Хх ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалардың қайшылықтары мен зардаптары



бет3/9
Дата11.10.2022
өлшемі3,04 Mb.
#152560
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
6 АПТА
Бекаа, Сыбайлас жемқорлықтың түрлері, Лекция 4 Опасные метеоявления ПП ATSEP 6 часов 89 слайдов, Lektsiya 1 Kulturologiya, ?ëåóìåòòàíó æ?íå á³ðåãåéë³ê, Тұлғалық ресурстар ұлттық сананы сақтау мен дамытудың факторN

Қоғамдық - саяси қозғалыстар.


1989 жылдың көктемінде Қазақстанда алғашқы болып «Невада - Семей» экологиялық қозғалысы құрылды. Бұл қозғалыстың лидері ақын О. Сулейменов болды. Қозғалыстың мақсаты – республика жеріндегі Семей және басқа полигондарды жабу, полигон зардабын шеккен халыққа көмек көрсету. Қозғалыс төрағасы - О. Сулейменов пен қоғам қайраткері М. Шахановтың бастамасымен Балқаш және Арал проблемалары бойынша комитет құрылды. Комитеттің негізгі мақсаты Арал төңірегіндегі экологиялық апаттың зардабын шеккендерге көмек беру, теңіздің экологиялық апатына үкімет назарын аудару болды.
1989 жылы «Әділет» коғамы құрылды. Қоғамның негізгі мақсаты ұжымдастыру кезіндегі ашаршылық, сталиндік репрессия шындығын ашу болды. Бұдан басқа Қазақстанда «Азамат», «Ақиқат», «Қазақ тілі», «Мұсылман әйелдер лигасы» сияқты қоғамдық саяси қозғалыстар құрылды.
1990 жылы «Азат» азаматтық қозғалысы құрылды. Басты мақсаты Қазақстанның мемлекеттік егемендігін алу болды. 1990 жылы ұлтаралық «Единство» қозғалысы құрылды. Қозғалысқа ғылыми-техникалық интеллигенция өкілдері кірді. Осы кезде «Желтоқсан» партиясы құрылды. Бұл партияның құрамына

1991 жылғы тамыз бүлігі

  • 5 тамыз күні М. С. Горбачев отбасымен бірге Қырымда құрылысы жаңадан аяқталған Форосқа демалуға кетті. М. С. Горбачев демалысқа кеткеннен кейін ел билігін Мемлекеттік төтенше жағдай комитеті өз қолына алады. 18 тамызда Форосқа ГКЧП (Мемлекеттік төтенше жағдай комитеті) мүшелері — Бакланов, Шенин, Болдин, Варенников жөне Плеханов барып, М. С. Горбачевтің елде төтенше жағдай жариялау туралы құжатқа қол қоюын талап етті. М. С. Горбачев құжатқа қол қоюдан бас тартты. ГКЧП-ның басшылары вице-президент Г. И. Янаев, В. С. Павлов, Д. Т. Язов, Б. К. Пуго, В. Крючков, В. А. Стародубцев, А. И. Тизяков және Бакланов болды. 19—21 тамыз күндері ГКЧП басшылары Мәскеу төңірегіне әскерлерді әкелді. Бірақ, нақты іс-әрекеттерге бармады. Мәскеу қаласында демократиялық күштердің шақыруымен 500 мың адам қатысқан саяси шеру болды. Жиналғандар алдында Б. Н. Ельцин сөз сөйлеп, ГКЧП-ның іс-өрекеттерін антиконституциялық, антидемократиялық деп бағалады. ГКЧП мүшелері ешқандай қарсылық көрсетпеді. 1 тамызда ГКЧП мүшелері Форосқа барып, М. С. Горбачевті Мәскеу қаласына өкелді. 22 тамызда ГКЧП басшылары тұтқындалды. Елдегі билік Б. Н. Ельциннің қолына көшті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет