«хх ғасырдың 20-30 жылдарындағы қоғамдық-саяси өмір» пәні бойынша лекциялардың қысқаша мазмұны



бет10/14
Дата11.06.2023
өлшемі158,5 Kb.
#178625
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
лек

10-11-Лекция. Н.С.Хрущевтың саяси-экономикалық реформалары тұсындағы Қазақстан 4 сағат

*Лекция мақсаты:


«Жылымық» жылдарындағы әкімшіл-әміршіл жүйенің босаңси бастау себептерін ашу. Қоғамдық өмірді демократияландыруға бағытталған ой еркіндіктеріне шолу жасау.

* Түйін сөздер:


«Коммунистік партияның XX съезі», «қуғын-сүргін науқаны», «орыстандыру саясаты», «экологиялық дағдарыс»

* Негізгі сұрақтар


1.«Жылымық» жылдарындағы Қазақстан
2.Қазақстанның индустриялық дамуы және оның проблемалары
3. Тың және тыңайған жерлерді игеру нәтижелері мен сабақтары
4.1966-1970 жылдардағы экономикалық реформалар

1.Тарихта «жылымық» деп аталып жүрген 1954-1964 жылдары біршама басшылықтың ұжымдық принциптері енгізіліп, әкімшіл-әміршіл басқару жүйесі босаңси бастады. Қоғамдағы кеңес және қоғамдық ұйымдардың рөлі біршама өсті.Қоғамдық өмірді демократияландыруға бағытталған бұл шаралар біршама ой еркіндігін туғызды. Нәтижесінде мыңдаған кінәсіз сотталған адамдар лагерлерден босатылып, партияның кейбір көрнекті қайраткерлері босатылды. Сөйтсе де әкімшіл-әміршіл жүйе толығымен жойылмады. Кінәсіз сотталған адамдар түрмелерде қала берді. Қазақ зиялыларының қызметіне әділ баға берілмеді. Тоталитарлық тәртіп қоғамды бақылауда ұстауын тоқтатпады.


2.50-ші жылдардың екінші жартысынан кейінгі жылдардағы қазақстанның индустриялық дамуының негізгі бағыттары 1956 жылы өткен КОКП-ның 20 съезінде қабылданған халық шаруашылығын дамытудың 6-шы бесжылдық, 1959 жылы 21 съезде қабылданған жетіжылдық және 1966 жылы 23 съезде қабылданған 8- жылдық жоспарына сай құрылды. 60-шы жылдардың өзінде 700-дей кәсіпорын қатарға қосылды. Оның ішінде жезқазған байыту комбинаты, Өскемен су-электр станциясы, Бұқтырма су-электр станциясының бірінші кезегі, қарағанды 2 жылу электростанциясы т.б. қатарға қосылды.


3.1954 жылдан бастап тез арада ауыл шаруашылығының тарихта болмаған дамуын қамтамасыз ету үмітімен Қазақстанға тікелей қатысты тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны басталды. Бұл науқан үш кезеңнен тұрады: 1) 1954-1955 жж., 2) 1956-1958 жж., 3) 1959-1965 жж. Науқан барысында негізінен солтүстік облыстарда жүздеген совхоз орталықтары салынды. Басқа республикалардан 640 мың адам көшіріліп әкелінді. Қазақстанда 18 млн. га. жер жыртылды. 1956 жылы алғаш рет миллиард пұт астық алды. Тың астығы сапалы болғандықтан экспортқа шығарыла бастады.


Орталық басшылық 1956 жылдың ақпан ай ында өткен КОКП-ның 20 съезінде Қазақ КСР-нің алдына жаңа міндет – астық өндіруді 5 есе арттыру міндетін қойды. Осыған сай 60-шы жылдардың ортасына қарай Қазақстанда жыртылған тың және тыңайған жер көлемі 25 млн. га. жетті. Бірақта тың игерудің алғашқы жылдарында қол жеткен табыс одан әрі ұштасып кете алмады.Өйткені жаңадан игерілген тың жерлер 60-шы жылдардың ортасына қарай өз мүмкіндіктерін сарқи бастаған болатын, осының салдарынан әрбір гектардан жоспарланған 14-15 ц. астық орнына 1954-56 жж. 7,4 ц. жиналса, 1961-64 жж.- 6,1 ц., ал 1964 жылы – 3,1 ц. ғана жиналды. Осы кезден бастап епіміз АҚШ, Аргентина, Канада, Франциядан астық сатып алуға кірісті.
Тың игеру жылдарындағы қоныс аудару саясаты епдегі демографиялық жағдайды одан әрі күрделендірді.
Тарихта бұрын болып көрмеген көлемді жерді жырту орны толмас экологиялық апатқа, мал жайылымының күрт қысқаруына алып келді, 18 млн. астам жер эрозияға ұшырады. Мал өсіру саны 3 есе азайды.

4.60-шы жылдары халық шаруашылығын әкімшіл-әміршіл, бюрократтық жолмен басшылық жасаудың тиімсіз екендігі сезіліп, елдің сол кездегі басшылығы оны қайта қарауға талпыныс жасады. 1959 жылы түсті металлургияның барлық кәсіпорындары Қазақстанның қарамағына берілді. КОКП ОК 1965 жылғы қыркүйек пленумында экономикадағы әкімшілік айыпталып, өндіріс басшылығын салалық принцип бойынша одақтық, республикалық және жалпыодақтық министрліктер құру жөнінде шешім қабылданды. Өндіріс орындарына біршама еркіндік беріліп, жаңаша жоспарлау мен экономикалық ынталандыруға көше бастады.


Халық шаруашылық кеңестері жойылып, жаңадан құрылған министрліктер өз салаларын өздері қаржыландыруға көшті. Бұл реформа нәтижелері жоғары болды. Сегізінші бесжылдықта (1966-1970 жылдары) халық шаруашылығы жоспарлы экономикаға көшкен кезден бері алғаш рет ең жоғарғы көрсеткішке жетті.

* Өзін-өзі тексеру сұрақтары:


- Әкімшіл-әміршіл жүйе жағдайында нарықтық қатынастар заңдылықтарының жүзеге аспау себептері;
- Ұлттық мәдениеттің даңдарыс деңгейін анықтау;

* Ұсынылатын әдебиеттер:


- Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы,2005
- Хрестоматия по новой и новейшей истории,2007
- Омарбеков Т. XX ғасырдағы Қазақстан тарихының өзекті мәселелері,2001.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет