Химия 9 класс



бет4/38
Дата08.02.2022
өлшемі2,72 Mb.
#117871
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Байланысты:
Organ-ximia-Tumenbaeva-Zharmuhambetova

Зертханалық жұмыс.
Қанықпаған көмірсутектерді алу, химиялық қасиеттерін зерттеу.
Жұмыстың мақсаты:
Зертханада қанықпаған көмірсутектерді алу тәсілдерін игеру, олардың химиялық қасиеттерін зерттеу, бір-бірінен атырата білу. Бақыланған құбылыстарды реакция теңдеулерімен өрнектей алу.
Реактивтер мен жабдықтар:
Этанол, концентрлі күкірт қышқылы, калий пермаганатының сұйытылған ерітіндісі, бром, не иод суының сұйытылған ерітіндісі, кальций карбиді, күміс нитраты, пробиркалар, штатив, құм, спиртовка, сіріңке, газ шығатын түтігі бар тығын, дистильденген су.
Жұмыс барысы:
Этилен (этен) алу үшін № 1 пробиркаға (біркелкі қайнау үшін) аздап құм салып, оған 0,5 мл этанол мен 2 мл концентрлі күкірт қышқылын құю. Пробирканың аузын газ шығатын түтігі бар тығынмен тығындап, штативке сәл көлбей бекіту, келесі № 2 пробиркаға 1 мл калий перманганатының сұйытылған ерітіндісін, № 3 пробиркаға 1 мл бром не иод суын құйып дайындау. № 1 пробирканы абайлап қыздыру, түтіктің аузын № 2 және № 3 пробиркалардағы ерітінділерге батырып, өзгеріс болғанша газ жіберу.
Бөлініп жатқан газды түтіктің аузында жағып, жалынның түсін бақылау.
Болған өзгерістерді реакция теңдеулерімен өрнектеп, қорытынды жаса.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет