Химия: Ұбт есептері (2021-2015)


ƏОЖ 373.167.1(075.3) КБЖ 2



бет2/29
Дата31.03.2022
өлшемі1,18 Mb.
#137470
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
Химия бт есептері (2021-2015)
Презентация, Презентация
ƏОЖ 373.167.1(075.3) КБЖ 24я73

© Бекішев Қ., Досаханова Н., Сантаева С., 2016 ISBN 978-601-04-1920-9 © Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2016


Алғы сөз

Біздің республикамызда 1999 жылдан бері оқушылардың білім жетістіктерін тексерудің негізгі құралы ретінде Ұлттық Бірыңғай тест (ҰБТ) қолданылып келеді. Оның нәтижесі бойынша жоғарғы оқу орындарына оқуға арналған білім гранттары беріледі.


Химия мамандықтары бойынша оқуға түсу мақсатында емтихан тапсырған талапкерлердің кӛпшілігінің айтуы бойынша олар химия пәні бойынша берілетін тапсырмалардың құрамындағы сандық есептерді шығарудан қиналады. Оның бір себебі химия есептерін шығарып үйретуге арналған оқу құралдарының жетіспеушілігі деуге болады. Ал ҰБТ тапсырмаларының әр нұсқасының құрамында кем дегенде 4-5 сандық есептер беріледі. Тапсырмаларды орындауға берілетін уақыт тым аз (орташа есеппен алғанда 1 сұраққа 1,5 минут) және есептеулерді тездетуге мүмкіндік беретін тіпті қарапайым микрокалькуляторларды қолдануға рұқсат берілмейді. Уақыттың жетіспеушілігі салдарынан мектеп мұғалімі де химия есептерін шығарып үйренуге кӛп кӛңіл бӛле алмайды.
Сондықтан талапкерлерге кӛмек кӛрсету мақсатында соңғы жылдардағы ҰБТ тапсырмаларының құрамындағы химия есептерінің шешулерінің үлгілерін жарыққа шығаруды мақсат етіп отырмыз. Осы ұсынылып отырған оқу құралында 2021 және 2015 жылғы ҰБТ тапсырмалары құрамында берілген химия есептерінің шешу үлгілері келтірілген.
Оқу құралында есептің шешуіне ғана емес, сонымен қатар оның шешуін ӛрнектеп жазу үлгісіне де кӛп кӛңіл бӛлінді. Мысалы, дидактикалық талап бойынша әр есептеудің алдында алдымен қолданылатын формула келтіріліп, одан кейін ғана формуланың құрамындағы шамалардың сан мәндері қойылып, ӛлшем бірліктері келтірілулері керек.
Оқу құралындағы есеп шешулерінің орналасу тәртібі ҰБТ тапсырмаларында қалай болса, мұнда да солай. Мысалы, 20-нұсқа, № 23, 2021 деген нӛмір 2021 жылғы жарияланған ҰБТ тапсырмаларының №20 нұсқасындағы келтірілген №23 есептің шешуі екендігін білдіреді.
Оқу құралын жетілдіруге бағытталған ұсыныстарыңызды келесі электрондық адрес бойынша жіберуге болады:
kurmanb@gmail.com, Skype: kurmanbekishev,
Құрметпен Бекішев Қ. (тел. 8-707-2555-239). Алматы, мамыр, 2015.

3
2021 жыл тапсырмалары





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет