Эквивалент масса – заттың 1 эквивалентінің массасы.
Авогадро тұрақтысы NA - кез келген жүйенің (N) бөлшектер санының жүйе заттарының мөлшеріне қатынасы n: N/n = NA моль-1 = 6,021023 моль-1.
Осыдан : 1. әртүрлі газдардың бірдей жағдайда (t, p) бірдей көлемдеріндегі молекулаларының саны бірдей болады;
2. қалыпты жағдайда (қ.ж.) газдардың молярлық көлемі 22,4 л/моль болады. Олай болса, 1моль газдың қ.ж. көлемі 22,4л.
Эквивалент көлем – заттың 1 эквиваленті алатын көлем. Сутегінің эквиваленті 1 моль , оттегінің эквиваленті 0,5моль болғандықтан сәйкесінше эквивалент көлемдері 11,2 л/моль және 5,6 л/моль болады.
Химияның негізгі заңдар: масса сақталу заңы; энергия сақталу заңы; құрам тұрақтылық заңы; еселік және көлемдік қатынастар заңдары; Авогадро заңы, эквиваленттер заңы.
Масса сақталу заңы – химиялық реакцияға түскен заттардың массасы реакция нәтижесінде түзілген заттар массасына тең. Масса мен энергия байланысын көрсететін А.Эйнштейн формуласын (Е = mc2) қолданып, масса және энергия сақталу заңын былай оқиды: оқшауланған жүйеде химиялық реакцияға дейінгі заттар массаларының қосындысы және энергиялар қосындысы реакциядан кейінгі заттар массаларының қосындысы және энергиялар қосындысына тең болады. Мұндағы Е энергия, m – зат массасы, с – вакуумдағы жарық жылдамдығы, 300000км/с. с2 мәні өте үлкен болғандықтан, масса өзгерісін өлшеу мүмкін болмағандықтан, масса сақталу заңында ешқандай бұзылушылық жоқ сияқты.
Авогадро заңы – бірдей температурада және шексіз аз қысымдарда газдардың бірдей көлемдерінде молекулалар саны бірдей болады.
Эквиваленттер заңы - әрекеттесетін заттардың массасы олардың эквивалент массаларына пропорционал.
Элементтердің атомдық массасын – П.Дюлонг және А.Пти ережесін қолданып анықтау: жай заттардың қатты күйдегі атомдық массаларының меншікті жылу сыйымдылығына көбейтіндісі шамамен 26 Дж/моль∙К тең.
Бұл заңдар стехиометриялық заңдар деп аталады, себебі олар барлық заттардың массалары мен көлемдерін есептеуге қолданылады.
Мысал 1. Мына қосылыстардағы HCI, H2S, NH3, CO, CO2 элементтердің эквивалентін , эквивалент массаларын және эквивалент көлемдерін анықтау қажет болса, заттың эквивалент және эквивалент массалары анықтамасы бойынша хлордың, күкірттің, азоттың, көміртектің эквиваленті сәйкесінше
1 моль, ½ моль, 1/3 моль, ½ моль , ¼ моль және эквивалент массалары
35,5 г/моль, 16г/моль, 4,67 г/моль, 6 моль, 4 моль болады .
Элементтің эквивалентін және эквивалент массасын анықтау үшін олардың сутектік және оттектік қосылыстарына ғана қарамайды, қосылыстағы эквиваленті және эквивалент массасы белгілі басқа заттар арқылы да анықтайды.
Мысал 2. 5,6г темір күкіртпен 8,8г темір сульфидін түзсе, темірдің эквиваленті және эквивалент массасы қанша болатынын есептеу керек, егер күкірттің эквивалент массасы 16г/моль екені белгілі болса. Есептің шарты бойынша 5,6г темірге 8,8 – 5,6 = 3,2г күкірт келіп тұр. Эквиваленттер заңы бойынша 5,6г темір ------- 3,2г күкіртке эквивалентті Мэ г/моль ------- 16 г/моль
Осыдан, Мэ(Fe) = 28г/моль. Темірдің эквивалент массасы оның атомдық массасынан екі есе кіші болғандықтан, 1 моль темірде 2 эквивалент бар, сондықтан темірдің эквиваленті ½ моль болады.
Күрделі заттардың эквивалент массасын эквивалент заңына сүйеніп мына формулалармен анықтайды:
Достарыңызбен бөлісу: |