Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар



бет1/401
Дата07.02.2022
өлшемі5,02 Mb.
#88596
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   401
Байланысты:
260f67b3-a150-11e4-8a1d-f6d299da70eeучебно-методические материалы для БТ





ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Семей қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПӘОК

ПӘОК 042-18-10.1.69/03 - 2014



ХИМИЯ пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар

11.09.2014ж. №2 басылым

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ХИМИЯ
5В070100 - БИОТЕХНОЛОГИЯ

мамандығы үшін


ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
(БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ, АНАЛИТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯ КУРСТАРЫ)

Семей
2014


1 ӘЗІРЛЕНГЕН


Құрастырушы « 29 » 08 2014 ж.


К.К.Кабдулкаримова, х.ғ.к. доцент, «Химия» кафедрасы

2 ТАЛҚЫЛАНДЫ


2.1 «Химия» кафедрасы отырысында « 29 » 08 2014 ж., №1 хаттама

Кафедра меңгерушісі Мұсабаева Б.Х.


2.2 Инженерлік-технологиялық факультетінің оқу-әдістемелік бюросы отырысында


« 05 » 09 2014 ж., № 1 хаттама

Төрайымы Төлеубекова С.С.


3 БЕКІТІЛДІ
Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында басып шығаруға мақұлдаған және ұсынылған
« 11 » 09 2014 ж., № 1 хаттама

ОӘК төрайымы Г.К.Искакова


4 18.09.2013 жылғы №1 басылым орнына енгізілген



МАЗМҰНЫ



  1. Глоссарий

  2. Дәрістер

  3. Практикалық және зертханалық сабақтар

  4. Білім алушының өздік жұмыстары




  1. Глоссарий




  1. Авогадро тұрақтысы NA - кез келген жүйенің (N) бөлшектер санының жүйе заттарының мөлшеріне қатынасы n: N/n = NA моль-1 = 6,021023 моль-1.

  2. Адиабатты процесс – сыртқы ортамен алмасу процесі жүрмейтін процесс.

  3. Атомдық (электрондык) орбиталь (АО) - квант сандарының белгілі мәндеріне сәйкес келетін электрон күйі.

  4. Гетерогенді жүйелер – бөліктің айырым бетімен бөлінетін заттар жиынтығы.Мысалы, СаСО3(қ) және СО2(г).

  5. Гомогенді жүйе – бөліктің айырым беті болмайтын зат немесе заттар жиынтығы (ерітінділер, газдар қоспасы, ыдыстағы газ, мұз не металл кесегі,т.б.).

  6. Жүйе – зерттеу үшін, кеңістіктен және қоршаған ортадан жекелей алынған бөлщек.

  7. Заттың эквиваленті - 1 моль сутегі атомдарымен (0,5 моль оттегі атомдарымен) қосыла алатын не сондай сутегі (оттегі) атомдарының мөлшерін химиялық реакцияларда ығыстырып шығара алатын мөлшері.

  8. Иондану энергиясы: атомнан электронды жұлып алу үшін жұмсалатын энергия, эВ. (1 эВ = 96,48 кДж/моль). Келесі электронды жұлып алуға көбірек энергия қажет,себебі оң зарядтың мәні артады: І1  І2  І3

  9. Изотонды коэффициент – іс жүзіндегі қысым, қайнау, қату температураларының өзгеруі, олардың теориялық мәндерінен қанша есе артық екенін көрсетеді.

  10. Ішкі энергия – жүйенің толық энергиясы, яғни жүйені құрған бөлшектердің зат мөлшерінің толық энергиясы.

  11. Моль – заттың мөлшерінің бірлігі, көміртегі-12 атомының 0,012кг массасындағы атомдар санына тең, яғни 6,021023 .

  12. Парциалды қысым - газдар қоспасының жалпы қысымының сол газға келетін үлесі.

  13. Фаза – бірдей физикалық, химиялық қасиеттері бар және жүйенің басқа бөлімдерінен бөліп алынған біркелкі беттік қабаттан тұратын бөлік.

  14. Химиялық кинетика – химиялық реакцияның жылдамдығы мен механизмі туралы ілім.

  15. Эквивалент масса – заттың 1 эквивалентінің массасы.

  16. Электрондық аналогтар - элементтердің валенттілік электрондары элементтерге қатысты жалпы формуламен сипатталатындай болып орбиталдарға орналасады.

  17. Электртерістік (ЭТ) – элемент атомының химиялық қосылыста басқа элементтің электрондық тығыздығын өзіне ығыстыра алатын қабілеттілігін көрсететін мән.

  18. Электрон қосылғыштық энергиясы: Бос атомға электрон қосылуы үшін қажет энергия, эВ. Оның мәні оң да, теріс те (теріс мән асыл газдар мен кей элементтерде) болады. Электрон қосылғыштық энергиясы ең көп галогендер мен оттегі.

19. Энтальпия – қысым тұрақты болған жағдайдағы (изобаралық процесс кезіндегі) жылу эффектісі
20. Энтропия – бөлшектің қозғалысын сипаттайтын заттың қасиеті, ретсіздік дәрежесі.


МОДУЛЬ 1. Атом-молекулалық ілім
Дәрістер № 1-3
1.1 Химия ғылымы дамуының қысқаша тарихы
1.2 Химияның негізгі түсініктері мен заңдары
1.3 Газдардың негізгі заңдары


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет