Практикалық сабақта және білім алушының оқытушы басшылығымен орындайтын (БОӨЖ) есептер мен жаттығулар
1.Массасы 0,8062г металл оксидінен 0,4864г металл алынған болса, оның эквивалентінің молярлық массасы нешеге тең. Жауабы 12,16г/моль.
2.Массасы 0,3200г мыстан 0,6770г мыс хлориді түзілген болса, мыс эквивалентінің молярлық массасын және мыстың тотығу дәрежесін анықтау керек. Мэ (СІ) = 35,5г/моль. Жауабы 31,78г/моль, 2.
3.Егер массасы 0,1108г мырыш қышқылдан 38,08мл (қ.ж.) сутегін ығыстыратын болса, оның эквивалентінің молярлық массасы қанша?
Жауабы 32,6г/моль .
4.Көміртегінің сутегімен бинарлы қосылысында көміртегінің массалық үлесі 75% болса, оның эквивалентінің молярлық массасы және валентілігі қанша болады? Жауабы 3г/моль, ІІІ.
5.Темір(ІІІ) эквивалентінің молярлы массасы қанша болады, егер оның салыстырмалы атомдық массасы 55,8 болса . Жауабы 18,6г/моль.
6.Егер металдың бірдей мөлшері 0,20г оттегімен және 3,17г галогенмен әрекеттесетін болса, галоген эквивалентінің молярлы массасы нешеге тең болады? Жауабы 127г/моль.
7.Егер металл 3,24г оксид 3,48г және 3,72г сульфид түзетін болса, металл және күкірт эквивалентінің молярлы массасы қанша болады?
Жауабы 108г/моль, 16г/моль.
8.Егер қ.ж. 8,34г екі валентті металды 0,68 л оттегі тотықтыратын болса, металдың атомдық массасы қанша болады? Жауабы 137,4г/моль, Ва.
9.Егер 1,00г металл 8,89г броммен және 1,78г күкіртпен әрекеттесетін болса, күкірттің эквивалентінің молярлық массасы 16,0г/моль , сонда металл мен бромның эквивалентінің массасы қанша болады?
Жауабы 9,0г/моль; 79,9г/моль.
10.16,8г металды еріту үшін 14,7г күкірт қышқылы қажет болса, металл эквивалентінің молярлық массасын және бөлінген сутегі көлемін анықтау керек. Жауабы 56г/моль, 3,36л.
11.1,80г металл оксидін тотықсыздандыру үшін 883 мл қ.ж. сутегі жұмсалатын болса, оксидтің және металдың эквивалентінің молярлық массасын анықтау керек. Жауабы 24,2г/моль, 16,2г/моль.
12.2,45г қышқылды бейтараптау үшін 2,00г натрий гидроксиді жұмсалса, қышқылдың эквиваленттінің молярлық массасы қанша болады?
Жауабы 49,0г/моль.
13.0,376г алюминий қышқылмен әрекеттескенде 0,468 л сутегін ығыстырады (қ.ж.). Егер алюминий эквивалентінің молярлы массасы 9г/моль болса, бөленген сутегінің эквивалент көлемі қанша болады?
Жауабы 11,2 л/моль.
14.Егер ион алмасу реакциясы мына теңдеулер бойынша жүрсе: Fe2(SO4)3+2NaOH=2FeOHSO4+2H2O KAI(SO4)2+4KOH =KAIO2 + 2 K2 SO4 + 2 H2O;
Cu(0H)CI + H2S = CuS + HCI + H2O
KHSO4 + BaCI2 = BaSO4 + KCI + HCI қосылыстар эквивалентердің молярлы массалары нешеге тең?
15.Мына реакциялардағы күкірт қышқылы эквивалентінің молярлық массасын анықтау керек: Zn+H2SO4сұйыт. = ZnSO4 + H2 2HBr + H2SO4 конц. = Br2 + SO2 + 2H2O 8HI + H2SO4 конц. = 2I2 + H2S + 4H2O
16.Қышқыл ортада 1 моль а) K2Cr2O7 ; б) KMnO4 тотықсыздануы үшін неше эквивалент КІ қажет?
17.10% (массасы бойынша) КІО3 ( = 1,052 г/мл) ерітіндісінің нормальды концентрациясы қанша болады, егер ол бос йодқа дейін тотықсызданатын болса?
18.Егер элемент 8,87% сутегісі бар гидрид түзсе, элементтің эквивалентінің молярлы массасы қанша болады? Жауабы 0,35г/моль.
19.Егер элемент 31,58% оттегісі бар оксид түзсе, элементтің эквивалентінің молярлы массасы қанша болады? Жауабы 17,3г/моль.
20.Элементтің эквивалентінің молярлы массасы 24,99г/моль болса, а) осы элементтің гидридінде неше процент сутегі бар екенін; б)массасы 4,95г оксидін тотықсыздандыру үшін қанша грамм сутегі қажет екенін есептеу керек.
Жауабы а.3,88%; б.0,1512г.
Мына заттардың 1г NH3 пен 1г N2 қайсысында молекула саны көп?
21.Күкірт диоксидінің бір молекуласының массасы неше грамм? Жауабы 1,0610-22 г.
22.1,00 мл сутегіде қ.ж. неше молекула болады? Жауабы: 2,691019.
23.271021 газдар молекуласы қ.ж. қандай көлем алады? Жауабы 1 л.
24.Кез келген газдың 1 м3 қ.ж. неше моль болады? Жауабы 44,6 моль.
25.1,5 кг мырыш тұз қышқылында ерігенде (17С және 102,4 кПа )қандай көлем сутегі бөлінеді? Жауабы 0,54 м3 .
26.2,5г металл карбонаты азот қышқылымен әрекеттескенде 4,1г осы металдың нитраты түзілген.Металдың молярлық массасының эквивалентін есептеу керек. Жауабы 20г/моль.
27.Элементтің түзілген газтәріздес қосылыстарының сутегі бойынша тығыздықтары 8, 15, 22, 29. Элементтің осы қосылыстардағы массалық үлестері сәйкесінше 75,0; 80,0; 81,81; 82,76%. Элементтің атын айтып, салыстырмалы атомдық массасын анықтау керек.
28.Қ.ж. 0,25л газ массасы 0,1898г. Газдың салыстырмалы молекулалық массасын және осы газдың бір молекуласының орташа массасын анықтау керек. Жауабы 17; 2,810-23 г.
29.1,3г металл гидроксидінен 2,85г оның сульфаты түзілген. Металдың молярлық массасының эквивалентін есептеу керек. Жауабы: 9,0г/моль.
30.2,7г металл оксидінен 6,3г оның нитраты түзілген. Металдың молярлық массасының эквивалентін есептеу керек. Жауабы 32,5г/моль.
31.Эквивалентінің молярлы массасы 29,65г/моль, меншікті жылу сыйымдылығы с = 0,218 Дж/мольК болса, металдың атомының молярлық массасын анықтау керек. Жауабы 118,6.
32.40г металл қышқылдан 180С және 1,013105 Па қысымда 14,6л сутегіні ығыстыратын болса және оның меншікті жылу сыйымдылығы с = 0,39 Дж/мольК болса, оның атомының молярлық массасы қанша болады?
Жауабы 65,4г/моль.
Достарыңызбен бөлісу: |