Пәннің пререквизиттері мен постреквизиттері
Пререквизиттері: Эконмикалық, әлеуметтік географияға кіріспе, Қазақстанның физикалық географиясы, Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік географиясы
Постреквизиттері: Географияны оқыту әдістемесі, География ғылымдарының тарихы, Экономикалық, әлеуметтік және саяси географияға кіріспе
2. Пәннің мазмұны
2.1. Кіріспе
"Дүние жүзінің саяси, эконмикалық эәне әлеуметтік географиясы" оқу курсы географ мамандарды даярлаудағы қоғамдық географиялық ғылыми бағыттағы міндетті пәндердің бірі болып табылады. студеттерімізге бұл курс, әсіресе қазіргі таңдағы ғаламшарымыздағы әртүрлі аумақтарындағы кездесіп отырған күрделі геосаяси және аймақтық мәселелерді дұрыс бағдарлау арқылы оның жөн-жосығын түсіну үшін қажет. Жалпы курстың мазмұны еліміздің жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандартына толық сәйкестендірілген. Аталмыщ оқу курсы студенттердің "Экономикалық, саяси және әлеуметтік географияға кіріспе" , "Экономика негіздері", "Саясаттану", "Әлеуметтану", "ТМД елдерінің экономикалық және әлеуметтік географиясы", "Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы", "Тұрғындар географиясы", т.б пәндерден алған білімдеріне негізделген.
Осы пән жалпы дүние жүзінің, сонымен қатар оның жеке аймақтары мен елдерінің халқы мен шаруашылығының орналасу және даму заңдылықтарның зерттейтін қоғамдық географиялық ғылым. Адам мен қоғамның өзара іс-әркетін, адамзаттаң ғаламдық проблемаларын және халықаралық қатынастарды қамти отырып, дүние жүзілік саясат пен экономикадағы -ТМД елдері мен Қазақстанның орны мен рөлін салыстыру арқылы, бұл пән қазіргі кезеңдегі әлемнің жалпы даму сипатын дұрыс ұсынуға көмектеседі. Дүние жүзілік әлеуметтік экономикалық мәселелерді географиялық тұрғыда қарастыру барысында осы заманғы әлемдік өмірмен өте тығыз байланыстағы, әрі география пәндерін тәмамдайтын курс болуы себепті "Дүние жүзінің саяси, экономикалық және әлеуметтік географиясы" бүкіл осы ғылым жүйесінің негізгі желісі және қорытындылаушы бөлігі болып табылады.
Бұл пән жалпы орта және жоғарғы мектептерде физикалық география мен басқа да әлеуметтік экономикалық географияның жеке курстарымен, әрі жаратылыстану және тарихи қоғамдық ғылымдарымен де тығыз пәнаралық байланыста.
Осыған орай, оның теориялық тақырып тарауларын қарастырғанда табиғат қоғам жүйесіндегі өзара әрекетестік, жаратылыс және шаруашылық компонеттерінің бір біріне әсерлері, өңдіріс пен халықтың кеңестікте орналасуы, адамзат әлеуметінің өркениетті дамуындағы саяси әлеуметтік және экономикалық экологиялық негіздер, ғаламдық проблемалар фокусы геоэкологияның ұстанымдары мен заңдылықтарына жүгінеміз. Сонымен қатар бұл пәнде ғаламдандырумен қатар, онда аймақтандыру мәселелеріне де сас көңіл бөлген. Жаңа бағдарлама бойынша аталмыш пәнге берілген сағат санының азаюына байланысты осы курстың құрамына жеке елдерге қатысты материалдар қысқартылып, негізінен аймақтық шолулар жасалған. Жалпы бағдарлама мазмұнында Кенес заманында оқытылған бұрынғы "Шетелдердің экономикалық географиясы" пәнімен салыстырғанда өзгешілік көп. Мұнда бұл курсты әлеументтендіру, экологияландыру, ізгелендіру, саралау тәріздес, т.б. қағидаларды жүзеге асыру мен оның елтанушылық, геосаяси, тарихилық, геоэкономикалық, технологиялық, геоэкологиялық, ақпараттық байланыс бағыттарын дамыту проблемаларын да мән берілген. Біршама құрылымдық жағынан да бағдарлама өзгерістерге ұшыраған және тағы бір ерекшелігі курстың көптеген тақырыптарын сипаттауда, онда егеменді еліміз Қазақстанның қарастырылуы.
Достарыңызбен бөлісу: |