Химия өнеркәсібі



Дата14.10.2022
өлшемі0,67 Mb.
#153069
Байланысты:
Раимжанова А ФизХим БӨЖ

Қазақстанның химиялық өндірістері

Орындаған; Раимжанова Асия.

Қабылдаған ꓽАбжалов Б.

Химия өнеркәсібі

Еліміздің негізгі химиясын «төрт таған» - кукірт қышқылы, химиялық қосылыстар, фосфор мен минералдық тыңайтқыштар өндірісі құрайды

Күкірт қышқылы химия өнеркәсібінде басқа қышқылдар, химиялық қосылыстар, тыңайтқыштар, дәрілер өндірісінде, металлургияда кеннен уранды бөліп алу үшін қажет. Бұл өте белсенді, Қауіпті, аз тасымалданатын зат (тасымалдау үшін арнаулы ыдыстар қажет). Сондықтан, оның өндірісі тұтынушыларға жакын орналасады. Сонымен бірге шикізат және экологиялык факторларда (күкірт газын ұстап қалу) маңызды

Қышқыл алу үшін күкірт пен су қажет. Күкірт гипстің, күкірт газының және түсті металдар кендерінің күйіндісінің, құрамында болады. Күкірт қышқылын:

1) ауыр металдардың металлургиялык

орталықтарында (Жезказған, Балкаш, Өскемен, Риддер);

2) уран алатын орталытарда (Степногор);

3) фосфатты тыңайтқыштар өндірісі орталықтарында (Тараз) шығарады.

Металдардың химиялық қосылыстары кеңінен колданылады. Мысалы, хром қосылыстары флотация үшін реагенттер болып табылады. Одан басқа, олар тері илеуде, фотоматериалдар мен бояулар дайындауда қажет. Негізгі шикізат - хром кені.

Ақтөбедегі хром қосылыстары зауыты - Қазақстанда жалғыз. Фосфор - тыңайтқыш, сіріңке, азықтық қоспалар, дәрі жасау үшін қажет. Оны көп электр қуатын жұмсап, фосфориттен алады. Алынған фосфорды тыңайтқыш өндіруге қажетті фосфор қышқылынан өңдейді.

Полимерлер химиясының негізгі химиядан өзгешелігі - пластмасса, химиялық талшықтар, жасанды (синтетиқалық) каучук сияқты конструкциялық материалдар шығарады. Көп жағдайда олар дәстүрлік материалдардан да артық болғандықтан, олардың орнын алмастыра алады.

Қазақстанда бұл саланың «жоғарғы өндіріс қабаттары» көбірек дамыған, полимерлер алынатын жартылай фабрикаттар көп шығарылмайды. Сондықтан шикізат базасы мол болғанымен, полимерлік химия - кешенінін; әлсіз тұсы болып есептеледі.

Химия өнеркәсібі - экологиялық жағынан ең «лас» салалардың бірі. Онымен Шымкент, Тараз, Ақтау мен Теміртау, Павлодардағы ауаның, судың, топырақтың ластануы тікелей байланысты. Теміртаудағы Нұра өзені мен Павлодардағы жер асты суларының сынаппен ластануы орасан үлкен қауіпті әзірге жасырып тұр. Оны залалсыздандыру үшін күрделі де қымбат жұмыстар жүргізілуде.

2008-2011 жылдар арасындағы химиия өндірісі, 100 тонна

Минералды тыңайтқыштар

Целлюлоза және қағаз

Негізгі бейорганикалық химикаттар

Пластик пен резеңке

Лак-бояу жабындар

Тұрмыстық химия

Фармацевтика (және органикалық химия)

Химия өнеркәсібінің негізгі өндірушілері

Қазіргі таңда Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Шилісай кен орнында «ShilisaiChemicals» ЖШС қуаты 880 мың тонна МАФ/ДАФ өндіретін зауыт құрылысын бастау үшін жобалау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«Минералды-Химия Компаниясы «ЕуроХим» ААҚ-ы 2016 жылдан бастап, Көк-Жон (Аралтөбе мен Кесіктөбе аумағында) және Жамбыл облысы Гиммельфарбск фосфор кеніштеріне барлау жұмыстарын жүргізіп, жылына 5-6 миллион фосфорит кенін өндіру арқылы жалпы көлемі шамамен 1,4 млн. тонна МАФ/ДАФ, азотты және кешенді минералды тыңайтқыш өндіруді жоспарлап отыр.

«Ақтөбе хром қоспалары зауыты» АҚ алғашқылардың бірі болып натрия бихроматын шығаруды жүзеге асырды. Зауыттың негізгі өнімдері: техникалық натрий бихроматы, техникалық калий бихроматы, металлургиялық хром тотығы, хром ангидриді, негізгі хром сульфаты, дақты хром тотығы, құрғақ хром малмасы, күкіртті натрий, хром тұздары.

Қолданылған әдебиеттер:

1.Электронды ресурс. Сілтеме: https://primeminister.kz/kz/news/industrializatsiya/v-2012-godu-obem-eksporta-produktsii-himicheskoj-promyshlennosti-rk-sostavil-39-mlrd-dollarov-mint-

2.Электронды ресурс.Сілтеме: https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A5%D0%B8%D0%BC%D0%B8%D1%8F_%D3%A9%D0%BD%D0%B5%D1%80%D0%BA%D3%A9%D1%81%D1%96%D0%B1%D1%96%D0%BD%D1%96%D2%A3_%D1%81%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D1%80%D1%8B,_%D2%9B%D2%B1%D1%80%D1%8B%D0%BB%D1%8B%D1%81_%D0%BC%D0%B0%D1%82%D0%B5%D1%80%D0%B8%D0%B0%D0%BB%D0%B4%D0%B0%D1%80%D1%8B_%D0%B6%D3%99%D0%BD%D0%B5_%D0%BE%D1%80%D0%BC%D0%B0%D0%BD_%D1%88%D0%B0%D1%80%D1%83%D0%B0%D1%88%D1%8B%D0%BB%D1%8B%D2%93%D1%8B%D0%BD%D1%8B%D2%A3_%D0%BA%D0%B5%D1%88%D0%B5%D0%BD%D0%B4%D0%B5%D1%80%D1%96

3.Электронды ресурс.Сілтеме: http://www.kursiv.kz/news/kompanii/khimicheskaya_promyshlennost_rk_vzglyad_v_budushchee/

4.Электронды ресурс.Сілтеме: http://export.gov.kz/kz/page-416-himiya_onerkasibi

Назарларыңызға рахмет



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет