке тау-
сылмас мол қазына болатындығын 
жете түсіне бермеді» [27, 105]. Бұл 
ақын-жазушылар мен сыншылар 
мер зімді баспасөз бетінде «Ескі әде-
биет түгелдей байлар табының же-
місі. «Ұлтшыл» оқығандар оны өз-
дерінің өткенді аңсау мен дәріптеу 
мақсаттары үшін пайдаланып жүр», – 
деген сияқты пікірлерді оңды-солды 
айтып жатты [28].
Ал бұл зиялылардың әдеби мұ-
ра туралы мәні зор еңбектері бү-
гінгі дәуірге дейінгі жетпіс жыл 
бойы «Олар халық сүйіп оқитын 
таң даулы әдебиет нұсқауларын бұр-
малап, оларға түсіндірмелер жазып, 
зерттеген болып, өздерінің теріс көз-
қарастарын насихаттады. Абай мен 
Сұлтанмахмұтты ұлтшыл жазушы-
лар етіп шығарғысы келді» делініп 
қате бағаланып келді [27, 106]. 
Туған халқының бақытты бола-
шағы үшін бар мүмкіндігінше ең бек 
етіп, қызмет жасаған, әдеби мұра-
ны жинау, зерттеу саласында елеулі 
еңбектер қалдырған Ә. Бөкей ха-
нов, А. Байтұрсынов, М. Жұма баев, 
Х. Досмұхамедовтер пролеткульт-
шылдардың нигилистік солақай сын-
дарына қарамастан фольклорлық 
мұ раның біраз үлгілерін жарияла-
ды. 1920 жылдардың бас кезінде 
А. Байтұрсынов пен Ә. Бөкейханов 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


104


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   444




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет