Ххі ғасырдағы ақпарат кеңістігінде дарынды және талантты тұлғалардың өз орнын табуы



бет1/2
Дата14.12.2021
өлшемі23,22 Kb.
#126268
  1   2
Байланысты:
21 ға Ақпарат кеңістігі талант тұлға. Мухамедияр Айым. Мақала.


Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің №2 жалпы білім беретін мектебі: Бастауыш сынып мұғалімі: Мухамедияр Айым
ХХІ ғасырдағы ақпарат кеңістігінде дарынды және

талантты тұлғалардың өз орнын табуы
Бүгінгі ақпарат кеңістігінде өмірді ақпараттық технологияларсыз елестету мүмкін емес. Ақпараттық технологияның екпінді дамуы нәтижесінде ақпарат мемлекеттік басқарудың басты ресурсына айналды. Тіпті ақпараттық мемлекет деген жаңа термин пайда болды. Ақпарат кеңістігі дегеніміз – өндіріс пен ғылыми-техникалық және басқа ақпаратты қолдануды қоғам дамуының басты факторы ретінде қарастыратын әлеуметтік тұжырымдама. Ақпараттық қоғамды дамытудың негізгі белгілері компьютерлердің болуы, компьютерлік желілер, смартфондар және сондай-ақ күнделікті қызметте ақпараттық және коммуникациялық технологияны пайдаланатын, ақпараттық салада қамтылған халықтың санын дамыту деңгейі болып табылады. Қазақстан өз кезегінде жаһандық ақпараттық қоғамның қалыптасу процесіне барынша үлес қосуда. Өндірістің жоғары деңгейімен және ақпарат пен ақпараттық қызметтер мүддесімен сипатталатын қоғам. Әлемнің мәдениетті елдер қатарында болған ақпараттық технология, білім мазмұнын анықтау мен жаңа ақпаратты білім технологияларын құрастыру жолдарына әкеледі [1].

Экономикалық және әлеуметтік өмірдің барлық қыр сырын бұқаралық және стандарттық сипаттардан арылту. Қоғамда болып жатқан өзгерістердің қарқындылығы, инновациялардың жоғары деңгейлігі. Қалыптасып келе жатқан ғаламдық ақпараттық қоғамда ақпараттың рөлі мен мәні артып отыр. Ақпараттық технологиялардың адамның қажеттілігі мен өмір сүру ортасына, еліміздің экономикасының дамуына да зор ықпал етуде. «Ғаламдық өркениет» күннен-күнге қарыштап дамуда. Осы ақпарат кеңістігінде жұмыс жасап жүрген талантты да дарынды жастар қаншама. Олар талантты мен дарындылығын шыңдап, ел экономикасының дамуына өз ықпалын тиігізіп жүр. Олардың жасаған еңбектері қазіргі таңда бағалана ма, әлде жасаған жұмысының жемісін көріп, қоғамдық ортада өз орындарын таба алды ма? Ақпарат кеңістігінде дарынды және талантты тұлғалар өз орын тауып, ел экономикасының өсуіне ықпалын тигізсе, ХХІ ғасыр ақпараттық технология ғасыры екендігіннің дәлелі [2].

Әлеуметтік және саяси өзгерістер ақпараттық қоғам теориясында тікелей нәтижесі ретінде қарастырылуда. Демократияны дамыту болашағы ақпараттық техниканы таратумен байланыстырады. Қазіргі қоғамда ақпараттық технологияның, техниканың, компьютердің қарқынды дамуы адамзат баласының жаңа дәуірге аяқ басқандығы. Адам баласының толық «техникаландырылған» және «ақпараттандырылған» әлемде өмір сүру, тіршілік ету мәселесі философтарды тереңірек жұмыс жасау нәтижесінде «ақпараттық қоғам» тұжырымдамасы пайда болды [3].

Ақпараттық коммуникациялық технологиялар қоғамды жаңғыртудың маңызды факторлары адамдардың өмір сүру салтына, экономикалық көрсеткіштерге ықпалы, Қазақстан азаматтарының өмірі мен экономикасы үшін ақпараттық коммуникативтік технологиялар даму маңыздылығын сипаттайды. Халыққа және бизнеске ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыру үшін «Азаматтарға арналған үкімет» қызметін жақсарту бойынша үлкен жұмыс жүргізілді. Қазіргі пандемияға байланысты жоғарғы және мектепте білім алушылар толық қашықтан оқуға көшті. Сол сәтте ақпараттық технологияның пайдасы зор ықпалын тигізді. Бірақ ақпараттық қоғамды құру осымен аяқталмайды, үздіксіз жұмыс жүргізілуде. Бағдарламада қол жетімді электронды денсаулық сақтаудың қызметтерін алуға, қашықтықтан жұмыс істеуге, өмірлік оқу және дайындық, электрондық білім арқылы ақпараттық технологиялармен жұмыстардың дағдыларын алуға және меңгеруге азаматтарға мүмкіндіктер тудыру сияқты ақпараттық технологияның қызметтері қарқындап дамып, іс-жүзіне асуда. Осы ақпараттық кеңістікке шығуға, еліміздің ақпараттық технологиясының, барлық салаларының дамуына қызмет еткен адамдардың қоғамдағы орны ескерілмей қалып қойып жатырма деген сұрақ мазалайды. Сондай-ақ біздің елдің неғұрлым ашық, қол жетімді және бәсекеге қабілетті экономикасын құру мақсатында Бағдарламамен экономиканың негізін қалайтын саладағы зияткерлік жүйелерді барынша көп енгізу көзделеді. Қазақ елінің дарынды, талантты тұлғаларын барынша дамытып, оларға қолдау көрсету керек екенідігін баса айтып өткім келеді [4].

Ақпараттық қажеттілік тұлғаны ақпараттық жинақтаған білімі арқасында басқа қажеттіліктерін жүзеге асырып, өзін-өзі дамытуға бағыттайды. Қазіргі уақытта жəне болашақта жастардың бойында   ақпараттық   мəдениетті қалыптастыру - қоғамның алдында тұрған ең басты міндет. Ақпараттық мəдениеті қалыптасқан, сауатты адам қажетті ақпаратты тауып алуға, бағалауға жəне тиімді қолдануға қабілетті, ақпарат сақталатын дəстүрлі жəне автоматтандырылған техникалық құралдарды дұрыс пайдалана білуі қажет [5].

Адам ақпараттық коммуникация процесінде тек ақпарат алып қана қоймай, алған ақпараттарды пайдалана отырып, өз мүмкіндіктерін арттырып, ақпараттық қажеттілігін қанағаттандырады, ойөрісі дамып тұлға ретінде қалыптасады. Сондықтан  адамның  ақпараттық  мəдениеті  оның ақпараттық мінез-құлқынан, ақпараттық өмір салтынан, нақты ақпараттық əрекетінен байқалады. Ақпараттық мінез-құлық адамның ақпаратпен жұмыс жасау, өзінің ақпараттық өрісін жəне өз жүріс-тұрысын ретке келтіру мен талдауға қажетті қабілеттіліктері мен дағдыларын бейнелейді [6].

Тұлғаның ақпараттық мəдениеті мəдени ортаны танып-білуде жəне өзгерту үрдісі жүзеге асатын ақпараттық əрекеттен көрінеді. Қазіргі күні ақпараттық-коммуникациялық технологиялар XXI ғасыр қоғамының дамуына əсер етіп отырған ең маңызды салалардың бірі болып табылады. Олардың əсері тек адам өміріне ғана   емес,   сонымен   катар   адамзат қоғамының тұрақты жəне белсенді түрдегі дамуында да əсері орасан зор. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы қазіргі жетістіктер, біздің өмірімізге «ғаламдық ақпараттық қоғам» деп аталатын жаңа экономикалық, əлеуметтік жəне мəдени қатынастардың құрылуына алып келді [7].



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет