Білімгерлер білуге тиіс: -дүние жүзі саяси географиясының даму мәселесін:
-әлемнің әр түрлі аймақтарындағы қазіргі саяси жай-күйдің ерекшеліктерін:
-әлемнің және оның жеке аймақтарының саяси картасы мен олардың қалыптасу кезеңдерін;
-геосаясат және геоэкономика мәселелерін.
Білімгерлер таныс болуы тиіс: -Саяси географияның тероялық ережелері негізінде дүние жүзінің саяси картасындағы өзгерістерді сипаттауды;
-бір елдің мысалында немесе кейбір аймақтардың дамуындағы саяси географиялық немесе геосаяси факторлардың арақатынасына талдау жасауды;
- географиялық карталармен және атластармен , қосымша анықтамалықтар және әдебиеттермен жұмыс істей білу;
-қазіргі саяси үрдістер мен әлеуметтік -қоғамдық жағдайларға баға бере және талдай білу.
5В011600-"География" мамандығында аталмыш курсқа 3 кредит немесе 135 сағат бөлінген. Осы курсы семестр соңында студенттердің бұл пәннен емтихан тапсырумен қорытындылады. Олардың жалпы осы курс бойынша алған юілімдерін бекіту және ғылыми танымдық ізденіс дәрежесін байқау мақсатында әрі бұл оқу пәнінен курстық жұмыс жоспарланған.
2.2. Негізгі бөлім Бағдарлама оқу жүтемесінде жалпы көлемі 135, аудиториялық сағатқа 45 лекция 15 тәжірибелік сағатқа 30 сағат есептелген. Оның -сағаты БӨЖ-на арналған. БӨЖ-сы 45 сағаттан тұрады.
Сабақта алған білімі мен біліктілігі, тапсырманы орындау іскерлігі жиған тәжірибесі бойынша бағаланады.
Теориялық курсты твңдап, лаботориялық-практикалық жұмыстарды орындаған соң студент географиялық глобус пен жалпы географиялық карталардан қашықтықты өлшей білу, нысандардың географиялық координаттары мен бағытын анықтай білу шартты белгілер көмегімен берілген картаның мазмұнын анықтай білуі біліктілінін арттырады.
Тарау 1. Кіріспе. Дүние жүзіне жалпы шолу Курстың мақсаты мен міндеті. Географиядағы алатын орны. Пәнаралық байланыстары.
Тарау 2. Дүниежүзінің саяси картасы оның қалыптасу кезеңдері. Саяси картаның негізгі нысандары, Елдер типологиясы және оларды топтастыру түрлері. Ьасқару формалары , әкімшілік-территориялық құрылымы. Әлем аймақтарының саяси картасы.
Тарау 3. Дүние жүзі халықтарының географиясы. Халық-қоғамның басты өңдіргіш күші. Халықтың саны, онығ ұдайы өсуі. Демографиялық саясат. Халықтың құрамы. Орналасу тығыздығы. Урбанизация ұғымы және қоршаған орта.
Тарау 4. Дүние жүзінің табиғат ресурстарының географиясы. Экологиялық мәселелер. Әлемдік табиғат ресурстары олардың географиясының негізгі ерекшеліктері. Қоршаған ортаның антропогендік ластануы. Экологиялық мәселелерді шешу.
Тарау 5. Ғылыми-техникалық революция және дүниежүзілік шаруашылық ұғымы. ҒТР-ға тән ерекшеліктер мен оның құрамдас бөліктері. Дүниежүзілік шаруашылық ұғымы, оның қалыптасу кезеңдері