ІІІ БӨЛІМ.
Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
на талабымен артық-кем айтылған
пікірлердің түзетіле бастауына әкел-
ді. Оған мысал ретінде тек осы 1956
жылы ғана жарық көрген Т. Ах -
тановтың Ғ. Мүсірепов, М. Сармұр-
зинаның, С. Қирабаевтың Ғ. Мұс-
тафин, А.Нұрқатовтың Ғ. Мұстафин,
М. Әуезов, С. Мұқанов туралы
әдеби-сын очерктері мен мектеп
мұғалімдеріне көмекші құрал ре-
тінде шыққан еңбектерін атасақ та
жеткілікті. Сонымен қатар, орта
мектеп бағдарламаларының шығуы,
солардың негізінде мектепті жаңа
оқу құралдарымен қамта масыз ету
жұмыстарының қолға алынуы тың
ізденістер болып жатқанын хабар-
лағандай еді. Мысалы, С. Қира баев,
З. Қабдолов, А. Нұрқа товтардың
ІХ класқа арналған «Қазақ әдебие-
ті» (1956) оқулығы таптық көзқа-
расқа негізделген социологиялық
арқауы басым талдаулардан көрі,
ғылыми-зерттеушілік ой-пікір бұ-
рынғы ой ауанынан біржола ары-
лып кете қоймағанымен, әдеби-
теориялық тұрғыда қарастыруға
ойы са бастағанын байқатты. Бұл ай-
тылғандарды қазақ әдебиеттану ғы-
лымның қоғамдық ой-пікірде нақты
айтыла бастаған жаңа өзгерістерге
іштей дайындала бастаған талпы-
ныстары деп ұғу қажет секілді.
Осы сипаттағы жаңашыл ұмты-
лыстар айқын көрініс таба бастаған
уақытта Сәкен, Ілияс, Бейімбет-
тер толық ақталды да, ғылыми-
зерттеушілік ой-пікірдің кеңес дә-
уіріндегі әдебиетті зерттеуіне кең
өріс ашылды. Баспасөз олардың
шы ғармаларын молынан жарияла-
ды, естеліктер, деректер жазылды,
әдеби мұралары қайтадан бүкіл ха-
лықтың рухани азығына айналды.
Жазушылар Одағы осы үш тұлғаның
шығармашылығына арналған кеш-
тер өткізіліп, тұсаулы ой толқынында
жүрген күдікшіл көңілді сергітті.
Шығармаларын басып шығару ісі
қолға алынды, ғылыми-зерттеушілік
ой-пікірдің нысанасына айналды.
Бұны ұлттық әдебиеттанудың өз
даму жолында жетілген әдіснама
арқылы қиын күресте қол жеткізген
жеңісі еді деп бағалауға болмас.
Қанша талпынғанымен ұзақ жылдар
бойы құрсауда ұстап келген ленин-
дік әдіснама ырық бермегендіктен,
жеткілікті деңгейде дайындалып та
үлгере алмады десе де болады. Әдеби-
теориялық тұрғыдан жақсы деңгей-
де болғанымен, осы қаламгерлердің
әдебиет тарихындағы орнын ғылыми
тұрғыда әділ бағалауда өз пози-
циясын қорғай алмады. Оған дәлел –
академик-жазушы С. Мұқанов ау-
зымен айтылса да «С. Сейфуллин –
қазақ совет әдебиетінің негізін қа-
лаушы» деген тұжырымды бірден
қабылдаттыра алмай, ұзақ жылдар
әуре сарсаңға салуы. Осы тарихи
талассыз шындықты ғылыми-зерт-
теушілік ой-пікір сол кездегі иде-
ология хатшысы Н. Жандилдин
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
328
Достарыңызбен бөлісу: |