14) Түрлі коммуникативтік стильдердің ерекшеліктері. Дәрігер мен науқас арасында да сөйлеу стилінің сәйкес-сөздігінен түрлі түсініспеушіліктер туындауы мүмкін. Сөздік қарым-қатынас стилі 4 түрге бөлінеді:
тура және жанама;
нақты және қысқартылған, мәнерлі;
жеке тұлғалық және жағдайлық;
аспаптық және аффективті.
Тура, яғни тік стилдің ерекшелігі мұнда адамның шынайы ниеті мен ойлары айтылады (америка мәдениеті) ал, жанама стильде жеке ойлар мен ниеттер жасырылып, тіке айтылмайды (көптеген ұжымдық мәдениеттер).
Мәнерлі сөйлеу стилі, бұл өте бай, экспрессивті тілді қолдану болып табылады (араб мәдениеті), нақты стильде ақпаратты жеткізу үшін қажетті және жеткілікті, неғұрлым аз сөздер қолданылады (батыс Европа елдері, АҚШ). Қысқартылған сөйлеу стилі ұстамдылығымен, байыптылығымен ерекшелінеді, мұнда үзіліс және үнсіздік нақышымен, мәнерлі қолданады (көптеген азия мәдениеті). Тұлғалық жеке стильде айтушының жеке «Мені» басым (америка мәдениеті), ал жағдайлық – ол жағдайға орай стильдің өзгеруі (жапондықтар мәдениеті). Аспаптық және аффективті сөйлеу стильдері қандай-да бір сөйлеушіге бағытталуымен ерекшелінеді. Егер, аспаптық стиль (еуропа мәдениеті және АҚШ) айтушыға және коммуникацияның мақсатына бағытталса, ал аффективті стиль (жапон мәдениеті) тыңдаушыға және әңгіменің барысына бағытталады.