Бір ерекше айтып кететін жағдай, қайта құру жағдайында бұқаралық хабарлама органдары елдегі, соның ішінде Қазақстанда болып жатқан жағдайларды, өзгерістерді ешқандай бүкпесіз ашық жариялап отырды. Әсіресе, республикада орын алған әлеуметтік және ұлттық қайшылықтар жөнінде жан-жақты айтылды. Соның арқасында халықтың азаматтық және ұлттық сана-сезімі едәуір өсті. Қоғамда орын алған жұмыссыздық, балалар өлімі, халықтың мәдени-тұрмыстық, үй-жай жөнінде әлеуметтік зерттеулер жүргізіліп, оның қорытындылары ашық жарияланып отырды. Мұның өзі бұқара халықтың саяси-әлеуметтік белсенділігін күшейтуге көмектесті. Қайта құру барысында қазақ халқы өзінің тарихы, ұлттық қайта даму, ана тілі, мемлекеттік егемендік алу жөнінде талаптарын қоя бастады, бұл мәселелер жаңа қырынан көрініс тапты. Біздің қоғамымызда демократиялық қатынастардың одан әрі тереңдеп өрістеуі кеңестердің қызметінен айқын көріне бастады. “Барлық өкімет Кеңестерге берілсін!” деген ұран жанданды. Бұл мәселені бастапқы кезде кеңестерге партия басшылығын күшейту арқылы шешу үшін күш салынды, бірақ одан ештеме шықпады. Өйткені компартияның қызметінде елеулі кемшіліктер мен тоқыраушылық орын алды. НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!! НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!
Достарыңызбен бөлісу: |