Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
«Химия» пәнінен 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмаларының үлгісі
Сілтілік металдардың периодтық кестедегі орнын көрсетіңіз.
1-топтың негізгі топшасы
1- период
2-топтың негізгі топшасы
2-период [1]
Кіші периодтарты көрсетіңіз.
1,2,3 периодтар
1,2 период
4,5,6 –периодтар
7-период [1]
Төмендегі заттарды табиғи қышқыл мен негізге (сілті) жіктеңіз.
алма
лимон шырыны
сабын
ас содасының ерітіндісі
Табиғи қышқыл
|
|
Негіз (сілті)
|
|
[2]
Заттардың әр түрлі ортадағы түстерін анықтаңыз.
Индикаторлар
|
Орта
|
Қышқылдағы түсі
|
Сілтідегі түсі
|
Әмбебап
|
|
|
Метилоранж
|
|
|
Фенолфталейн
|
|
|
[2]
Бос орынға сәйкес келетін сөзді қойыңыз.
Антацид дәрі-дәрмегін асқазандағы қыжылды басуға пайдаланады. Қыжыл асқазан сөлінің құрамындағы тұз қышқылының мөлшерінің артуынан туындайды. Осы антацидті
дәрілердің құрамында қышқылды
қосылыстар болады.
[1]
6 (a) Күкірт қышқылы«химия өнеркәсібінің наны» деп аталады. Оның формуласы H2SO4 .
Күкірт қышқылының салыстырмалы молекулалық массасын есептеңіз.
[1]
(b) Медицинада қолданылатын спирттің атауы этил спирті және оның формуласы C2H5OH.
Осы заттың салыстырмалы молекулалық массасын есептеңіз.
[1]
Табиғатта бордың екі тұрақты изотопы белгілі. Табиғатта бордың оныншы изотопының 20%-ы, ал он бірінші изотопының 80%-ы тараған. Бордың орташа салыстырмалы атомдық массасын есептеңіз. Жауабыңызды үтірден кейін жүздік санға дейінгі дәлдікпен көрсетіңіз.
[3]
Төменде келтірілген биэлементті (бинарлы) қосылыстардың формуласын құрастырыңыз.
Дифосфор пентаоксид
[1]
Валенттіліктері алюминий (III), күкірт (II) көрсететін болса қосылыстың формуласын жазыңыз.
[1]
Мыс пен оттектің массалық қатынастары 8:1. Қосылыстың формуласын есептеп шығарыңыз.
[1]
Суретте сутегін зертханада алу және жинау әдістерінің бірі көрсетілген.
Сутегін алуға қажетті реагенттерді анықтаңыз.
[1]
Сутегі газын жинау барысында оның қандай қасиетін негізге алынған?
[1]
Көмірқышқыл газын зертханада алу үшін карбонаттарды сұйытылған қышқылдармен әрекеттестіреді.
Көмірқышқыл газын қандай әдістермен жинауға болады? Бұл әдістер көмірқышқылының қандай қасиеттеріне негізделген?
[2]
Көмірқышқыл газын анықтауға болатын бір әдісті ұсыныңыз.
[1]
Достарыңызбен бөлісу: |