Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Комплексондардың формулалары, құрылысы, металл-иондарымен реакциялары, комплекстердің құрылысы;
Әрекеттесетін қосылыстардың эквиваленттік факторы және эквиваленттің молярлы массасы;
Металлохромды индикаторлар;
Комплексонометриялық титрлеуде рН әсері;
Комплексонометриялық тәсілдер: тура, кері, орынбасу т.б.
Комплексонометриялық тәсілдің мүмкіншілігі.
БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫНА (БӨЖ) ЖӘНЕ ОҚЫТУШЫ БАСШЫЛЫҒЫМЕН ОРЫНДАЙТЫН БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫНА (БОӨЖ) АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
Комплексонометриялық титрлеу үшін қандай комплексондар қолданылады? Комплексондар деген не?
ЭДТУ және ЭДТА формулаларын жазындар, олар қалай диссоциацияланады? Барлық Кд көрсетіндер.
Ерітіндінің рН байланысты олар қандай иондалған күйде болады?
ЭДТА металдар иондарымен қандай комплекс қосылыстар береді? Комплекс қосылыстардың тұрақтылық константалары деген не?
Комплекс қосылыстардың тұрақтылығына ортаның рН-ы қалай әсер етеді?
Буфер ерітінділерді не үшін қосады?
Комплексонометриялық титрлеуге қандай металиндикаторлар қолданылады? Индикаторларды қалай таңдайды?
Титрлеу процесі индикатор қатысында қалай жүреді? Индикаторлық қатені қалай есептейді?
Судың кермектігі деген не? Кермектіктің қанша түрі бар? Су кермектігін қалай жоюға болады?
Егер 20,00мл суды титрлеу үшін 2,30мл 0,1н ЭДТА жұмсалған болса, судың кермектігі(градуспен көрсету керек) қанша болады? Жауабы: 30,690.
11.5см3 сүтте кальций мөлшерін табу үшін 0,05моль/л комплексон ерітіндісінің 0,62см3 көлемі кетсе, сүтте қанша (масс.%) кальций бар?
12. 5см3 сүтте магний мөлшерін анықтау үшін (V2 - V1) = 0,88 см3 0,05 моль/л комплексон III көлемі кетсе, сүтте қанша (масс.%) магний бар?
13. Егер 3,1281г мырышты 1 литрлік колбада ерітіп, оның 25,00см3 көлеміне 23,80см3 ЭДТА ерітіндісі кетсе, ЭДТА молярлы концентрациясы нешеге тең? Жауабы: 0,05М.
14.Көлемі 50см3 суды титрлеу үшін 15см3 0,0480н трилон Б ерітіндісі жұмсалған. Судың жалпы кермектігі нешеге тең? Жауабы: 14,4мэкв/л.
15.Егер 25,00мл суды титрлеу үшін 2,20мл 0,05н ЭДТА жұмсалған болса, судың кермектігі (градуспен көрсету керек) қанша болады? Жауабы:11,8. Кермектіктің мэкв/л өлшем бірлігімен алынған мәнін 2,8-ге көбейту арқылы кермектікті градуспен көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |