Байланысты: 260f67b3-a150-11e4-8a1d-f6d299da70eeучебно-методические материалы для БТ
3. Алу әдістері 3.1. а) изопропилсірке альдегидін; б) 2-метилбутаналь алу реакцияларының (спирттерді тотықтырып) теңдеулерін жазу керек.
3.2. Мына спирттерді а) изопропанолді; б) 3-метил-1-бутанолды; в) 3-метил-2-бутанолды дегидрлеп альдегидтер мен кетондар алу реакцияларының теңдеулерін жазу керек.
3.3. Мына дигалогентуындыларға а) 2-метил-1,1-дихлорбутанға; б) 2-метил-3,3-дихлорпентанға сілтінің судағы ерітіндісімен әсер етіп альдегидтер мен кетондар түзілу реакцияларының теңдеулерін жазу керек.
3.4. 1т сірке альдегидін Кучеров реакциясы арқылы алу үшін қанша көлем (қ.ж.) ацетилен қажет?