Хим 125 ответ docx


Битумдар, химиялық жəне заттық құрамы түрлері



Pdf көрінісі
бет47/51
Дата27.12.2023
өлшемі417,73 Kb.
#199703
түріҚұрамы
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
Байланысты:
хим 125 ответ.docx

117.Битумдар, химиялық жəне заттық құрамы түрлері
Битум дегеніміз жоғарғы молекулалы көмірсутектер мен олардың оттекті, күкіртті
жəне азотты туындыларынан тұратын органикалық зат. Бөлме температурасында олар
қатты, тұтқыр немесе тұтқыр сұйық күйде болады, органикалық ерткіштерде жақсы


ериді, қыздырған кезде
жылжымалы
сұйыққа айналады,
нағыз тығыздығы -
1г/см3 тең.
Битумның құрмына негізінен көмірсутекті топтар, майлар, шайырлар, асфальтендер,
асфальтагенді қышқылдар жəне олардың ангидридтері
кіреді. Битумдардың
көмірсутектік құрамы күрделі, оған СnH2n+2 – метан қатарындағы көмірсутектер
СnH2n нафтендік жəне СnH2n-6 - аромат көмірсутектер кіреді. . Битумның
көмірсутекті қосылыстарының құрамында оттегі, азот, күкірт, ванадий, темір, никель
т.б. да элементтер де болады. Битумдардың элементтік құрамы С= 70-82%; H =
8-12%; O = 0,2-12%; S = 0.5-7 %; N = 1 %. Мұнайдан алынатын битумдарда оттегінің
мөлшері аз болады (2%), оттегі, азот, күкірт негізінен: -ОН, -NH2, -SH, -COOH
функционалдық топтарының құрамына енеді.
118.Битумның қасиеттері, құрылыста қолданылуы
Битумның
сапасын
сипаттайтын
негізгі
қасиеттері,
оның
тұтқырлығы,
пластикалығы, морттығы жəне жұмсару температурасы болып табылады. Сондықтан
битумды, түскен күштің шамасына тəуелділігі жоқ, тұтқырлығы нақты немесе
ньютонды идеалды сұйық денеге жатқызуға болмайды. Тек жоғарғы температурада
жəне битумның ішкі мициллярлық жүйесі, жылу қозғалысының кинетикалық
энергиясы есебінен бұзылғын кезде немесе оның ішкі жүйесінің толық механикалық
бұзылуына сай келетін қозғалу кернеуі мен деформациялық жылдамдық градиенті
пайда болған кезде ғана, битумдар шынайы тұтқырлықтағы сұйық бола алады.
Битумның тұтқырлығы қыздырған кезде күрт өзгереді. Қатты битумдарда ол
250С
температурада массасы 100 г затпен 5 секунд ішінде инеге əсер еткенде,
стандартты иненің
битумға
ену
тереңдігімен сипатталады.
Бұл битумның
тұтқырлыққа қарсы қасиеті аққыштығын сипаттайды жəне пенетрометр көмегімен
анықталады.
Бұндағы ηн динамикалық тұтқырлық (Па·с) П –иненің битумға ену тереңдігі.
Битумның тұтқырлығы стандартты температурада вискозиметрдің тесіктері арқылы
өткен битум мөлшерінің уақытымен сипатталады. Бұл мақсатта дайындалған
вискозиметрге, сынау температурасынан 2...3С0 жоғары температураға қыздырылған
битумды құяды.
Битумның морт күйге көшуі, оның қату температурасына тəуелді жəне Фраас
приборы көмегімен анықталады. Ол үшін өлшемдері 40х20х0,15мм болған
пластинкаға 0,4г битум жұқа қабықша етіп жағылып, 10С/мин жылдамдықпен


салқындата отырып, пластинканы прибордың көмегімен 1с-1 жылдамдықпен иіп,
қайта жазады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет