АКТ
ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.
Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық — коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері — жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет. Ақпараттық коммуникативтік технологияны пайдаланып, оқыту құралдарында жаңа иллюстрация түрлерінің пайда болуы, қағаз тасымалдауыштарда бастырылып шығарылған, дәстүрлі оқулықтарда қолданылған алдынғы тәсілдерден мүлдем бас тартуды білдірмейді. Дәстүрлі оқу кітаптарын иллюстрациялау және полиграфиялық безеңдендіру аймақтарында едәуір тәжірибе жинақталған. Осыған байланысты иллюстрацияның өзі, басылымның элементтерін кеңістікте топтастыру ерекшеліктері, жеке элементтердің басым көрсетілуі (көзбен қарағанда), қабылдаудың физиологиялық жақтары (баспаның айқындығы, қаріп ерекшеліктері т.б.) ерекшеленеді.
Қазіргі уақытта арнайы бағыттағы ақпараттық коммуникативті технолгияның құралдарын құру үрдісінде көптеген білім беру бағыттары мен оқу пәндері бойынша мультимедиалық энциклопедиялар жасалған. Оқытудың жаңа әдістерін пайдалана отырып, оқу үрдісін ұйымдастыру мүмкіндігін беретін ойындық ситуациялық тренажерлар және мультимедиалық оқыту жүйелері құрастырылған.
Оқу жүйесіндегі ақпараттық технологиялар (АТ) — компьютерлік техника мен программалық құралдардың көмегімен оқушыға ақпаратты дайындауды және беруді жүзеге асыратын процесс. Оқу жүйесіндегі ақпараттық технологияларда ақпаратты беріп үйренуде екі нәрсені бөліп айтуға болады: техникалық құралдар, оған компьютерлік техника, байланыс жолы, және әртүрлі жүктеме бойынша берілетін программалық құралдар (ПҚ). Оқытушы компьютердің көмегімен берілетін сабақты өңдеуде оның функционалдық мүмкіндіктерін және жоғарыда аталған компоненттердің әрқайсысын қолдану шартын білуі тиіс. Техникалық құралдардың да программалық құралдардың да өз ерекшеліктері бар және оқу барысына айтарлықтай әсерін тигізеді.
Әуелі мына сұраққа жауап берсек, компьютерлік техниканы сабақта не үшін қолданады және ақпараттық технология құралдарын қолданып қандай әдістемелік мәселелерді шешуге болады? Ақпараттық технологияны пайдаланудың педагогикалық мақсаты мынада:
1. Жеке басының дамуы
• ойлану
• эстетикалық тәрбие
• экспериментальды-зерттеу мүмкіндігін дамыту
• ақпараттық мәдениетін қалыптастыру
2. Әлеуметтік тапсырысты орындау
• пайдаланушының жалпы ақпараттық дайындығы («компьютерлік сауаттылық» деп аталатын)
• белгілі бір мамандықтарды дайындау
3. Оқу- тәрбиелік процесті күшейту
• оқытудың тиімділігін және сапасын күшейту
• танымдық әрекетін қамтамасыздандыру
• ақпараттық және пән бойынша дайындықты интеграциялау арқасында пәнаралық байланысты тереңдету.
Қоғамдағы жаңа өзгерістер және оның тез ақпараттандырылуы мен даму жылдамдығы білім беруге қойылатын талаптарды да түбегейлі өзгертіп, қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласына төмендегідей міндеттерді қойып отыр:
• Білім сапасын арттыру;
• Әлемдік білім беру кеңістігіне ену;
• Орта білімді ақпараттандыру;
• Интернет жүйесін пайдалану;
• Электрондық оқулықтар;
• Қашықтықтан басқару:
Компьютерлік технологияны пайдалану мұғалімге оқушының оқу пәніне деген танымдық қызығушылығын дамытудың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Жаңа ақпараттық технология өзіндік ерекшеліктерімен ерекшеленеді. Олар төмендегідей:
• Жобаның презентациясын жасау мен ұйымдастыру;
• Ғылыми — көпшілік журналының сайтына кіру;
• Әлемнің кез-келген еліндегі оқушылар мен еркін араласу;
• Интернет- олимпиада мен шығармашылық байқауларға қатысу;
Жаңа ақпараттық технологияның ішінде ең тиімді технологияларға: оқытудың компьютерлік технологиясы, мультимедиялық технологиялар, презентациялық технологиялар, дистанциялық оқыту технологиялары кіреді.
Оқытудың компьютерлік технологиясы — ақпаратты бейнелеу, тасымалдау және жинақтау, оқушының танымдық әрекетін бақылау және басқару сияқты педагогтың кейбір функцияларын модельдейтін компьютерлік техника, телекоммуникациялық байланыс құралдары және интерактивті программалық өнім негізінде жұмыстың педагогикалық шарттарын жасау тәсілдері, әдістері, құралдары жиыны.
Рефлекция: АКТ-ны пайдаланып сабақ өту өте тиімді, оқушыларға түсінуге өте ыңғайлы.
Әдебиет тізімі
1.Бережнова Л.Н. Этнопедагогика: учеб. пособие / Л.Н. Бережнова, И.Л. Набок, В.И. Щеглов.- М.: «Академия», 2007.- 240с.
2. Бережнова Е.В. Основы учебно-исследовательской деятельности студентов: учебник / Е.В. Бережнова, В.В. Краевский.- М.: «Академия», 2005.- 128с.
3. Коджаспирова Г.М. Словарь по педагогике (междисциплинарный) / Г.М. Коджаспирова, А.Ю. Коджаспиров.- М.: ИКЦ «МарТ»; Ростов н/Д: ИКЦ «МарТ», 2005.- 448с.
4. Коджаспирова Г.М. Педагогика в схемах, таблицах и опорных конспектах / Г.М. Коджаспирова.- М.: Айрис-пресс,2006.- 256с.
5. Максакова В.И. Педагогическая антропология: учеб. пособие / В.И. Максакова.- М.: «Академия», 2004.- 208с.
6. Морева Н.А. Современная технология учебного занятия / Н.А. Морева.- М.: Просвещение, 2007.- 158с.
7. Мудрик А.В. Социализация человека: учеб. пособие / А.В. Мудрик.- М.: «Академия», 2006.- 304с.
8. Нечаев М.П. Современный кабинет математики /М.П. Нечаев, Н.Л. Галеева.- М.: 5 за знания, 2006.- 208с. – (Школьный кабинет).
9. Никитина Н.Н. Введение в педагогическую деятельность: Теория и практика. / Н.Н. Никитина, Н.В. Кислинская.- М.: «Академия», 2004.- 224с.
10. Педагогика: учеб. пособие / Под ред. П.И. Пидкасистого.- М.: Педагогическое общество России, 2006.- 608с.
11. Русские дети: Основы народной педагогики. Иллюстрированная энциклопедия / Д.А. Баранов, О.Г. Баранова, Т.А. Зимина и др.- СПб.: Искусство-СПб, 2006.- 566с.
12. Свадковский И.Ф. Введение в педагогику: курс лекций / И.Ф. Свадковский.- М.: Академия, 2005.- 156с.
Достарыңызбен бөлісу: |