1.2 ХИМИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕРІ МЕН ЗАҢДАРЫ
Химиялық элемент – ядро зарядтары бірдей болатын атомдар түрі.
Атом - химиялық реакция кезінде бөлінбейтін элементтің ең кішкене бөлшегі, бірақ сол элементтің химиялық қасиеттерін көрсетеді.
Молекула – сол заттың химиялық қасиетін көрсететін заттың ең кішкене бөлшегі.
Жай заттар – құрамына тек бір элементтің атомдары ғана кіретін заттар.
Күрделі заттар – құрамына әртүрлі элементтер атомдары кіретін заттар.
Массаның атомдық бірлігі – 1/12 көміртегі -12 атомының массасы (12С),
яғни 1,6666 10-27 кг.
Элементтің салыстырмалы атомдық массасы ( Аr ) – өлшемсіз шама, элементтің табиғи изотоптар құрамының орташа атомдық массасының көміртегі-12 атомының 1/12 массасына қатынасына .
Жай және күрделі заттардың салыстырмалы молекулалық массасы (Мr ) - өлшемсіз шама, заттың табиғи изотоптары құрамының орташа массасының көміртегі – 12 атомының 1/12 массасына қатынасы.
Моль – заттың мөлшерінің бірлігі, көміртегі-12 атомының 0,012 кг массасындағы атомдар санына тең, яғни 6,02 1023.
Заттың эквиваленті - 1 моль сутегі атомдарымен (0,5 моль оттегі атомдарымен) қосыла алатын не сондай сутегі (оттегі) атомдарының мөлшерін химиялық реакцияларда ығыстырып шығара алатын мөлшері.
Достарыңызбен бөлісу: |