Химия пәнін оқытуда акт пайдаланудың тиімділігі Омарова Ләззат Екінші санаттағы химия және биология пәнінің мұғалімі М.Әуезов атындағы №251 орта мектебі «Қазіргі



Дата13.04.2017
өлшемі121,54 Kb.
#13720
Химия пәнін оқытуда АКТ пайдаланудың тиімділігі
Омарова Ләззат

Екінші санаттағы химия және биология пәнінің мұғалімі


М.Әуезов атындағы № 251 орта мектебі

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» 
Н.На
зарбаев
Жаңа технологиялар арқылы жас ұрпаққа сапалы білім мен ұлағатты тәрбие беру, өміріне жолдама алуына барлық жағдай жасау үшін білім беру ісін әлеуметтендірудің маңызы зор. Оқытудың жаңа ақпараттық- коммуникациялық технологияларын меңгеру – қазіргі заман талабы.

ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры.Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылыми – технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етеді.Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез-құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап етеді.

  Көптеген жаңа технологиялармен қатар соңғы кездері химия пәні сабақтарында ақпараттық технологиялар жиі қолданылуда. Заттардың құрамы мен құрылымын, қасиеттерінің құрылымына тәуелділігін, қасиеттері белгілі жаңа заттар мен материалдар алуды, химиялық өзгерістердіңзаңдылықтары мен оларды басқарудың жолдарын зерделеу- мектепте химия пәнін оқытудағы негізгі мәселелер. Заттар әлемін (олардың құрамын, құрылымын, бір заттың басқа затқа айналуын) зерделей отырып, оқушылар практикалық қызмет үшін тиянақты білім алуы тиіс. Осыған байланысты күнделікті сабаққа:

-мультимедия (видео, аудио қондырғылары мен теледидарды,электрондық оқулықтарды);

-зертханалық тәжірибелер;

-компьютер (компьютерлік бағдарламалар, интерактивті тақта);

-анықтамалық мәліметтер (сөздік, энциклопедия, карта, деректер қоры);

-интернет және т.б. көрнекі материалдарды пайдалану айтарлықтай нәтиже береді. Мұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдауға және алған мәліметтерді нақтылауға мүмкіндік береді. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын оятумұғалімнің сабақ өткізу тәсіліне де байланысты. Қазіргі таңда оқудың интерактивті әдіс-тәсілдері өте көп. Педагогикалық ғалым мен озық тәжірибенің бүгінгі даму деңгейінде белгілі болған оқыту әдіс-тәсілдерінің бәрін де еркін игеріп, әрбір нақтылы жағдайларға орай ең тиімдісін таңдап алу және олардың бірнешеуінің жиынтығын түрлендіре тиімді, үйлесімді әрі шығармашылықпен қолдану- сабақтың сәтті өтуінің кепілі.

Ақпараттық технология негіздері тұлғаның химия пәнінен алған білім сапасы мен сауаттылығын кеңейтуге жәрдемдеседі, мысалы: интернет сайты арқылы жоғары деңгейдегі көрнекіліктерді пайдалануға болады. Заман ағымына қарай сабаққа видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану оқушының дүниетанымын кеңейтеді. Әсіресе, оқулықтағы тарауларды қорытындылау кезінде оқушылар қосымша материалдар жинақтап, білімдерін кеңейтіп, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, қисынды ойлау жүйесін қалыптастырып,шығармашылығын дамытады. Тестік тапсырмалар орындайды. Компьютер көмегімен оқыту оң нәтижелер береді. Ақпараттық мәдениет дегеніміз- тек компьютермен дұрыс жұмыс істей білу ғана емес, кез-келген ақпарат көзін:

анықтамаларды, химиялық формулаларды, сөздіктерді, теледидар бағдарламаларын т.с.с. дұрыс пайдалана білу деген сөз. Мысалы, бір ғана химиялық формуланың өзінен көп ақпарат алуға болады. Химиялық формула-химиялық тілдің ең маңызды бөлігі болып есептелінеді, себебі солзаттың химиялық құрамын ажыратып береді.

Менің ойымша, сабақты сәтті ұйымдастырудың бірнеше алғышарттары бар. Олар:

- Сабақтың тақырыбына сай сабақ жоспарын жасау. Сабақ жоспары нақтылы жүзеге асатындай етіп жасалынуы қажет Дұрыс құрылмаған сабақ жоспары жақсы нәтиже бермейді.

- Тақырыпқа сай сабақ түрін, оның әдіс-тәсілдерін түрлендіріп отыру.

- Қосымша материалдарды тақырыпқа сай шығармашылықпен іріктеп ала білу.

- Дидактикалық, техникалық құралдарды, электрондық оқулықтарды мақсатқа сай, оқушы сезіміне әсер ететіндей тұрғыда пайдалану.

- Сабақта алдыңғы қатарлы озық іс-тәжірибелер мен жаңа технологияларды пайдалану. Бұл орайда инновациялық технологияларды пән бойынша қандай тарауға, қай тақырыпқа пайдалану тиімді болатынына зерттеу, салыстырып жүргізіп отыру қажет деп ойлаймын. Сонымен біргеоқушының бастапқы білім деңгейін, жаңа технологияны пайдалану барысында қаншалықты білім алып шыққанын, не үйренгенін айқындап, диагностикалап отыру да артық болмайды. Өйткені мұғалім тарапынан білімі мен іскерлігі тексерілмеген оқушылар біртіндеп үлгермеушілер қатарынақосылады. Бұл өз кезегінде сабақтың сәтті өтуіне зиянын тигізбей қоймайды. Ақпараттық технологиялардың бірі – интерактивтік тақта, мультимедиялық және он-лайн сабақтары. Оқыту үрдісін компьютерлендіру мақсатында интерактивті тақтамен жұмыс жасау тиімді. Қазіргі уақыттаҚазақстанның жалпы орта білім беретін мектептерінің барлығы дерлік интерактивті тақтамен қамтамасыз етілген. Тоқталып өтсем,өзімнің жұмыс жасайтын мектепте жаңа ақпараттық технологияларды қолдану кеңінен қарастырылған.Мектептің информатика кабинетінде интерактивті тақта орнатылған.Сондықтан бұл тақтамен әр сабақты қызықты өткізуді ойластырып,жоспарлаймын.

Тақтаны қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын, интеллектуалдық танымын, білім сапасын арттыруға болады. Өз басым интерактивті тақтаны әр сабақ барысында, соның ішінде химиядан

зертханалық сабақтарды өткізген кезде жиі қолданамын. Мысалы: Бейорганикалық химия пәнін оқытуда интерактивті тақтамен жұмыс жасауда оқушылардың қызығушылығын танытып қана қоймай, шығармашылық қабілеттерін дамыту мен қатар жаңа ақпараттық технологияны меңгеруге,оны пайдалана алуына мүмкіндік береміз. Сабақта интерактивті тақтаның элементтерін пайдалану, дайындалған арнайы тапсырмаларды тыңдап қана қоймай, көздерімен көріп, оны жетік түсінуге, дағдыланады. Интерактивті тақтаны пайдалану аркылы оқушылардың білімін тексеру үшін әр тарауды аяқтаған кезде немесе жаңа сабақты бекіткен уақытта тестілеу әдісін қолдануға болады. Оқушылардан бір уақытта жауап алуға мүмкіндік береді.

Тестілеудің нәтижелерін құрылған график арқылы тексеріп, сол уақытта бағалауға болады. Жауап нәтижелерін бақылап және оқушылардың материалды түсіну деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Интерактивті тақтаны пайдалану арқылы тестілеген кезде мұғалім оқушылардың білімдеңгейін анықтай алады. Оқушыға тест сұрақтарына жауап беруі үшін уақыт беріледі. Бұл жүйе тұйық оқушылардың ойын білдіріп, жалқау оқушылардың қызығушылығын арттырады. Оқушылар жауаптарын құпия түрде бере алады.

Ақпараттық технологияларды жүзеге асырудағы тағы бір мүмкіндігі – ол электронды оқулық. Электрондық оқулық - бұл дидактикалық әдіс - тәсілдер мен ақпараттық технологияны қолдануға негізделген түбегейлі жүйе. Электронды оқулықпен оқыту оқытушының оқушымен жеке жұмысістегендей болады. Электрондық оқулық тек қана оқушы үшін емес, мұғалімнің дидактикалық әдістемелік көмекші құралы да болып табылады.

Қазіргі заманның даму қарқыны мұғалімдерден шығармашылығын жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді. Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырады. Бүгінгі таңдағыақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі

жоғары болмақ. Жаңа ақпараттық техникаларын пайдалану соңғы уақытта

мектептегі білім беру жүйесінде маңызды бағыттардың бірі болып табылады.

Мультимедиялық технологиялар көбіне компьютерлік сыныптарда

қолданылады. Қазіргі уакытта сабақ материалына байланысты көптеген

компакт-дискілер бар. Мектептегі химия сабағын компьютердің көмегіне

сүйеніп өткізуге көп мүмкіндіктер жасалған. Жаңа материалды түсіндіруде

интерактивті компьютерлік графиканы пайдалануды көздейтін аппараттық-

бағдарламалық құралдарды пайдалануға болады. Компьютерлік графикалық

материал презентациялық монитор көмегімен көрсетіледі. Химия пәні

бойынша компьютерлік тестілеуді қолдану оқушылардың интеллектуалдық

танымын арттырады. Оқушылар бір тестілеуден жақсы нәтижеге жеткенше

бірнеше қайтара өтеді. Бұл тестілердің барлығы химия бойынша минимум

талаптарына сәйкес келеді. Келесі бір маңызды жағдай уақытты үнемдеу. Аз

уақыттың ішінде бағдарламаның көптеген киын сұрақтарын формулалар мен

эксперименттер көрсету арқылы түсіндіріліп, бекітіледі. Химия сабағында

жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып өз бетінше жұмыс істеу

факторы – есептерді шығара білу, шапшаңдылық, шеберлік дағдыларын

ұйымдастыра отырып, сабақтар өткізуді қолға алдым.

Осындай ақпарат құралдарын пайдалана отырып,  сабақ барысында

оқушылардың қабілетін, білім деңгейін, ынтасына қарай  топқа бөліп, өз

бетімен еңбектенуге, ізденуге баулып, қорытындысында оларды  машықтандыруға, оқушының ақыл-ойын дамытуға, өзіндік дүниетанымын қалыптастыруға,әр баланың сабаққа деген ынтасын арттырып, олардың тапсырманы орындау барысында  жіберілген қателер мен кемшіліктерді уақытында анықтап түзетуге мүмкіндік беріледі. Сабақтан  тыс уақытта оқушыларды қисынды ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту үшін оқушылардың шығармашылық ізденісін, тапқырлығын, зеректігін, ойлауға икемділігін, өмірге ғылыми көзқарасын дамытуға арналып, өткізілген сыныптан тыс жұмыстардың тақырыптарына тоқталсам: «Білгір химик», «Жүзден жүйрік», «Химия әлеміне саяхат»,  «Не? Қайда? Қашан?», «Химия және денсаулық» сияқты танымдық ойындары қолданамын. Алынған өзекті тақырыпты басшылыққа ала отыра және істелінген жұмыстарды қорытындылай келе өзін-өзі бағалай білетін, шығармашылық деңгейі жоғары жан-жақты тұлға қалыптастыра отырып,оқушының білім сапасын, алған білімдерін байқап көруге болады. Яғни,оқушы кұзырлығын дамытамын. Осындай тәжірибем арқылы оқушылардың білімін, дағдыларын, ойлау қабілеттерін, шығармашылық  ізденістері арқылы  оқушыларымнан мол  жетістіктерге жеттім. Мысалы: 8 сыныпқа  «Оттегі-химиялық элемент.Оттектің қасиеттері,алынуы,қолданылуы» тақырыбында өткен ашық сабағым «сатылай кешенді талдау» стратегиясын пайдаланғанда өте сәтті өткізілді.Сабақта тірек сөздер, инсерт кестесін қолданып, оттектің химиялық қасиеттерін видеоролик арқылы көрсеттім. Ақпарат құралдарын пайдалану кезінде деңгейлік тапсырмалар беріліп,оқушылардың  танымдық қызығушылығын  арттыру мақсатында 8 сыныпта өткізген  «Сутек. Қышқылдар.Тұздар» тақырыбындағы сабағым оқушыларды ынтымақ-бірлікке, тез ойлауға және теориялық білімдерін бір жүйеге келтіруге негізделген. 8  сыныпта «Су.Ерітінділер» тарауы бойынша    тақырыпты пысықтау, үй тапсырмасын тексеру кезінде пәнге қызығушылығын арттыру үшін сұрақ-жауап ретінде «Миға шабуыл», «Кім жылдам?», «Біліміңді байқап көр» ойын элементтерін қолданып, оқушылардың белсенділігін арттырдым. 9 сынып бойынша «Темір», «Алюминий және оның қосылыстары» тақырыбындағы сабағымда тірек сызба, семантикалық карта толтыру, эстафеталық сұрақтар арқылы,электрондық оқулықтарды пайдалана отырып, оқушылардың есте сақтау,ойлау қабілеттерін дамыттым. Есте сақтау қабілетін шыңдауға, ғылым ментехника жетістіктеріне, білімге деген қызығушылығын арттыруда сыныптан тыс шаралардың маңызы зор. Оқушылардың химиялық сауаттылығын арттыру, алған білімдерін тиянақты болуын қадағалау үшін сыныптан тыс жұмыстар жүргізіп, оқушыны қызықтыратындай химиялық ойындар  викторина шешу, кроссворд құрастыру, логикалық есептер шығарту арқылы ой-өрісін, пәнге қызығушылығын арттырып, пән аралық байланысты нығайту қажет.

Ұлы химиктердің өмірі мен кызметі жайында компакт-дискілерде кең

қамтылған. Рефераттар жазуда оқушылар атақты химиктердің өмірбаяны

жөнінде ақпарат құралдарынанан энциклопедиялық мәліметтер ала алады.

Сонымен қатар, оқушылармен сабақта «Химик анықтамалығы» журналына

шығатын СD-де ұсынылған слайд-презентацияларын үнемі пайдаланамын.

Журналға шығатын презентациялар кез- келген тақырып үшін таптырмайтын

құндылық және оқушылар кеңірек мәліметтер алады. Мысалы: «Күкірт және

оның қосылыстары», «Азот», «Атом құрылысы», «Хлордың қолданылуы»,

«Кремний», «Аммиак», «Күрделі эфирлер», «Көміртек», «Қышқылдар»,

«Негіздер», «Алюминий» тақырыптарына арналған сабақтарымда слайд

материалдарын кең қолдандым. Жалпы оқушылардың ақпараттық

технология негіздерінен алған білімі арқылы:

1. Оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, құлшынысы оянады.

2. Шығармашылық қабілеттері артады.

3. Жылдам ойлауға машықтанады, білім сапасы артады.

4.Оқушылар өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланды.

5. Экологиялық сауатты болуға үйренеді.

6.Тағамның химиялық құрамының зияндылығын іс-тәжірибелер

барысында анықтайды.

7. Химиялық технологияны меңгеруге ұмтылыс пайда болады.

Ақпараттық технологияның мұғалім жұмысына ең тиімдісі –

оқушылардың білім деңгейі анықталып, зерттеу жасалып, түзету

жұмыстарын жүргізуге пайдасы бар. Қазіргі заманның даму қарқыны

мұғалімдер шығармашылығын жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды

талап етеді. Сондықтан, ХХІ ғасыр – информатика ғасыры, яғни

ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы –

жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп, жан-жақты дамуына ықпал ету

мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді. Менің де

оқушыларым арнайы берілген үй тапсырмасын дискіге жазып жүреді.

Зертханалық жұмыстар жүргізген уақытта тағамдар құрамындағы зиянды

заттардың құрамына талдау жасадық Мысалы, жеңіл тұздалған селедка

балығын алып, оны ұзақ мерзімде сақтау үшін уротропин қоспасымен

өңдейтіні туралы ақпарат алдық. Ал сірке қышқылына қосылған уротропин

өте улы формальдегид қоспасына айналады. Бұл – адам ағзасы үшін өте

қауіпті зат. Ол көру, есту, дем алу мүшелеріне залал келтіріп, орталық жүйке

жүйесін де зақымдауы мүмкін. Сонымен қатар, картоптан жасалған фри мен

үй жағдайында пісірілген картопты бөлек ыдысқа салып сақтап, арада 45 күн

өткенде үйде пісірілген картоптың бұзылып, шіріп кеткенін, ал арнайы «Фаст

фуд» фирмасынан шыққан ыдыста дайындалған фри өзінің тауарлық түрін

жоймай сақтағанын көрдік.

Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан

оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды

жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде –

өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашады. Бүгінгі

таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін

қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы

заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі

жоғары деп есептейміз. «Армансыз адам қанатсыз құспен тең» демекші,

менің ұстаз ретінде де, еліміздің ұлтжанды азаматшасы ретінде де арманым

еліміздің әрбір азаматы терең білімді, интеллектуалды, заманауи

технологияларды еркін меңгере алатын, әрқайсысы еліміздің дамуына өз үлесін қосса деймін. Ол үшін оларға білім беретін ұстаздар өз пәнін

жетік меңгерген, теория мен практиканы оқушылар бойына сіңіре алатын

шығармашыл, ізденімпаз, ең бастысы еңбекқор болуы қажет. Менің

оқушыларымның арасынан осындай ұстаздар шықса онда менің еңбегімнің

жанғаны деп ойлаймын. Сондықтан, өз шәкірттеріме білімімді одан әрі

жетілдіре отырып, талантты да талапты оқушылар оқытып тәрбиелеу –

негізгі мақсатым болып  саналады.

 

Пайдаланған әдебиеттер:



  1. Ашық сабақтар сайты.

  2. Ustaz.kz сайты.

  3. 45- minut. Сайты.

  4. Ә.М.Нұрмағамбетова. Ақпараттық-коммуникативтік технологияны оқу үрдісінде пайдалану.// Педагогикалық альманах,№3-4,2010,-64-бет.

  5. А.Ғабитқызы. Кәсіби құзыреттілік және жаңа ақпараттық технологиялар.// Қазақстан мектебі, №11,2012,-5-бет.

  6. Б.Ибраимова.Ақпараттық технология -нәтижелі білім берудің көзі.// Қазақстан мектебі,№6,2012,-3- бет.

  7. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

  8. М.Ж.Жадрина. Жалпы білім берудегі жаңа үрдістер.// Открытая школа,№5,2004.

  9. Білім технологиялары -2010.-№ 2.

  10. Қазақстан мектебі -2009. -№7.

  11. Ашық сабақ факультативті сабақтар 2011.-№ 4.

Каталог: uploads -> doc -> 12e1
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
12e1 -> Ұлттық спорт ойындарының бір түрі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет