Химия 9 класс



бет22/38
Дата08.02.2022
өлшемі2,72 Mb.
#117871
түріПрактикум
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   38
Байланысты:
Organ-ximia-Tumenbaeva-Zharmuhambetova

Фенолдар.
Жатығулар.
1. Бензолмен салыстырғанда фенол неге жеңіл бромдалады ? Дәлелді жауап беріп, сәйкес реакция теңдеулерін жаз.


2. Нөмірленген үш пробиркада: этил спирті, фенолдың судағы ерітіндісі, этиленгликоль бар. Олардың әрқайсысын тәжірибе жүзінде қалай анықтауға болады? Жұмыстың жүргізу жолын айтып, бақыланатын өзгерістерді реакция теңдеулерімен өрнекте.


3. Метаннан фенолды алуға әкелетін реакция теңдеулерін құр.


4. Келесі өзгерістерді жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жаз:

5. Фенол молекуласындағы бензол сақинасының гидроксил тобына әсері қандай ? Дәлелді жауап беріп, сәйкес реакция теңдеулерін жаз.


6. Этанол, этиленгликоль және фенолдың қурылыс формулаларын жаз.
Осы қосылыстардың қышқылдығы қалай өзгереді (гидроксил тобындағы сутегі атомының жылжымалығы)?


7. Фенол келесі нұсқалған заттардың қайсысымен әрекеттеседі: натрий, хлор, бензол, азот қышқылы ? Мүмкін болатын реакция теңдеулерін құрып,
олардың өнімдерін ата.


8. 2,4,6- үшнитрофенолдың құрылыс формуласын жаз. Осы затты қандай мақсатта қолданады?


9. Құрамы   болатын фенолдың барлық изомерлерінің құрылыс формулаларын құрастырыңыз және оларды ата.


10. Фенол мен этанолдың қасиеттеріндегі ұқсастық және айырмашылық неде?


Есептер.
1. Өлшеніп алынған фенолды 1:2 қатысында бөлікке бөлді. Аз бөлігін калий гидроксидінің артық мөлшерімен нейтралдап, 33 г калий феноляты алынды. Фенолдың көп бөлігінен 2,4,6 –үшбромфенолдың қандай массасын алуға болады, егер оның шығымының массалық үлесі 84 % -і құраса?
Жауабы: 139 г.

2. Массасы 14,1 г фенол 120 мл 10% - ті калий гидроксийді (ρ =1,09 г/ мл )


ерітіндісімен әрекеттескенде қандай масса калий феноляты түзіледі?
Жауабы: 19,8 г.

3. Массасы 20 г фенол және 20 г калий гидроксидінен қандай масса калий феноляты түзіледі?


Жауабы: 28 г.

4. Массасы 400 г фенолдың бензолдағы ерітіндісін бром суының артық мөлшерімен әрекеттестіргенде массасы 132,4 г бромтуынды түзілді. Ерітіндідегі фенолдың массалық үлесін есепте?


Жауабы: 9,4 %.

5. Массасы 18,8 г фенолды нитрлегенде 2,4,6-үшнитрофенол түзіледі деп есептеп, оған жұмсалатын азот қышқылының массасын есепте.


Жауабы:37,8 г .

6. Массасы 28,2 г фенолды бромдағанда 79,44 г тұнба алынды. Реакция өнімінің шығымының массалық үлесін есепте.


Жауабы: 80%

7. Массасы 9,4 г фенол массасы 1,6 г натриймен әрекетескенде алынатын натрий фенолятының массасын есепте.


Жауабы: 8,07 г.

8. Массасы 4,7 г фенол мен массасы 120 г 14% KOH ерітіндісін әрекеттестіріп алынған калий фенолятының массасын есепте.


Жауабы: 6,6 г.

9. Көлемі 672 л (қ.ж) метаннан қандай масса фенол алынады, егер өнімнің шығымының массалық үлесі 40 %-і құраса. Келесі сызба бойынша жүретін реакция теңдеулерін құр: метан → ацетилен (этин)→ бензол→ хлорбензол→ фенол.


Жауабы: 188 г.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет