Хим 125 ответ docx


Гидратацияланып қатаюдың негізгі сатылары



Pdf көрінісі
бет29/51
Дата27.12.2023
өлшемі417,73 Kb.
#199703
түріҚұрамы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   51
Байланысты:
хим 125 ответ.docx

64.Гидратацияланып қатаюдың негізгі сатылары
Байковтың пікірінше гидратация процесінің соңғы өнімі кристалдық дене болуына
қарамастан, байланыстырғыш заттардың гдратациялық қатаю процесінің коллойдты
сатысы болады. Байков байланыстырығыш материалдар қатаю процесінің үш кезеңін
бөліп көрсетті.
Бірінші кезең (қанығу) байланыстырғыш ұнтағының сумен əрекеттесуі басталған
сəттен басталады, бұл кезде минералдар мен түзілген гидраттар қаныққан күйге дейін
ериді.
Бұндай
ерітінділерде
гидратты
жаңатүзілімдер,
гель
түріндегі
коллойдты-дисперсті күйде бола отырып, əрі қарай ерімейді. Ол гельдің ерігіштігі
төмен болған кезде, онымен жанасатын сулы ерітіндіден қайта кристалдануы жүруі
мүмкін.
Екінші кезең (коллоидтану) коллойдты-дисперсті құрылымның түзілуінен тұрады.
Жоғарыда айтылғындай коллойдты өлшемдегі бөлшектерге қатысты қаныққан ерітінді,
ірі кристалдарға қатысты аса қаныққан болып табылады. Сонымен бірге гель
полидисперсті, яғни түрлі өлшемдегі глобулалардан тұрады жəне ірі бөлшектерге
қатысты аса қаныққан болатындығын ескеру қажет. Осының нəтижесінде майда
бөлшектердің ерітіндіге өтуі жəне олардан ірі бөлшектердің қалыптасуы жүзеге асады.
65.Байланыстырғыш заттың гидратациялық қатаюының кинетикасы
Құрылыс гипсінің гидратациялық қатаюын төмендегі реакциямен сипаттауға
болады: CaSO4· 0,5Н2О + 1,5Н2О → CaSO4· 2H2O
Жоғарыда айтылғандай, жартылай сусыздандаралған гипс (CaSO4 · 0,5Н2О)
артықша беттік бос энергияға ие, сондықтан оның өздігінен түрлі заттармен əрекеттесу
қабілеті жоғары (мысалы сумен). Сумен əрекеттесу нəтижесінде ол бос энергиясы
төмен тұрақты гидратты жаңатүзілімге айналады.
Академик А.А. Байков байланыстырғыштардың гидратациялық қатаюын үш кезеңге
бөлуді ұсынады. Кейіннен оның қатаю механизмі жайлы көзқарастарын П.А. Ребиндер
дамытты.


Қанығу кезеңі (суға қанығу). Оның ұзақтығы бірнеше минутқа созылады. Бұл
кезеңде байланыстырғыш ұнтағы сумен араласып, пластикалық масса түзеді. CaSO4 ·
0,5Н2О β-модификациясы бөлшектері беткі бөлігінен суда ери бастайды, жəне оның
судағы қаныққан ерітіндісі түзіледі. Сонымен бір мезгілде гидратация басталады:
CaSO4· 0,5Н2О + 1,5Н2О → CaSO4· 2H2O


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет