Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет310/444
Дата17.11.2023
өлшемі3,59 Mb.
#191774
түріОқулық
1   ...   306   307   308   309   310   311   312   313   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІІ БӨЛІМ. 
Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
Негізінен әдебиет тарихының 
белгілі бір кезеңін санаулы адам-
дар ғана жасамайтыны – тарихи 
шындық. Үлкенді-кішілі әр дарын 
қадір-халінше қызмет етеді. Сол ар-
қылы өз кезеңіндегі әдеби даму дың 
көркемдік процесіне, әр жанр дың 
өсуі мен кемелденуіне үлес қосады. 
Ғылыми зерттеулерде олардың бар-
лығы қамтылғанда ғана сол дәуір 
әдебиетінің барлық болмыс-бітімі 
ашылады. Бұл тұрғысынан келгенде, 
Сәкен, Ілияс, Бейімбет мұралары-
ның алды кітап болып шығып, 
шығар машылығы зерттеу нысана-
сына нақ ты алына бастаған шақта, 
ғы лыми-зерттеушілік ой-пікір осы 
кезең әдебиетін жан-жақты тексеру-
ге ұмтылыс жасап бақты. Міне, осы 
мақсатта, яғни 20-30-жылдардағы 
қазақ әдебиеті тарихын ғылыми 
тұрғыда сөз етуге тұрарлық барлық 
өкілдерін қамти отырып жүйелі тексе-
ру деген жаңаша бағытта ой қоз ғаған 
Б. Кенжебаевтың «Өтелмеген па рыз» 
мақаласы (1957, 25 қаңтар) ке ңестік 
идеологияның саяси айып таққан 
ауыр соққысының астында қалды. 
Оны жариялаған «Қазақ әдебиеті» 
газеті жазаланды. Шындығында 
мақалада совет өкіметінің ірге та-
сын қозғайтындай ешқандай саяси 
немесе ұлтшылдық пікір жоқ еді. 
Тіпті 1937 жылғы «ұлтшыл-фашист» 
атанғандардың бір де бірінің аты-
жөні де аталмаған. Керісінше, осы 
кезеңдегі кеңестік идеология та-
лаптарына сай шығармалар жа-
зып, қудалауға ілікпей, өз ажалы-
нан өлген немесе соғыста оққа 
ұшқан Ш. Иманбаева, Е. Бекенов, 
А. Сегізбаев, С. Ерубаев, Б. Бұлқышев, 
А. Жұмағалиев, Р. Малабаев секілді 
ақын-жазушылар шығармашылығын 
зерттеу, қалдырған мұрасын жа-
риялау, әдебиет тарихында алатын 
орнын белгілеу секілді дәуір талап 
етіп отырған проблема көтерілген 
еді. Бірақ, бұлардың қатарында 
«алашордашылардың жақтасы бол-
ған, кеңес өкіметіне қарсы үгіт 
жүргізгендіктен саяси сенімсіздікке 
ұшыраған» С. Садуақасовтың да 
аталуы қырағы көздердің назары-
на бірден ілікті. Кеңестік идеоло-
гия бұл мақала үшін бұрынғыдай 
дау-дамай ұйымдастырып қаулы 
қабылдамағанымен, авторға қатаң 
ескерту жасап, газет редакциясын 
жазалауы арқылы әдебиеттану мен 
сынға тым еркінси бермеу керектігін 
мықтап ескертіп, тізгіндеп қойды.
Өз өсу, қалыптасу жолында та-
лай құрбандықтарға бара алған 
қазақ әдебиеттануы өкілдері қыз-
меттен шығару секілді «жеңіл» 
жазаларға дайын еді. Өз арыста-
рын танып-білуге ұмтылған халық 
тілегі, ұлттық мүддеге тамыр тарта 
бастаған ұлттық сана мен қоғам-
дық ой-пікір 1920-1930-жылдардағы 
ақын-жазушылардың барлығы бірдей 
ақталуын талап етті. Кеңестік идео-
логия қанша қаралағанымен, халық 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


330


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   306   307   308   309   310   311   312   313   ...   444




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет