Хх ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалардың қайшылықтары мен зардаптары



бет1/10
Дата02.11.2022
өлшемі3,04 Mb.
#156179
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
6 АПТА (копия)

ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалардың қайшылықтары мен зардаптары.

6 АПТА

Жоспары:

  • 1. КСРО-ның әкімшіл-әміршіл жүйесін демократиялық жолмен қайта құруға талпыныстар.
  • 2. Қайта құру мен жариялылықтың экономикаға әсері.
  • 3. Экономиканы басқарудағы өзгерістер

Экономикалық тәуелсіздікке жету шараларының жартыкештігі. Дағдарыс алдындағы қоғамның жағдайы.

  • КСРО құрамындағы барлық одақтас республикаларда 1980 жылдан кейін аса күрделі жағдай басталды. Мұндай жағдай елдің әлеуметтік, экономикалық нышандарының жоқтығынан туып еді. 1985 жылы наурыз айында КОКП Орталық комитетінің Бас хатшысы болып М.С. Горбачев сайланды. Қызметінің алғашқы күнінен бастап елдегі дағдарыс жағдайының себептерін ашу үшін батыл шаралар жүргізіп, күн тәртібіне кадр мәселесін қойды. КОКП Орталық комитетінің саяси бюросы мен президиумы жасына келген қарт адамдардан құралды. 1982—1985 жылдарда Л. И. Брежнев, М. А. Суслов және У. Черненко қайтыс болды. М. С. Горбачев экономикалық реформаны жүргізуді бастау үшін жас кадрларды тарта отырып, өз “командасын” жинады. Партия жөне мемлекет басшылығына көптеген жаңа адамдар келді. 1985 жылы 23 сәуірде КОКП Орталық комитетінің пленумы болды. Пленумда М. С. Горбачев баяндама жасап, социалистік қоғамды дамытудың жаңа міндеттерін белгіледі. Қоғамды түбегейлі өзгерту жөне өлеуметтік экономиканы дамытуды тездетуді тапсырды. Қоғамдағы адамдардың рөлін арттыра отырып, өндірісте төртіпті күшейту, еңбекке ынталандыруды жетілдіру көзделді. Өнеркәсіп салаларының құрылымын жаңарту, инвестициялық жүйені дамыту арқылы экономиканы модернизациялауға көп көңіл бөле отырып, машина жасау өнеркәсібін дамытуды 1,7 есеге арттыру міндеттерін белгіледі.

Дағдарыстың себептері. Саяси саладағы белгілері


1. Басшылықтың өзгерістерді жүзеге асыру қажеттігін түсінуге қабілетсіздігі және дәрменсіздігі. 2. Қоғамдық өмірдің, экономикалық қызметтің, азаматтардың жеке өмірінің бір орталықтан басқарылуы. 3. Партиялық және мемлекеттік функциялардың бірігуі мен төрешілденуі. 4. Заңдылықтың бұзылуы. 5. Жариялылықтың болмауы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет