«Химия-география» кафедрасының аға оқытушысы Е.Ү



бет2/6
Дата04.09.2023
өлшемі255,9 Kb.
#180165
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Оқу бағдарлама Дүние жүз саяси экон.әлеу. геогр - копия

1. Түсіндірме хат.


1.1 " Дүние жүзінің саяси, экономикалық және әлеуметтік географиясы" пәнінен оқытудың мақсаты және міндеттері

"Дүние жүзінің саяси, экономикалық және әлеуметтік географиясы" пәні-"География" мамандығына арналған таңдау компонентініне кіретін пән.


Мақсаты: Білімгерлер Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы туралы білімдерін дамытып, география мен нарықтық салалардың байланысын иегере білуі керек. Бұл пән арқылы әлемдік экономикалық, әлеуметтік және саяси география негіздерін, ондағы оқиғалар мен үрдістерді, дүниежүзіндегі болып жатқан осы мәселелердегі арақатынасты түсіндіру.
Міндеті: Табиғат жағдайы мен табиғат ресурстарына шаруашылық тұрғысынан жалпы баға беру;
-Халықтарды демографиялық -географиялық тұрғыдан зерттеу;
-Салааралық, аймақаралық және мемлекетаралық экономикалық байланыстарға талдау;
-Дүниежүзі мен аймақтарға, елдер мен аумақтарға экономикалық географиялық сипаттама беру арқылы оның негіздерін оқып үйрену.


Білім, іскерлік, дағды құзіреттілігі
Білім:
"Дүние жүзінің саяси, экономикалық және әлеуметтік географиясы пәнінің оқу бағдарламасында білімгер әлемнің және оның жеке айиақтарының саяси картасы мен олардың қалыптасу кезеңдерінің теориялық негіздерін оқып үйреніп, дүние жүзі саяси географиясының даму мәселесін игереді.
Іскерлік:
Саяси географияның теориялық ережелері негізінде дүние жүзінің саяси картасындағы өзгерістерді сипатауды;
-бір елдің мысалында немесе кейбір аймақтардың дамуындағы саяси географиялық немесе геосаяси факторлардың арақатынасына талдау жасауды;
Дағдылығы:
Географиялық карталармен және атластармен, қосымша анықтамалықтар және әдебиеттермен жұмыс істеі білу;
-қазіргі саяси үрдістер мен әлеуметтік -қоғамдық жағдайларға баға бере және талдай білу.
Құзіреттілігі:
Бұл пән негізінде білімгерлер әлемдік экономикалық, әлеуметтік және саяси география негіздерін, ондағы оқиғалар мен үрдістерді дүние жүзіндегі болып жатқан осы мәселелердегі арақатынгасты Қазақстанның көршілес елдермен мемлекетаралық қарым-қатынас мәселелерін қарастырады. Дүние жүзі аймақтарға, елдер мен аумақтарға эконмикалық географиялық сипаттама берудің жолдары мен әдістерін анықтау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет