Ххі ғасыр көшбасшысы



Дата15.09.2017
өлшемі82,09 Kb.
#33325
ХХІ ғасыр көшбасшысы

Тақырыбы: “ХХІ ғасыр көшбасшысы” интеллектуалдық ойын                        

Мақсаты:  

 1. Пәннен алған білімдерін кеңейту,   тереңдету, жетілдіру, қалыптастыру.

2. Алған білімдерін практика жүзінде қолдана білулерін  дамыту. Білімге деген құштарлығын, қызығушылығын арттыру.

 3. Өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа, ауызбіршілікке баулу.



Ойын барысы

     І.Кіріспе сөз.

- Армысыздар, құрметті ұстаздар мен лагерьде демалушы оқушылар !

«Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ», «Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады» – деп халқымыз бекер айтпаса керек. Бүгінгі біздің 6- сынып оқушылары арасында өткелі отырған «XXI ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық ойынына қош келдіңіздер!

Бәйгеге түсіп жарыспай

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие, тәлім табар мән.

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

Кім жүйрік ойға, сол алда,-дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Осы уақытқа дейін алған  білімдерін оқушылар ортаға салады.

 Ендеше, “ХХІ ғасыр көшбасшысы ” атты интеллектуалдық ойынымызды бастайық. Енді, сайысқа қатысушылармен танысып өтейік.

 1-ші қатысушы -  Оразаева Қарақат

2-ші қатысушы – Боздақова Асылай

3-ші қатысушы -  Жалғасова Жангүл

4-ші қатысушы – Абжан Мерей

5-ші қатысушы - Нұрланқызы Нұрайна

Сайыс бөлімімен таныстырайын. Сайыс 5 бөлімнен  тұрады.

І бөлім  – “ Бәйге”.

ІІ бөлім – “Тіл өнері “

ІІІ бөлім – “Ғажайып төрттік ”

ІҮ бөлім – “Полиглот”.

Ү бөлім – “Жорға” деп аталады.

Сұрақтар қойылған кезде дұрыс қол көтеріп, нақты жауап береміз. Тез әрі жауабы дұрыс оқушыға ұпай беріледі.


1.«БӘЙГЕ» кезеңі

Бұл кезеңнің шарты бойынша сайыскерлерге 20 сұрақ оқимын. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан, дұрыс жауапты білген оқушы ақ жалаушаларыңызды көтересіздер.

Сұрақтар:

1. ҚР - ның мемлекеттік тілі ? ( қазақ тілі )

2. Басты байлық ? ( денсаулық )

3. Қазақша жыл басы ? (тышқан )

4. Абайдың 5 асыл іс пен 5 дұшпанды атап шық?
5 асыл: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым
5 дұшпан: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ

5. ҚР –ның мемлекеттік рәміздерін, авторларымен ата . (Ту –Шәкен Ниязбеков , Елтаңба –Шот-Аман Валиханов, Жандарбек Мәлібекұлы, Әнұран - Жұмекен Нәжімеденов, Шәмші Қалдаяқов, Нұрсұлтан Назарбаев )

6. Абылайдың шын аты ? ( Әбілмансұр )

7. Заттың қимылын, іс- әрекетін білдіретін сөздер...(Етістік)

8. Ұя салмайтын құс ( көкек)

9. ҚР –ның тұңғыш ғарышкері кімдер ? (Т.Әубәкіров)

10. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша?(Жұрнақ)

11. 9 мамыр – қандай күн ? (Жеңіс күні )

12. Алғаш «Қазақ хрестоматиясын » жазған кім ? (Ы.Алтынсарин )

13. Ең кіші натурал сан ? (1 )

14 Құрманғазының шәкірті ? ( Дина )

15. Жер астынан фонтанша атқылайтын су ? (артезиан )

16.ҚР қандай елдермен шекаралас ? ( Ресей, Қытай, Өзбекстан, Түркіменстан,Қырғызстан)

17. Атақты суретшіні ата ? (Әбілхан Қастеев )

18. Облысымыз қалай аталады ,қандай пайдалы қазба бар? ( мұнай)

19. Хабарлы сөйлемнің аяғына қойылатын таңба... (нүкте)

20. Дауыссыз дыбыстар неше топқа бөлінеді?(3 )қатаң, ұяң, үнді)

ІІ бөлім – «Тіл өнері»

Таңдаған тақырып бойынша өздерің білетін мақалдар айту. Әр мақал ға бір ұпайдан.

Тақырыптары: “Отан”, “ Еңбек”, “ Білім”, “ Жақсы, жаман”

Осы кезеңде алған ұпайларыңыз есепке алынып, ұпайы аз сайыскер ойыннан шығады. Ұпай санынна кезек берсек---


ІІІ бөлім – “Ғажайып төрттік ” кезеңі

Бұл кезеңде ұяшықтар таңдап, оқыған пәндеріңіз бойынша сұрақтарға жауап бересіздер. Ұпай саны аз сайыскер ойыннан шығып отырады.

Сұрақтары:

Әдебиет

1..Алты айғы қыс тартқаны – аштықтың азабы.Бар сенетіні – күйеуі Мақтым. Ол ел қыдырып, тілек тілейді. Ерте кетіп, кеш келеді. Бірақ оның да табатыны жоқ...

                           Бұл қандай шығарма, авторы кім?       («Күлпаш». Б.Майлин) 


2.  Өнер, білім бар жұрттар,

Тастан сарай салғызды.

Айшылық алыс жерлерден,

Көзіңді ашып-жұмғанша

Жылдам хабар алғызды.

   Бұл өлең қалай аталады, авторы кім?      («Өнер, білім бар жұрттар». Ы.Алтынсарин)


3 « Үш бақытым», «Қарасаз», «Аққулар ұйықтағанда » т.б. өлең ,поэмалардың авторы кім ? Бір өлеңін жатқа айт.
4. Саин Мұратбековтың «Қылау» әңгімесінің кейіпкерлерін ата .( Сатай, Рабиға, Сатайдың әкесі)

МАТЕМАТИКА

  1. Ең кіші төрт таңбалы сан. 1000

  2. Шенбердің ұзындығы неге тең? (C=2пr)

  3. Натурал сандар деген не? (нәрселерді, заттарды санағанда қолданатын сандар)

  4. 70 – тің 50% неге тең?


Биология

1.Адам денесінің тірегі           ( Қаңқа)

2. Жасуша деген не? ( тірі ағзалардың ең кіші бөлшегі)

3. «Ботаника» нені зерттейтін ғылым ( өсімдіктер дүниесін зерттейтін ғылым?

4. Жапыраққа жасыл түс беретін органоид (пластид оның ішінде хлорофилл)
Қазақ тілі


  1. Әдемі сөзіне жуық мәндес сөзді ата (сұлу)

  2. Жалқы есімдер қалай жазылады?

  3. Еліктеу сөзер мағынасына қарай нешеге бөлінеді? (еліктеуіш, бейнелеуіш, мысал келтір)

  4. Тұйық етістігі қандай жұрнақ арқылы жасалады? («у» жұрнағы бару, келу, жазу)

Осы кезең бойынша ұпай саны есептеліп, ұпай саны аз оқушы ойыннан шығады.

ІҮ – “Полиглот” кезеңі

«ЖҰМБАҚТАР»

Бұл айналымдамен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 3 тілде (қазақша, орысша, ағылшынша) айтуларың керек. Ойынды ұпайы аз сайыскер бастайды. Ендеше бірінші жұмбаққа назар аударайық.



(Слайдпен  көрсету, оқушыларға оқыту)

  1. Қолы жоқ сурет салады,, тісі жоқ тістеп алады

     (аяз – мороз - frost (фаст) )

2. Қоймасын қыс ақтарып,


   Жерді жапты ақ мамық.  (қар – снег-сноу snow

3.Бірін-бірі қоштаған,

   Бір үйден көрдім,

   Қырық екі дос-жаран. (әріп – буква letter - летэ )

4. Жұқа тақтай бөлшегі,
      Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш – линейка - ruler руле)

  5. Қалқиып екі құлағы,


      Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян – заяц rabbit рәбит)

  6. Жолбарыстан аумайды,


      Тышқандарды аулайды.(мысық – кошка- cat)

  7. Жеп көріп ем өзім мен,


      Жас шығарды көзімнен. (пияз – лук onion –аниоән)

  8. Бұлаңдаған құйрығы,


      Бір алдарлық қулығы. (түлкі – лиса –fox -факс)

  9. Әттең, даусым, тілім жоқ,


      Құшағымда білім көп. (кітап – книга -book)

10.Сағат сайын қағылады,

      Тек мектептен табылады ( қоңырау-звонок –call )


Ұпай саны аз оқушы ойыннан шығады


  1. «ЖОРҒА» кезеңі. Бұл кезеңде 2 сайыскерге жеке- жеке 10 сұрақ оқылады, ұпайы аз сайыскер ойыннан шығады.


Сұрақтары:

                1-оқушыға:



  1. ҚР Тәуелсіздігін қашан алды?     (1991 жыл 16 желтоқсан)

  2. Қазақстанның солтүстік көршісін ата.       (Ресей)

  3. Абайдың шын аты.   (Ибраһим)

  4. Жер қабықтары деген нелер? (литосфера, биосфера, гидросфера, атмосфера)

  5. Атақты қазақ күйшісі кім?  (Құрманғазы Сағырбайұлы)

  6. ҚР Конституциясы қай жылы қабылданды?  (1995ж.)

  7. Сәулелі жұлдыз іздеген адам. (Ы.Алтынсарин)

  8. 100 жыл (ғасыр)

  9. Қазақтың үш биін ата.        (Әйтеке би, Төле би, Қазыбек би)

  10. Судың 3 күйі ( бу,су,мұз)

              

2- оқушыға:

1.ҚР Елбасы Н.Назарбаев президент болып қай жылы    сайланды?(1991ж)

2.Білім күні қашан тойланады?  (1-қыркүйек)

3.Үш жүздің басын біріктірген хан.  (Абылай хан)

4.12 ай (жыл)

5. Жануарлар туралы ғылым? (зоология)

 6. Балаларға тұңғыш Әліппе жазған кім?          (А.Байтұрсынов)

7. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді (3)

8. Жер шарының кішірейтілген үлгісі.( глобус)

9.Заттың сынын, сапасын білдіретін сөз табы (сын есім)

10. жер к-лем3 бойынша Қазақсатан нешінші орында?

  Ұпай сандарына кезек берейік.



ҚОРЫТЫНДЫ.

Осымен сайыс қорытындысы бойынша ұпайы аз оқушы ойыннан шығады да, сайыс жеңімпазы анықталады.

Ақыл керек білім таңдап аларға,
Білім керек іске жақсы қарарға.
Ақыл-шырақ, қара түнді ашатын,
Білім-жарық, нұрын саған шашатын,- дегендей өзінің білімімен көзге түскен ----------- «XXI ғасыр көшбасшы» атағын иеленеді.

Бүгінгі заман талабы бәсекеге қабілетті білімді ұрпақ, олай болса білімді, ойы ұшқыр, зерек оқушы болып өсулеріңізге тілектеспін. Ойында жеңілгенмен, өмірде жеңілмеңіздер. Сайысқа қатысқандарыңызға рахмет!

Сайысымыз аяқталды.

Құттықтау сөз кезегі мектеп директорына, тәрбие ісі жөнінде орынбасары, лагерь басшысына беріледі.


 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет