Хіх ХХ ғасырлардағы классикалық емес еуропа философиясы



бет1/5
Дата22.01.2017
өлшемі0,88 Mb.
#7564
  1   2   3   4   5
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік

университеті


Б.Ә.Күленов

Г.М.Қаппасова

ХІХ - ХХ ғасырлардағы классикалық емес еуропа философиясы

Оқу-әдістемелік құралы

барлық мамандықтын студенттеріне арналған

Павлодар


УДК 101.1.(075.8)

ББК 87я73

К93
С. Торайғыров атындағы ПМУ ғылыми кенесінде мақұлданды
Рецензенттер:

К.Ф.Загупаров – философия ғылымының кандидаты, ПМПИ профессоры.

А.А.Ақышев – философия ғылымының кандидаты, профессор, «Тарих және құқық» факультеттің деканы.

Г.Ғ.Ахметова – философия ғылымының кандидаты, доцент, «Философия, әлеуметтану және саясаттану» кафедраның меңгерушісі.

К 93 Күленов Б.Ә., Қаппасова Г.М.
ХІХ–ХХ ғасырлардағы классикалық емес еуропа философиясы: оқу-әдістемелік құралы. – Павлодар, 2007. – 50 б.
Ұсынылған оқу-әдістемелік құралында ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдағы Батыс философиясының негізгі ағымдары қамтылған. Осы дәуір философиялық мәдениетті байытқан тамаша ойшылдарды шығарды. Студент қауым және колледж оқушылары осы оқу құралы арқылы, олармен кеңінен таныса алады.

Жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттеріне арналған.

УДК 101.1.(075.8)

ББК 87я73



© Күленов Б.Ә., Қаппасова Г.М., 2007

© С. Торайғыров атындағы Павлодар

мемлекеттік университеті, 2007



Кіріспе
Классикалық философияның әртүрлігіне қарамастан, мақсаттары және философияның міндеттері жағынан ортақ мәселелері көп болды. Қазіргі философияда классикалық философиямен ұқсастығынан гөрі, айырмашылығы басым. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында көптеген философиялық ұғымдар «нео» жалғауымен шыға бастады. Олар, біржағынан алғашқы философиялық жүйелермен генетикалық туыстығын сақтаса, екінші жағынан керісінше классикалық философиядан айырмашылығын баса көрсетеді. Тегі, барлық мәселелерді қамтитын философиялық жүйелердің уақыты өткен сияқты.

Өткен ғасырларда адамзаттың философиялық тәжірибесі ұлғайды. Қазіргі философиялық сана позитивизмнің, экзистенциализмнің, марксизмнің, герменевтиканың, неотомизмнің және т.б. философиялық ілімдердің пікір таласынан, сұхбаттасуынан құралған.

Сондықтанда, философиялық бағыттарды мазұнының ұқсастығына байланысты бір принципке біріктіру оңай емес. Тіпті, ондай классификация жоқ.

ХІХ - ХХІ ғасыр аралығында философияның классикалық схемасының бүгінгі күні жұмыс істемеуі заңды нәрсе, өйткені, адамзат алдында «табиғат-адам-қоғам» жүйесінде шешімін таппай тұрған мәселелерге әрқилы жауап іздеуге болады. Сондықтан, құбылыстарды, оқиғаларды монистік тұрғыдан түсіндірудің философиялық плюрализммен алмасуы тиімді болар.

Осыны басшылыққа ала отырып ХХ ғасырда өздерін белсенді танытқан философиялық ойдың алты бағытын қарастырайық:

Сциентистік бағыттағы философиялық мектептер.

Іс-әрекеттік бағыттағы философиялық мектептер.

Антропологиялық бағыттағы философиялық мектептер.

Діни (теологиялық) бағыттағы философиялық мектептер.

Әлеуметтік сыни бағыт.



Герменевтика және «постструктуралистік-постмодернистік кешен».


1 Сциентистік бағыт

Позитивизм – XIX – XX ғасырдың бірінші жартысындағы философиялық бағыт. Позитивизмнің алғашқы тарихи формасы дәстүрлі метофизикаға, яғни болмыстың бастаулары және жалпыға бірдей принциптері туралы философиялық ілімге қарсы бағытталған. Осы философияның негізін салушы және насихаттаусышы Огюст Конт (1798-1857).

Огюст Конт философиясы құбылыстардың мәніне тереңдеу емес, олардың арасындағы байланыстарға көңіл бөлген. Конт концепциясында білімдердің методологиялық бірлігін, яғни физиканың, астрономияның әдістерін қоғамдық өмір құбылыстарына пайдалану керектігін басты міндет деп санайды. Білімнің жалғыз бастауы – тәжірибе.

Ол «метафизикалық» (философиялық) мәселелерді ғылымға бейімдеуге болмайды, өйткені ғылым өзіне сүйеніп дамиды. Ғылым өзіңе философия. Тек ғылым ғана пайдалы білім береді. Философия адамның дүниетанымдық белсенділігінің көрінісі. “Позитивті философия курсында” Конт ғылымдардың классификациясын ұсынады. Соған байланысты барлық ғылымдардың орналасу реттерін келтірген: математика, астрономия, физика, химия, биология, социология, этика және т.б.

Социология терминін алғашқы қолданған О. Конт. Ол адамзаттың интелекттуалды дамуының “үш сатысы” туралы заңын өзінің ғылымға қосқан жаңалығы деп есептеген. Осы заң бойынша адамзаттың ақыл-ойының кемелденуі үш сатыдан өтеді. Бірінші, теологиялық сатыда адам барлық құбылыстарды құдайлар, жындар арқылы түсіндіреді. Екінші, метофизикалық сатыда қоршаған ортаны ойдан шығарылған абстрактілік мәндер арқылы түсіндіреді, ал үшінші, позитивті сатыда құбылыстардың табиғатын зерттеу тәжірибеге сүйенген ғылыми таным арқылы жүргізіледі.

Позитивизмнің даму барысында оның субьективизмі айқындала түсті. Оған дәлел ағылшын позитивисі ілімі Г. Спенсер.

Герберт Спенсер (1820-1903) XIX ғасырдың эволюционизмнің ірі өкілі. Эволюция құбылыстар әлеміндегі жалпыға бірдей процесс, заңдылық. Эволюция баяу өтетін өзгерістер, яғни айқын емес байланыссыз біркелкіліктен, айқын байланысты әркелкілікке өту процесі. Осы заң тәжірибеден тумайды, оның түп негізі біздің ой-санамыздың табиғатында жатыр, сондықтан оны тану мүмкін емес. Дүниенің құпиясы тәжірибе арқылы берілмейді. Ғылыми танымда құбылыстың мәніне жетпейді. Философия ғылымға жақын, бірақ философиядан метафизикалық сауалдарды (дүниенің, болмыстың мәні, түпнегізі) алып тастау керек. Философияның басты міндеті ғылыми нәтижелерді жинақтау.

Эволюция заңдылығын Г. Спенсер биологияға, психологияға, социологияға, этикаға қолданды: Қоғам – тірі организм. Қоғам “мүшелердің” (орган) үш жүйесінен қажетті өнімдерді шығарып тұрады: яғни қамтамасыз ететін жүйе; еңбек бөлімінің негізінде әлеуметтік организмнің байланысын қамтамасыз ететін жүйе; реттеу жүйесі (мемлекет). Организм сияқты қоғам дамиды, құрылмайды. Революция организмнің “ауруы”.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет