Пәні: география Сыныбы: 6 сынып



Дата18.06.2017
өлшемі85,96 Kb.
ОҚО Кентау қаласы Т.Рысқұлов атындағы №24 жалпы орта мектебінің

география пәні мұғалімі Исатаева Гулбижан Койлановна



Пәні: география

Сыныбы: 6 сынып

Сабақтың тақырыбы: Глобус-Жердің моделі

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Глобустың жер бетінің кішірейтіліп бейнеленген үлгісі екендігін ұғындыру. Глобусты мазмұнына және масштабына қарай ажырата алу мен глобустан қашықтықты өлшей алу дағдыларын қалыптастыру.

Табыс критерилері:

  • Глобустың Жердің модулі екен білу.

  • Глобусты мазмұнына және масштабына қарай ажырата алу.

  • Глобустан қашықтықты өлшей алу.

Оқыту нәтижелері: Глобустың Жердің модулімен танысады.

  • Глобусты мазмұнына және масштабына қарай ажыратып үйренеді.

  • Глобустан қашықтықты өлшеуді үйренеді.

Дерек көздер: О.Б. Мазбаев, О.Б. Жанаәділ, С.Б. Көбенқұлова, Ш.Айтақынов «География» атты оқулығы Алматы «Арман -ПВ» 2015 ж., «География және табиғат» журналы, Ғаламтор желісінен жинақталған мағлұматтар

Көрнекіліктер: таратпа материалдар, слайд, суреттер, стикер, маркер, флипчарт

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Ынтымақтастық атмосферасын ұйымдастыру, тест жұмысы, ой қозғау, «Түртіп алу» әдісі,тұжырымдама картасын жасау, венн диаграммасы, есеп шығару, модельдеу жұмысы, «Джоари кестесі» әдісі, кері байланыс орнату.





Сабақ жоспары

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті


1

І. Кіріспе 2 минут



Ұйымдастыру сәті

Оқушылармен сәлемдеседі, оқушыларды түгелдейді.

Жағымды ынтымақтасу атмосферасын қалыптастырады және әр түрлі стикер арқылы бөледі.


Оқушылар топқа бөлінеді.

"Білім шырағы" тренингі бойынша бір екінші топқа жақсы тілектерін жеткізеді.



2

Үй тапсырмасын сұрау 7 минут


Оқушыларға өткен тақырыптар бойынша тест сұрақтарын қояды.

1.Географиялық карта дегеніміз-

А. Жергілікті жердің шағын бөлігі

В. Жер бетінің немесе заттардың кішірейтілген бейнесі

С. Шартты белгілермен қағаз бетіне бейнеленген жер бетінің көрінісі



2.Топографиялық карта дегеніміз-

А.Жергілікті жердің шағын ауданын шартты белгілермен бірнеше есе кішірейту арқылы қағаз бетінде дәл және нақты бейнелеуі

В.Жергілікті жерде солтүстік бағыт пен 3600 бойынша қандай да бір зат арасындағы бұрыш

С.Жер бетіндегі қашықтықтың қағаз бетіне неше есе кішірейтілгендігін көрсететін бөлшек сан

3.Суреттен тпопграфиялық картаны табу.

4.Масштаб деген не?-

А. Жергілікті жердің шағын ауданын шартты белгілермен бірнеше есе кішірейту арқылы қағаз бетінде дәл және нақты бейнелеуі

В. Жер бетіндегі қашықтықтың қағаз бетіне неше есе кішірейтілгендігін көрсететін бөлшек сан

С. Жергілікті жерде солтүстік бағыт пен 3600 бойынша қандай да бір зат арасындағы бұрыш


Өткен үй жұмысын пысықтайды.

Оқушы өткен тақырыпқа байланысты тест жауаптарын “А”, “В” , “С” деген житондар арқылы көрсетеді.


3

Негізгі бөлім (жаңа сабақ) 20 минут


«Ой қозғау»
Арнайы дайындалған слайд арқылы оқушыларға глобус пен берілген сұрақтарды пайдалана отырып, жаңа сабақтың міндеттерін анықтауға ой тастайды.
Глобусты топта бақылау жасауға, нұсқаулық бойынша зерттеуге тапсырма береді.

“Түртіп алу” әдісі бойынша мәтінді оқып шығуға тапсырма береді.




Оқушылар сұрақтарды өздері құра отырып, жаңа сабақтың міндет-мақсаттарын айтады.


Топпен бірге нұсқаулықтағы тапсырмаларды орындай отырып,

глобуспен жақынырақ танысып зерттейді.

Оқушылар мәтінмен танысып білетіндеріне “+“, енді осыны оқығанға мәтінне білгендеріне “?”, таң қалдырғандарына “!” қойып оқи отырып жаңа сабақты меңгереді. “?” қойған мәліметтерді оқып шығады.
Жаңа тақырыпты өздігімен меңгеріп, түсініп, білімдерін жинақтай бастайды.




Топтарға жеке тапсырмалар:

"Білім орталығы" тобына глобус туралы тұжырымдама картасын жасауға,

"Зерттеу орталығы" тобына глобус пен картаның айырмашылықтар мен ұқсастықтарын табуға,

"Модельдеу орталығы" тобына

глобусты қолдан жасауға,



"Статистика орталығы" тобына

глобус масштабы бойынша қашықтықты өлшеуге,



"Тарихи орталық" тобына

глобус туралы ғаламтордан тарихын зерттеуге тапсырмалар береді.




Оқушылар меңгерген білімдерін, шығармашылық жұмыс арқылы бірлесе отырып атқарады.

Бір топ глобус глобусқа тұжырымдама картасын жасаса, екінші топ

Картамен глобустың айырмашылықтары мен ұқсастығын топта тақылайды. Тағы бір топ қолдан глобус құрастырса, тағы бір топ глобустың масштабы бойынша есептер шығарады. Ал соңғы топ ғаламтор арқылы тың мәліметтер іздейді.

Оқушылар алған білімдері мен жан-жақты жинақтаған мағлұматтарын, өз ойларын ортаға салады.




4

Қорытынды бөлім

Сабақты бекіту. 12 минут


Қорытытындылауға арналған тест жұмысын алады.

«Джоари» әдісі бойынша кестені толтыруға тапсырма береді.

Оқушылар тест сұрақтарына жауапты житондар арқылы береді.

Оқушылар сабақ кезінде меңгерген білімдерін жайлы кестеге толтырады. Оқушылар өздерінің нені білгенін, не үйренгенін кестеге толтыру арқылы өзінің ойын жинақтайды.




5

Бағалау

3 минут


Формативті және суммативті бағалау

Оқушылардың алған бағаларын күнделікке қою.

Топбасшылар бағалау парақшалары


6

Үйге тапсырма беру 1 мин

§11. Глобус-Жердің моделі

Қосымша ғаламтордан глобус туралы мәліметтер іздеу.



“Геоглобус.ру” сайты


Оқушы үй тапсырмасын күнделікке жазып алады.


7

Рефлексия 2 минут

Рефлексия



Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет